#КазАтомПром блогтуры, бірінші күн

Әлемге саяхат /
27 маусымнан бастап 1 шілдеге дейін Алматылық және Астаналалық блогшылар қосылып КазАтомПромның ұйымдасьтырған блогтурда жүрдік. Бұл блогтурдың мақсаты КазАтомПромның Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандарын аралап ғаламтор қауымдастығына ашық көрсету еді. Құрамымыз BNews порталының журналисі, VoxPopuli фотографы және қалғандары тәуелсіз блогшылар болды.

Жалпы, бұл ҚазАтомПром ұйымдастырған тұңғыш блогтур және бұл ұлттық компания «онша ашық» емес екендігін ескерсек, блогтур ғаламтор оқырмандаранының назарын өзіне аударғаны сөзсіз. Шымкент қаласына ұшақпен жеткенде барлығымыз саспай туиттерге жазып, суреттер лақтарып жүрдік. Кешкетаман Шымкент қаласынан Таукент ауылына жол жүргенде ұялы байланыспен бірінші проблемалар батсалды. Сол басталғаннан блогтур аяқталғанша туиттерге дұрыстап жаза алмадық. Кешкісін отельге келгенде жазайын деп көресің, бірақ туиттерге тікелей жазбаған соң ол басқа болады екен. Сонымен ешқандай проблемаларға қарамастан біз жолға шығып кеттік.

Бірінші барар жер Таукент ауылында ҚазАтомПром көмегімен тұрғызылған балабақша мен дәрігерлік-санитарлық бөлім. «Бала бақша?! Уран зауыты қайда?!» — деген сұрақты салып қалдым. Шынын айту керек, ҚазАтомПром блогтурына барып балабақша аралап жүрем деп ойламадым. Ұйымдастырушылар кішкене шыдамдылық танытуымды сұрады, алдамызда әлі үш күн бар, бізді заводтардың неше түрі күтіп тұрған айтып.

Балабақшның ҚазАтомПромға не қатысы бар?
Әлеуметтік сала Қазатомпромның басым бағыттарының бірі болып табылғандықтан 2004 жылы «Қазатомпром-Демеу» әлеуметтік компаниясы құрылыпты.

Өзінің сегіз жылдық қысқа тарихында «Қазатомпром-Демеу» Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында оннан астам елді мекенінде миллиардтаған теңгеге әлеуметтік жобаларды жүзеге асырған. Жобалар дегенде үлкен автомобиль көпірі, 500 шақырымдық автомобиль жолы салынып, 40 шақырымдық темір жол төселді; елді мекендердің жолдары қалпына келтірілді; бірнеше дәрігерлік-санитарлық бөлімдер мен фельдшерлік-акушерлік пункттер салынып, заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталды; арнайы дизайн-жобалар жасау жолымен жалпы саны бес балабақша жаңадан салыныпты. Осылайша блогтурда әлеуметтік насаналарсыз болмас еді. Бұл постта «Қазатомпром-Демеу» тұрғызған балабақшалардың екеуімен таныстырам. Сонымен, «Таукент гүлдері» балабақшасына қош келдіңіздер!



Балабақшада компьютерлік класс бар екен.


Ән-күй бөлмесі


Балалардың өздері жасаған жануарлары.



Ермексазбен көп ойнайтын сияқты ма?)


Кесіп алған ағаш түптерінен қуыршақтар жасап қойыпты.
Балабақша тәрбиешілерінің тапқырлығына сөз жоқ, сөзімнің дәлелі ретінде ендігі сурет :)


Біз балабақшаны аралап жүргенде балалар барын салып ойнап жүрді.


Кішкентай баскетболшыларға арналған баскетбол алаңы.



Осындай кішкене ауылда «Таукент гүлдері» сынды балабақшаның болуы өте керемет.
Мен қойшының баласы кішкентайымда балабақшаны көрмедім, бірақ мына бақша маған ұнады. Қазіргі таңда інілеріммен қарындастарым барып жүрген Алматылық бақшалардан кем емес.


Бақшадан шығып Таукент ауылындағы дәрігерлік-санитарлық бөлімшеге ат басын бұрдық. Жалғасы бар.

7 пікір

yerbol89
Рахмет! Жалғасын асыға күтеміз!
AKA
Жақсы бастама екен.
qyrmyzy
зауыт қызық боп тұр ше… Күшті қыжырып қайтқан сияқтысыңдар ғой:) 3 күн деген болмаушы еді…
Ия, зауыт өте қызық; бірақ ҚазАтомПром тұрғызған әлеуметтік нысаналар туралы айту дұрыс сияқты; сосын, зауытты кеш көрдік, блогтурдың күндерінде шатасып кетпесін деген тағы бар)
Шыда енді, сабыр түбі сары алтын)))
qyrmyzy
вахаха, шыдамаймын деп па
Arhun
Жарайсыз, Шебер!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.