"Ө"-ге оралу

Әлемге саяхат /
Осы жолғы демалысымның 3 күнін қиып Өзбекстанға барып қайттым.
Әкем екеуіміз 16 сәуір таңертең Шымкент қаласынан Жібек Жолы өту бекетіне (таксимен 1000 теңге) келдік. Шекарадан өтпей тұрып, ақшамызды айырбастадық (айырбастау бөліміндегілерден аздап консультация алып, бар жоғы 40 мың теңгені 19,2 курсымен 768 мың сумға айналдырдық). Қазақстаннан шығарда декларация толтырмадық, ал Өзбекстанға кірерде міндетті шара екен. Сонымен қалтамдағы теңгені (61200 теңге) менің атыма жазып, сумды әкеме жаздық. Бір үлкен қателік, декларацияны бір ғана экземпляр жазыппыз, шығарда ақшамды тастап кете жаздадым өзбектерге. Декларацияда: қалтафон, бағалы заттың барлығы (қолыңдағы алтын жүзік), қолсөмке, жолсөмке бәрі көрсетіледі екен. Өзбектсанға кіре сала әкем екеуіміз такси тауып алып Ташкентке тарттық (салон 26 мың өзбек сумы). Ташкентке келген соң Самарқанға таксиге отырдық (50 мың өзбек сумы).
Ташкент пен Самарқанның арасы 400 шақырымдай екен. Көлігіміз 3 жерден тоқтап газ құйып алды. Таксистіміз «Камила» деген қонақ үйге әкеліп тастады. Ол жерде бос орын болмаған соң, қасында орналасқан кішкене филиалына апарды. (Қонақ үй 2 күнге әкем екеуімізге 168 мың сум болды).
Қонақ үйде заттарымызды тастап, түстенуге әрі қаланы аралауға шықтық. Бибі Ханым мешітінен бастап, сол маңда орналасқан барлық архитектуралық ескерткіштің барлығы болмаса да, өзім көргім келенін аралап шықтық. Ұлықбектің обсерваториясына да барып қайттық.
Екінші күні Регистанды шарладық, барлық ескерткіштерге кіру ақылы екен (бағасы 300-600 сум аралығында). Фото, видео түсіруге тыйым жоқ екен. Бірақ шекарадан өткенде ақтарып ығырды шығармасын деп, ештеңе де алмағанмын. Сол жердің фотографтарының қызметіне жүгіндік (суреттер бағасы 1000-2000 сум).
Өзбектсанға кіріп, шыққаныма, жалпы қыдырып, үйдегілерге базарлық алғаныма кеткен ақша 32 мың теңге болды (әкем екеуімізге кеткен ақша).
Сонымен жарнамаға келсем, «Камила» деген қонақ үй, «Лобигор» деген асхананы ерекше рекомендеймін. Суреттерді facebook.com-дағы жеке бетшемнен көре аласыздар.
Сұрақтар болса, жауап беруге дайынмын.
Айтпақшы, тақырып неге "Ө"-ге оралу, өйткені осыдан 20 жылдай бұрын болғанмын Өзбектсанда бірақ басқа қалаларында :)

8 пікір

Korkem
Өте тамаша жазылыпты))) қызық екен. facebook.com.дағы жеке бетіңіздің ссылкасын қалдырсаңыз??? көргім келеді
zilola
Шайхистамова Мақпал деп іздеп, достарыңа қосып ал мені ))
m170785
менім апам )) ғой
qyrmyzy
Апау, кучт қыдырыпсыздар ғой, 32мың теңге, ұжыс күшті ғҮә! Атырауға аман-есен жеткеніңіз бе? Өзіңізбен дидарласу жазбапты енд, кечроооооң
zilola
Атырау асып, Теңізде жүрмін жанееем.
Бұйыртса, маусым айында кездесіп қалармыз, Алматы немесе Шымқалада.
qyrmyzy
ИНШ! Маусымда Алматыда болатын шығармын, диплом қорғаймын. Күтем!
akil_kalta01
Жақсы жазылған екен! Бірақ айтқанымды айып көрмеңіз ол жақтың валютасы «СУМ». Қырғыздардікі «СОМ»
zilola
ешқандайда обида жоқ, осылай түзеп отырыңдар қате көрсеңдер.
АРБ!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.