Мен көрген Түрік елі

Әлемге саяхат /
Таулары – менің Қаратауыма ұқсайды екен;
Талдары – ерекше таңқалдыратындай емес;
Гүлідері – базар жоқ, әдемі;
Суы – ресейлік бір апайдың айтуы бойынша Жерорта теңізінің суы «ласкает», жеке өзім кесіп ештеңе айта алмаймын, өйткені қатырып жүзе де алмаймын, салыстыру үшін басқа теңіздерге өмірімде барып көрмеппін;

Анталия мен Кемер қалаларының сәулеті жайлы айтар болсам, барлығы дерлік типтік жобадағы үйлер. Ал қонақүйлер мен демалыс орындары орташа, уау деп айтқызарлықтай ғимарат көрмедім.

Гидтер
Анталия әуежайынан Кемерге қарай тас жолда 3 тоннель бар екен, гидтердің айтуы бойынша сол тоннельден өтерде армандарыңызды іштей тілесеңіз орындалады мыс. Ал қайтар жолда тап сол тоннельдерден өткенде демалыс уақытысында жасаған күнәлі істеріңіз кешіріледі міс.

Қайда саяхаттасаң да, міндетті түрде былғары мен тері, шарап, рахат лукум, жартылай бағалы тас шеберханасы, текстиль дүкендеріне ертіп апарады. Қымбат тауарларын жақсылап жарналамалап, олай да, бұлай да сынап көрсетіп, 3-4 түрлі шарап ішкізіп, анардың шырынын, зәйтүн майының пайдасын айтып, тәттілерін жегізіп, бамбук сүлгілерге су төгіп көрсетіп, тері және былғары киімдеріне дефиле жасап, арасында алма шайын әкеліп, тастан қашалған шыныаяқтарға су құйып ішсе денсаулыққа қандай пайдалы екенін айтып, ойда қырда саяхатшылардан максималды түрде ақша сындыру процесін іске қосады.

Барған күні асығыстық жасап күтіп алған гидтер ұсынған турларына бас салып жазыла беріптік, қонақ үйден жаяулатып шығып, айналаны бір аралап келу керек екен. Мысалы «Демре. Мира, Кекова» деген қалаларға саяхатты гидіміз 65 долларға «арзандатып» жасап берді, ал қонақ үйіміздің қарсы бетінде қаз қатар орналасқан турагенттіктерде тап сол турдың билеттері 25 доллардан толып тұр. «Памуккале» 70-80 болса, 35 долларға табуға болады екен.

Ұнағаны
Анталиядан Аланияға қарай барар жолдағы Серік деген қаладағы ашық аспан астындағы «Аспендос» театрында өткен «Fire of Anatolia» Троя атты қойылымы. Әлемнің көптеген елдерін аралаған 80 адамнан тұратын бұл шығармашылық топтың биін алғаш тамашалауым. Қойылым алдында, сурет-видео түсіруге тиым салынса да, мұндай ғажап дүниені эгоисттеніп жалғыз көргенім болмас деп, аздап қарақшы видеоны сүйіп тамашалайтын қауымға да базарлық ала келдім.
Fire of Anatolia 2012 — Troy1
Fire of Anatolia 2012 — Troy2
Fire of Anatolia 2012 — Troy3

