Бату тауы. Будда ғибадатханасындағы мерекеден көрсетілім

Әлемге саяхат /
Кеше Айтабер! сайтының Малайзиядағы бірнеше қолданушыларымен қала аралап қайтық. Бату тауына жай қыдырып маймылдарды көріп қайтамыз деп ойлаған едік. Көлікпен адасып жүріп жеттік, әйтеуір. Бірақ таудың кіретін жетіне де жақындай алмадық. Әдетте көлік өте аз болатын кешегі күні адам да көлік те лық толып қалыпты. Сөйтіп өзіміз білмеген кейіпте Бату тауында өтіп жатқан Үнділердің діни мерекесінен бір-ақ шықтық. Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық қой. Мына видеоны қарай отырыңыздар!

24 пікір

konvict
Че то адамдар аз секілді ғой. Ал, өзің әдеттегідей крәсәбщек болып жүрсің
MSHERIMBEK
Адам өте көп брат! Көбісі салттарын жасап болып сыртта билеп жүр:) Біз аяқтала бастағанда келдік қой.© Қаззақтар:)
Jako
Садық ол таудың аты неге «Бату» атанған екен?
MSHERIMBEK
Ол негізі сол жердегі ежелгі бір ауылдың атауы болуы керек. Мына үңгірге 4000 жылдан асыпты. Басында жергілікті тайпалар мұны қашып тығылатын жер ретінде пайдаланған екен. Үңгірге шығу үшін жоғары қарап 65-70 градустық қиыспен жоғары қарай 600-800 метрдей өрлеу керек. Алдың Түлкібастың тауларына шығып жүргенімізбен мына жақта аяқтан аяқ қалмады:)
Jako
Тамаша екен, мен Шыңғысханның ұрпақтарының аттарының тұяғы жеткен ба деп ойлап едім.
Meirzhan
Өте қызықты репортаж.
Әлгілердің айғайлаулары қорқыныштылау екен. Бейбіт дін бе өзі?
MSHERIMBEK
Мен де ұға алмай жүрмін:) Мүмкін кіріп көрерміз:)
MSHERIMBEK
Жаным-ау, қандай ақшаны айтасың?! Үнділердің өздері аш жүр ғой:)
TERISKEY
бұрын Шымдағы Север жақта сондай жерге барып ақша алатын ек, жарықтық, хехе
MSHERIMBEK
хехе:) Тоқтық-ай десеңізші:)
TERISKEY
«Дарынның» бірталай оқушылары барғаны есімде, сен де барып па едің?:))
MSHERIMBEK
уахаха:) Ойбай, бүйрегім-ай:) Күле беріп жылап жібердім-ау:)
Jako
«Естімеген елде көп, есек мінген сатта көп»-деген осы шығар.Адамдары бақырып,қораздары шақырып тура бір шығыстың базарындай әсер қалдырады екен.
MSHERIMBEK
Екі камаз рекпект аттым:)
rauan
ОО Өте қызық екен… сосын саған бәрі бүртурлі қарап жатыр ғой камера ұстап жүргеннен кейін бе түсінбедім
Бірақ Бро репортаж Әдемі шығыпты КРАСАВЧИК
calendula
Туй, мен көре алмаймын видео(((((((( видео болса бітті компым қатып қалады, қор болып жүрмін сонысынан(((
AKA
Қалай-қалай, лас жерде де құлшылық жасап отыр мааа? Алла, Алла! Не дейміз, Буддажарболсын, тағы да репортаж күтеміз. :))
AKA
Мен пікір жазбай тұрып мұнда 9 адам пікірін білдіріпті. Бірақ, бағалау нәтижесі менікімен қосқанда +3 қана. Мда…
a63a1
Жақсы дер екен теп жобалап отырм, үйге барып көрмесем дауысы жоқ
Arhun
Эх, бізге де осндай туристикалық үңгір жетіспейді… Жасасақ, елімізге қаншама сырттан ақша түсер еді!
Жарайсың, Сәке! Тағыда бір саяхат видео жасап жібер, келешекте!
balzaminka
Барам деп бара алмаған жерім :)

Шамалы түзету жасасам аутор ренжімес деп ойлаймын :) Бұл буддисттердің емес, тамильдердің темплі. Тамильдердің ұстанған діні индузим. 2.18 уақытында көрсетілген Сатыбалдының табынатын Шива құдайы :). Оранжевый киім көрдім ғо дим, олай болса кришнаидтер деп топшылап отырмын :). Осылай, осылай өзге діндерді танып-білеміз ғо дим ;)
MSHERIMBEK
Бәсе солай болу керек ау шамасы. Түзету үшін рахмет!
Сол жердегі үнділерден сұрап едік Будда деп айтты да:)
Үнділер білмесе де сілтей салады дегенің дұрыс ау:)
a63a1
Сақалыңнан айноооолоооойыееен =))) Құдай деп айтуға аузым барып тұрған жоқ бірақ құдай деп айтға аузым барып тұр бұ қа қа қа қа )))))))))))))))))))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.