Сафари

Әлемге саяхат /
басы
Дубайдағы демалысымның екінші күні кинодағыдай болды. Қонақүйден Башар есімді Иордандық жігіт келіп алып кетті. Қаладан шамамен 120 км қашықтықта орналасқан демалыс орнына келіп түстік. Демалыс орнында барлық сафаришілер жиналып бірге құмға аттанады екен. Бас-аяғымыз жиналып джиптерімізге отырып құмға кеттік.
10-20 минуттан соң құмның (қыр) үстіне келіп бәріміз аялдадық. Өзім сияқты туристтер машинадан түсе сала жүректерін ұстап аман жеткендеріне қуануда. Шынымды айтсам, бүйткен сафариі құрысын, үйде (Қазақстанымда) тыныш жатқаным жақсы еді деп түстім.
Сол қырдың үстінде армансыз суретке түстік, тақтайшамен ылдиға сырғанадық, өрістен қайтқан түйелерді сыртынан бақыладық. Күн ұясына бата бастағанда түйелердің қорасының маңына келіп аялдадық. Өрістен келген түйелер ботақандарымен қауышып, ботақандары ойнақтап жатты. Гид-ағай Ибрагимнің айтуы бойынша күннің ұясына батқанын бақылап, күнді алақанымызға салып суретке түстік, жаңа сауылған түйенің сүтін іштік.
Күн ұясына батқан соң, құмның ортасында орналасқан лагерьге келдік. Лагерьдің сыртында сәнденіп алған 2-3 түйе жүр, мініп суретке түсуге болады екен. Лагерьде туристтер саны 200-ден асып жығылады, қызмет көрсетушілер де аз емес екен. Лагеріміздің қақ ортасында тапшан (сөкі, сәкі) секілді етіп жасалған биге арналған алаң бар. Би алаңын айнала жер (шай) столдар орналасқан, столды жағалай туристтер жантая жайғасқан. Лагерьдің ішінде абыр-сабыр адамдар, сауда саттық дүкендерінде майда-шүйде сувенирлер сатып алуда. Кальянға арналған жайда көп кісілер бұрқыратып отыр кайф алып жантайып жатыр. Көпшілік бір сұлудың орындауындағы араб биін тамашалауда, бикештің биінен соң Махмуд есімді Мысырлық жігіт тамаша би көрсетті. Тамағым қарлыққанша Махмуууд-Махмуууууууд деп айғайлай беріппін. Сіз де болсаңыз Махмудтың жарқыраған юбкасын көргенде шыңғырар едіңіз, ал юбканы айналдырғанда тіптен жаңа жылдық шырша көргендей (гирляндасы бар) қуанар едіңіз!!! Ааа, сосын білегіме әдемі білезік салдырдым хнамен.

Сафари (+тамақ, сурет салғызу, кальян, алкагольсіз сусындар, шоу көру) – 65$

9 пікір

zilola
Махмуд деген еркек )))
m170785
апаммен ойнама, тойыст прикалываца етпе, ашуы жаман )))
Bagashar
Қаншама ақшаңыз кетіпті. сол ақшамен қажылыққа барса ғой…
zilola
бұйыртса барамыз
balgalym
ақша тап
деген ілмегіңіз күлдірді :)))
alisher1
саяхатыныз тамаша екен ғой! Маған сендердің сафариге барғаңыныз өте қызықты болып көорінеді,қызығымен айтып әркім адам жаза алмайды. Астана мен Алматы осы Дубаи сияқты 30 жылда құрып екен ғой деп ойлаймын. Бұйртса әке шешемен бірге осы Дубаи қаласына үшінші рет барамыз.
znurashev
Мен де сафариге келгісім келеді
koznhik2
сіздің саяхатыңыз өте қызықты болды.маған өте ұнады қалай сендер махмуууууд деп айғаладыңыз.Бұйртса мен де сафариға барамын.
khaknazar
маған осы саяхаттарыңызда түйені бақылағандарыңыз ұнады, мен сафариға барғым келеді
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.