39 пікір

MSHERIMBEK
Ал қайтар жолда тап сол тоннельдерден өткенде демалыс уақытысында жасаған күнәлі істеріңіз кешіріледі міс.
Күт мені, Түркия;)
Бекзадалар жағы қалай былай?
zilola
)))
Альфонстар жағы жақсы дамыған сияқты ))) Бекзада көрсем, көзім шықсын!
korwinin_kyzy
құтты болсывн барып келгенызынз туркига,, бұ акщам олерым бин кинзе тотамас
korwinin_kyzy
СУГЫРЕТТЕР коп болса екен
zilola
видео ғана қоса аламын, суреттерді фб-дағы жеке бетшемнен көре аласыздар
korwinin_kyzy
бетшемнен хахахахахахах страничкамнан дегин келдима хехехех
korwinin_kyzy
видеоны қоссай
zilola
кім, көршінің қызы, сіңілім дұрыс жазуды үйренсең, дікең-дікең демей!
Ak123
асылында© ол ініңіз
zilola
қайдам, менің інілерім мәдениетті
Jako
Бұл ініңізден мәдениеттен басқасын сұрағаныңыз абзал.Оны бәрібір тауып бере алмас…
zilola
))) мәліметіңізге рахмет
followme_alik
Сохранить картинку как...
MSHERIMBEK
Біраз, жиналып қалған шығар өзі де ^_^
zilola
«ол кім, бұл не?» ©
didi0393
Foto prosto otpad)ademisiz) anau kandai gul?
zilola
рахмет, сол гүлді өзім де біле алмадым, көп гүлдер ұнады, алып келе алмадым. Әйтпесе біздің аулаға сол гүлдер жетпей тұр еді.
korwinin_kyzy
водапад
didi0393
korshinin kyzy toest khaiyrbek tym katty erkelep kettiniz.mojet hvatit a?
zilola
еее, мультитілді азамат па бұл? онда түсінікті
korwinin_kyzy
келесы жылы Тасмания араларына демалып кайтам ау дим
qyrmyzy
Апашкі, бір жақа шығатын болсам, сізден, әбизөк, консалтинг алам. «Уау, вау» ма десем жазбаңызды…
Aikona
күшті, күшті. Әсіресе суреттерррррр
m170785
ооооебоооой мынау менің апам ба?
zilola
иә сол апаңның дәл өзі ғой )))
m170785
абла насылсыз?
zilola
бен чок ийим, сен насылсын?
m170785
бен чоқ гөзял абла. Абла гөзялым
Jako
тоннельдерден өткенде демалыс уақытысында жасаған күнәлі істеріңіз кешіріледі міс.

Ақша алмақ үшін неге бармайды түріктер. Кешіруші Алла ғана, түріктер тоннелін тым жоғары бағалайды екен.
zilola
Алдын түріктер жайлы ойым тым жақсы еді, осы сапардан соң мүлдем өзгеріп кетті.
Бәлкім тонельдер жайлы өтірікті келушілер қорықпастан күнәға батсын деген мақсатта айтқан болар, бәлкім жай ғана күлдірту үшін.
Jako
Неге екенін қайдам, маған да тура осы ой келді бірден.Бірақ бәрібір ел көрген, жер көрген тамаша.Жақсысын үйренесің, жаманынан жиренесің.Бабаларымыз айтқан екен «Атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп»-деп, бос айтпаса керек.
zilola
Әрине ел көріп, жер көрген жақсы. Бірақ мен саяхатшылардың көп шоғырланған жерінде демалған соң сол жақтың қызмет көрсетуші түріктері де ақшаға құныққан болар. елер жолы Анкара немесе Стамбулға барамын деп отырмын. Ол жақта адамдардың ниеті басқа деп естідім.
Егер Анталияны Дубаймен салыстырар болсам, Дубай мәдениеті мен өркениеті жағынан алға кетіп қалған екен. Туристтерге тек ақша көзі ретінде қарамайды. Керісінше туристтердің БАӘ жайлы көбірек мәлімет алуына, араға ай не жыл салып қайтып келуіне көп қызмет жасайды. Ал мен осы сапардан соң Анталия Кемерге қайта барғым жоқ (((
Түркияға барып келгеннен кейін, сіздің әсерлеріңіз ерекше екен. Менің ойымша, демалысыңыз жақсы өтті. Сонымен қатар, сіздің қалдырған ойыңыз мен үшін өте күлкілі және қызықты. Сондай тамаша мақала үшін сізге үлкен рахмет! Болашақта көбірек мақалаларыңызды күтемін!
Пікіріңіз үшін рахмет! Сіз берген мәлімет болашақта көп пайдасын тигізеді деп ойлаймын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.