Анкара. Не істедім. Неғылдым. Қайттым.

Әлемге саяхат /
Қазақстанның Шымкент қаласынан Түркияның Стамбул қаласына көшіп келгеніме 1 апта болды. Бұндай қысқа уақыттың ішінде бір халықтың тұрмыс жағдайы мен менталитеттерін білу қиын, әрине. Бірақ, түрікше білгендіктен әзірге араласу, қарым-қатынас жағынан қиындықтар болып жатқан жоқ. Ендеше алғашқы аптадағы кішігірім саяхаттарыммен өздеріңізбен бөлісе отыруға рұхсат етсеңіздер.
Анкара Түркияның астанасы. Былай жақсы орындар көп-ақ. Бірақ, менің Анкараға келуімдегі мақсат осында саясаттану саласының докторлығын оқып жүрген Амангелді бауырымды көру еді. Сомен, кешкі бір салқынмен Стамбул қаласындағы Beylikduzu ауданынан Kamilkoc деген тасымалдау қызметінен билет алып, түнгі 12-30да жолға шығып кеттім.


Анкараның Ашти автовокзалынан түсіп Амангелдіні күтіп тұрдым.


Сонан соң ол да келе қалды. Жапонша «Конишива!» деп иіле амандасып өтіп бара жатқан түріктерді біраз таңғалдырдық, шамасы.


Амангелдімен таңғы асымызды ішіп алдық. Айтқандай, осы жігіт болашақ Ph.D.


Аныққабір деп аталатын Мұстафа Кемал Ататүрік жатқан мовзолейге беттедік. Бұл орын Анкарадағы ең құрметті жер десем қателеспеймін.


Жапондар. Әрине, олар барлық жерде :)


Кіре берісте қатып тұрған әскер бауырыммен мен де суретке түсіп алдым :)


Мынау аталмыш мовзолейдің жалпы көрінісі. Өте үлкен екен аймағы. Кіре берістен мавзолейге дейін автобуспен келдік.


Анытқабір алаңы. Адамдар жиналып жатыр.


Музейге кіре берісте мінбер бар екен. Түсіп қалу керек қой енді :)


Мұнда құдайдың құтты күні оқушылар келеді деді. Жалпы, ішін түсіре алмадым. Бірақ, ұлтжандылыққа шақыру деген ұрып тұр екен. Түріктерге осы тұста таң қалдым.


Ататүрік жатқан бөлменің алдыңғы жағы осы.


Кішкентайлармен де суретке түсіп үлгердік, әлгі жерде :)


Одан соң, Жастық паркіне барып біраз демалдық. Шыға берістегі Президенттің ескерткішінің астына барып тағы да саяладық.


Аяқ шаршады…


Бірақ, шаршауға уақыт жоқ еді. Біздің жоспарда Анкараның ескі қаласының үстіне шығу бар еді.


Аралап келеміз. Аралап келеміз…


Ескі қалаға шыға берісте мынадай сату орындары бар. Түрік әжелер «Hand made», «One Turkish Lira» деген сияқты ағылшыншаларын жиі естисіз.


Handmade тауарлар


Ескі қаланың қабырғалары.


Өзім бұл қаланы бекініске ұқсаттым. Ну, көшпенділердің ұрпағы болған соң ба, бұл менде басқаша әсер қалдырды. Мына тастың ішінде өмір сүру біртүрлі сияқты :)


Қайда жүрсең де, ғашықтар.


Үйленівалыңдар :)


Бұрыштан бір көрініс.


Үстінде адамдар қыдыреееп жүр дә :)


Әдемі көрініс екен.


Түрік туы. Негізі Түркияда тудан көп нәрсе жоқ.


Риясыз.


Ескі қаланың орта бөлмесі. Гладиаторлар аренасына ұқсап кетеді екен.


Іші қызық негізі. Кішігірім бөлмелердің біразы бар.


Халһееееееем! Әлем қандай кеең едііі!


Біз де үстіне шықтық. Аааайғайлап қазақша өлеңдер айтып… :)


Ойлар… Ойлаааар…


Отырдық. Аяқтарымыз сұмдық шаршады.


Отырықшылық өмірлеріне аяқ қойдым :)

Алқисса, бұл ескі қаладан қаланың өзіне кешке бір-ақ түстік. Симит пен айран ішіп, дәретхана іздеп біраз :)))) Қызылай ауданында Старбакстан кофелеттік. Анкарадағы оқып жүрген қазақ жігіттер кешкі асқа шақырып еді. Соған барып бесбармақтан асап, ел-жұртты еске алып, әрқилы нәрселерді, техно тақырыптарды талқылап, сол күні кешке келген ізіммен Стамбулға қайттым. Аяқтан аяқ қалмай кешке дейін ұйықтап, өздеріңізбен қауышып отырған түріміз осы :)


Сөз соңында айтарым, осы қыз сияқты күлімдер жүріңіздер қхүрмәтлі әзіз достар :) Сұрақтар астына! Стамбулдан хабар күтіңіздер :) Саяхаттарыңыз көп болсын!

12 пікір

Korkem
Қызықтым)) Саяхаттағым кеп кетті. Неткен әдемі жер еді =))
Abylai
БАРАААААААААААААААМ! (((
Себит туралы жазшиш
MSHERIMBEK
келесі пост СеБИТ туралы болод :)
ereke_enu
Керемет! Түркияның астанасы осындай деп ойламаппын
MSHERIMBEK
Стамбул бұдан қарағанда әлдеқайда әдемірек :)
urimtal
Ағаштары көп қала шығар деп ойлайтынмын. Мұражайларына кіру ақысы қанша екен? Анкараға жол түсе қалса, қай мұражайына міндетті түрде бару керек екен? Әлде сендер барған тарихи ғимараттардың қасында түрікше білмейтіндерге арнап, түсінік мәліметтері жазылған ба?
MSHERIMBEK
Музейлерге кіру 10-15 лира. Қымбат, сұмдық қымбат музей үшін. Бірақ, музей билеті деген болады екен. Студенттерге беріледі. Оны алсаңыз 1 жыл музейлерге кіріп жүре бересіз. Жалпы, Тарихи өлкетану музейі жақсы дейді. Осы ескі қаланың қасында тарих музейі бар екен. Ең мықтысы деді. Әрине, Ататүрк музейі керемет. Ішінде оооох тамаша мәліметтер бар. Ататүрік шынымен толық зерттелген екен.
zhano_almuhambet
Жақсы жазылған! Қайда барсаң да… "Үйленвалыңдар!" Жақсы кеңес. Дұрыс кеңес.
Енді сұрақ: Мұстафа Кемал Ататүрік жерленген жер нақты қалай аталады? Anitkabir түрікшеде. Сіз жазбаның басында «аныққабір» кейіннен «анытқабір» депсіз… Antik kabir-ден шыққан емес пе? Антик, яғни көне, ескі. «Айтаберде» gorusuruz))))
MSHERIMBEK
Түрікше «Аныткабир», өзімше Анытқабір деп алғаным ғой :) Еске алуға арналған қабір деп аударылса керек. Haydi, göruşuruz :) Sadece Aitaberde!
zhano_almuhambet
Түсінікті. Tamam, iyi gunler
didi0393
Как всегда ПП.Позитивно и познавательно
Еее, дұрыс, жүрген жеріңнен жақсы белгі қалдырып жүру саған тән нәрсе ғой, бауырым)))молодес
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.