Ютубты көшіру. Маска кигені - әлденеден қорыққаны ма, әлде пиар-ход па?

Әлемге саяхат /


Ютубты кезіп жүріп бір әншінің клипіне тап болдым. Әнші қазіргі таңдағы жойылып бара жатқан ұлттар тізіміне жататын (дереккөз? аталмыш әншінің өлеңінен) қырғыз елінің және қырғыз тілінің жағдайын жырлайды. Әндері, бағыты ұнады. Орындаушы — Тата Улан.

Тата Улан — қырғыз рэпері, қазіргі батыс рэп орындау мәдениетінен өзгеше, қырғыз ақындарының дәстүріне сүйенген стилі бар екені байқалады. Әндерінен мұсылмандық өмір салтын насихаттауы және оппозициялық сарын сезіледі. Сосын хиджаб киюді дұрыс санайды екен (өлеңнен түйгенім, мұны талқылап қуып кетпеңіздер). Жалпы келгенде рэп тыңдамайды екенмін, қазақша рэп орындаушыларды да біле бермейм. Бәлкім, Қазақстанда да аналогы бар шығар. Тата Уланның тағы ерекшелігі маска киюі. Мұның себебін түсіне қоймадым. Ендігі кезекте клиптер сөйлесін:





5 пікір

balgalym
қырғыз тілі күлкілі я )))
StrangeR
неге дим да, осы қырғыздыр "кыргыз" деп жазады да, "қырғыз" деп оқиД?
Ademi
ютубқа кіріп кеткендей болдым ғой
керемет пост!!!
seit_96
4ши видео асалому алейкум тарбиелик магынасы бар рэпчик екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.