Малайзиядағы өзге ұлттар (қызық)

Әлемге саяхат /
Малайзияның Куала-Лумпур шаһарына келіп орналасқалы бері азды-көпті айналама көз жүгіртіп зерттеп жүрмін. Сондағы кішігірім білгеніммен бөлісе отырайын. Малайзия біз сияқты көп ұлтты мемлекет. Және арқайсысының өзіндік әрекеттерінің айырмашылықтары бар. Бір ел — сан мыңдаған салт.

ҮндіҮнділер. Куала-Лумпурда кім көп үнді ұлтының өкілдері көп. Көбінесе осында ондаған жылдар бойы тұрақтап, тіпті осында туылғандар. Олардың осы ортаға сіңісіп кеткендері соншалық, кел-келген жерде үнділерді көресің. Әсіресе, такси жүргізушілері мен даяшылардың екісінің бірі үнді ұлтынан. Өздеріңіз білетіндей үнділер ағылшын тілін акцентпен сөйлейді. Мұнда да солай. Сөйлеп жатқанын аңғарудың өзі бір үлкен еңбек. Мұнда үнділердің екі түрін көп байқадым:
1) Қап-қара үнділер — Үндістанның Оңтүстік Шығыс аудандарынан қоныс аударып келген. Көбінесе Үндістандағы тамиль ұлтының өкілдері
2) Пәнджабтық үнділер — Үндістанның Пәкістанмен шегаралас жақтарынан қоныс аударғандар. Сіздер Пәнджабтықтарды ескі үнді фильмдерінен көрген болуларыңыз керек. Егер мына суреттегідей басына «сәлде» тартқан үндіні көрсеңіз онда Пенджабтық деп ойлай беріңіз. Көптеген үндістердің ойынша Пенджабтық үнді қыздары бүкіл Үндістан төңірегіндегі ең әдемі қыздар екен.

ҚытайҚытайлар. Әрине, Малайзия болған соң қытайлар жайлы айтпау үлкен қателік болар еді. Өйткені жергілікті тұрғындардың 20% дан астамы қытайлар. Бұл қалада олар көбінесе жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Яғни, Малайзияның экономикасының бір жағын тіреп тұр. Көбінесе қытайлар тағам өнеркәсібімен айналысады. Сондықтан қай жерге барсаңыз да көз алдыңызда қытай дәмханаларын көресіз. Көшеде кетіп бара жатып, қызыл лампа ілінген үйге көзіңіз түсе кетсе, демек, ол қытай отбасының үйі. Қытайдан жұмыссыздықтан осы жерге келіп күнелтіп жатқандар да аз емес. Негізі, «ең жуас халық — қытайлар, ең жауыз халық — қытайлар» деген сөз рас-ау, сірә. China Town деген ықшамаудан бар. Ол ауданға кіріп барған күйі өзіңді Қытайда жүрмін деп ойлай бер. Өйткені, көшелердің сәнделуі, адамдар жүріс тұрысы барлығы да қытайлық үлгіде. Сол жерде бір базар бар. Киім алуға бардым. Ұнаған түрін киіп көріп, бағасын сұрасам, 40рм = 2000тг екенін айтты. Қой айналайын, дедім де басқа жаққа кеттім. Бір кезде артымнан келіп, «30, 20» деп түсіріп жатыр. 15рм беретінімді айттым. Басын шайқап көңіл толмаған күйі келісті.

АфрикалықҚара нәсілділер. Мұнда қара нәсілділерді жиі көресіз. Бірақ көбісі білім алу немесе бизнес саласымен келгендер. Қара нәсілділер бұл жаққа көбінесе Африка елдерінен келеді. Егер, Фейсбук немесе Мой Мирдегі бетіңізге қою үшін суретке түсуге сұрансаңыз жоқ демесі анық. Өздері қара болғанмен, көңілдері ақ жақсы адамдар:)
.
.
.
.
.
.
.
.

КәрісКәрістер. Шынымды айтсам, мүнда келгелі ең көп көрген сұлу қыздар — кәрістер. «F4», "Қыс Сонатасы", «Көктем келгенде», «Көңіл бәйшешегі»(Өзім көргендер). Иәә, Кәріс фильмдері алдамайды екен. Өйткені, қыздары шынында да сұлу болып келеді. Кәріс қыздарына мұнда көшеде еркелей салу ешқандай да ұят емес бәлки сүйкімді болып кетеді. Ер жігіттеріне келсек, стильдері өте басқаша. Қазақстанға бара қалса байқамай қалыпты ориентацияға жатпайтындардың қатарына қосып қоюыңыз әбден мүмкін. Былайша, Самсунгқа мың рахмет, негізі:)
.
.

ҚазақҚазақтар. Әрине, қазақтар! Онсыз қалай болмақ?! Елдегі қазақтарды 80% пайызын «еріншек» студенттер құрайды. Иә, көбісі оқу немесе демалу мақсатында келгендер. Мұнда қазақтарды кездестіру қиын. Үнділер мен қытайлардан көзің талып жүргенде тағдырдың жазымымен көре қалсаң оның өзі бір ғанибет. Оларды көре қалған күннің өзінде тану деген оңай емес. Кейбір орысша сөйлескен адамдардың даусы құлағыңа келе бастағаннан жалт қарап іздей бастайсың. Қарасаң өзің сияқты қаракөзді көресің де бір жақсы болып қаласың. Сондағысы, орысша да құлағыңа жылы естіліп тұрады. Ал, қазақша естіп қалсаң, сенен бақытты адам жоқ. Күні бойы позитивте жүруің ғажап емес.

29 пікір

aitaber
Мәтіндік редактордың қателіктерінен ұтымды құтылып кетіпсіз. Постыңыз да ұтымды шығыпты:)
Doctor
Ұйғырлар ше? Ұйғырлар???
MSHERIMBEK
Көзі жасқа толған бір топ ұйғыр қыздың суретін күттің ба:)))
Moldir_96
Малайзиядағы қандастарымыз үшін қатты алаңдаймын. Олардың қал-жағдайлары қалай? Малайзиядағы өзге ұлт-өкілдеріне "қазақ" халқын танытып жүр ма?
Liberal
Олар аман-сау тіршілік етіп жатыр ғой, оны айтқаннан көрі өз көзіңмен көрген дұрыс :)
Moldir_96
Жәй білейін дегенмін) Дұрыс айтасыз! 100 рет естігенше, 1 рет көзбен көрген артық!
MSHERIMBEK
Liberal ағаң жөн айтады негізі:) Қанша айтқанмен мұнда өмір басқаша:) Ал, былайша қарайтын болсақ, қатты танытып жүрмесек те, жерге қаратып жүрген жоқпыз:)
Liberal
Брат сен келгенің кеше, көп алмасай өзіңе :)))
Moldir_96
«Жерге қаратып жүрген жоқпыз» дегеніңізге қуанып қалдым. Малайзия тұрғындары қазақ халқының ұлы, керемет, сегіз қырлы, бір сырлы екенін білсе екен деп тілеймін!)
a63a1
Садықтың қал жағдайынан байқай беруге болады
Moldir_96
хехехе)) Садық, қал-жағдайыңыз жақсы ма?))
MSHERIMBEK
Жағдайым жақсы:)
Liberal
Күріш пен Тауық жеп алғансың ғой онда :)))
MSHERIMBEK
Жағдайым жаман емес. Бірақ сонда да шаңырақ көтергелі жатқандардікіне жетпейді:)
a63a1
муахахахаха)))))
QAZAQ
Тіл мәселесіне келсек, бұқарасы қай тілде сөйлейді күнделікті өмірде? Көріп білгенің жайлы сұрап отырмын.
MSHERIMBEK
Бұқараның көбі өз тілінде сөйлейді. Бірақ халықтың көбі ағылшын тілін меңгерген.
balzaminka
пенжабтардың сүйікті анекдотын айтып берейін, ұятсыз енді, сөге көрмеңдер ;)
Индус самолетта отырған ғо, қасына европейка келіп отырыпты. Содан ұшақ ұшқанда екеуінің таныстығы басталады.
И: Бұл жақта жұмыспен, әлде демалуға келдіңіз бе?
Е: Ғылыми диссертацияма байланысты зерттеу жұмыстарын жүргіздім.
И: Оһ, қандай керемет! Тақырыбыңыз кандай?
Е: «Төсек қатынасындағы еркек қайратының ұлттық генге тәуелділігі»
И: Аһ, қызық тақырып екен. Сонымен нәтиже қандай?
Е: Көп ұлт өкілдерін зерттедім. Соның ішінде тек қана екі ұлт өкілі ғана қайраттылығымен, белділігімен ерекшеленеді. Бірі еврейлер, бірі пенджабтар. Тек қана осы ұлттың өкілдерімен жақын боламын деп шештім.
И: Оһ, кешіріңіз, біз таныспаптық қой, менің атым Абраам Сингх
MSHERIMBEK
Ойбай, ішім-ай:) Әттең, смайликтер жоқ:)(Ретсіз болып кетер деп қоймадық)
Sabions
Былайша, Самсунгқа мың рахмет, негізі:)
дәльші ҚАЗАҚТАР… суретке қарап, таныс адамды көріп бір мәз болып қалдым..
қазақша естіп қалсаң, сенен бақытты адам жоқ
бұл енді Малазияда жүрген қазақтың жағдайы ғо… ал, үйде отырып, инеттен Малазиядағы қазақ досын көрген біздің хәліміз… тіптен ғажап қой…
MSHERIMBEK
Ой, рахмет:)
Малазиядағы қазақ досын көрген біздің хәліміз… тіптен ғажап қой…
Осыны оқып, онлайн қазақтармен ой бөлісіп отырған менің күйімді елестете бер енді:)
Sabions
") бұл менің алғашқы пікірім… сондықтан да өз пікірімді қысылмай АЙТА БЕРейін.
MSHERIMBEK
Негізі, малайлардың өздері жайлы айту керек еді әуелі…
Meirzhan
Малайзияның этникалық құрамы туралы өте қызыпты баяндапсың. :) Осылай жалғастыра бер.
Қазақша сөйлейтін қазақтарды кездестірдің бе Малайзияда? (негізі осыны жекеге жаза салуға болушы еді :))
KILYZAMAN
Садықжан оу, сені Алманияда деп жүрсем…
MSHERIMBEK
Алманияға жазда барамын деп жоспарлап отырмын. Мюнхен қаласын көргім келіп жүр:)
Meirzhan
Zako-мен шатастырып алған боларсыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.