"WikiLeaks" өтірігі қандай немесе «Пятая власть" көрмегендер үшін!

Әлемге саяхат /
Атап өту керек, Джуллиан Ассанждың өзі бұл фильмді ұнатпаған, алғашында "өтірік" деген көрінеді. Біреулер үшін әлемдік герой, өзгелерге ұлт сатқыны- оның еңбегі кино түсіруге лайықты.
Фильмге екі түрлі көзқараспен қарауға болады. Америкалық «ее ана жері тема-иә» дейтін екі сағаттық күлкі сыйлар комедия мен адам өлтіруді орақ орумен тең көретін «ужстардан» өзгеше жанрдағы кино көргіңіз келсе «Пятая власть» сіз үшін. Ал «жантақ жейтін» журналист болсаңыз я болуға талаптанып жүрсеңіз көруге міндеттісіз.
Әріптестер, «Вся президентская рать» фильмін көрген шығарсыздар?! Қарамасаңыздар, « көру керек» фильмдер тізбегіне қосып қоюларыңызға әбден лайықты кино. Мен тәрізді « қазақ журналистикасы қарқынды даму үстінде» деген өте қатты оптимистік кей жерінде «розовый әчкидегі» көзқарастар қатарындағы жандардың назарына. Нағыз журналистика АҚШ-тың өзінде 60-70 жж қалыптастып қойған. Ал біз қоян алу үшін арбамен келе жатқан халықпыз.
Джуллианж Ассанж бизнестің бұғауына түскен емес, кейбіреулер үшін таң болатын қоғамдық мүдденің жолындағы жан. Тамсанарлығы бұл да емес. Азуын айға білеген АҚШ-тың Ақ үйін дүр сілкіндіріп, 21 –ғасырдың ерен ерлігін жасады. Джуллиан-Ассанж Даниел Домшайт-Бергпен бірге «WikiLeaks» сайтының негізінде мемлекеттік құпиның қарақшысына айналған атышулы ұйым құрады. «Біздің бірнеше жүздеген волонтерлеріміз бар». Бұл WikiLeaks-тың алғашқы және соңғы өтірігі. Сайттың барлық жұмысын екі әріптес қатар атқарады. Тіпті Даниел мерекеге шақырғысы келген әріптестер де жалған. Кейінірек қана, бұл дуэттің қатарына өзге «Робин Гудтар» қосылады. Жұмыс істеу схемасы қарапайым – мемлекеттік ұйымдардағы ақпарат көздері құпия түрде мәлімет береді, WikiLeaks ақпарат көзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, сайтқа жариялайды, осы арқылы ащы шындықты жайып салады. Бәрі тамаша, тек Ақ үйдің араласқаны болмаса. Олар жақындамас та еді, жай қайдағы бір жалбыр шаш келіп, қаншама жылдар бойы қаланған саясаттың әр бөлігін баланың ойыны тәрізді әп-сәтте шашты да жіберді, мемлекеттік құпияны құрдымға жіберді. Бар болғаны осы. Тартыс осыдан басталады және әлі күнге дейін Лондондағы Эквадор елшілігінде жалғасып келеді. (бұл жерді толығырақ білк үшін саясатпен я гуглмен дос болыңыз, соңғысы оңайырақ).


Жанкештілік пен табандылық, құрбандық тең болады WikiLeaks-ке. Оны әйгілі еткен де –ақпаратты ала білу процессі.Қайдан шыққаны белгісіз біреулерге Ауғандағы соғыс туралы, үкімет басындағы былық туралы ақиқатты жайып салу –ееей болмайтын іс қой. Стиб Джобс тәрізді адам атаулыны арбап тұратын талантың болса бір сәрі. Бізге де бұйырсашы дейсің де… Никсонды тақтан тайдырған да, АҚШ-тың ҰҚК-ін түнгі ұйқысынан шошытқан да – жанкештілік, журналист жанкештілігі. Олар үшін халық алдында сайрағанда айтылуы тиіс әдемі сөздердің қоғамдағы құндылығын көрсетті.

Бірден әсер ететін кадрлер әлемдік арендағы «Гуарден» мен «Шпигель», «Нью-Йорк Таймс» тәрізді алпауыттардың материалдық жай-күйі. Тілші атаулының ара-арасында түнеп қалатын қонысы ( біздің басылымдардың зданиесімен салыстырғанда) Әл-Фараби даңғылындағы «Есентай молл»-дай. Жұмыс істегенді қойып, әшейін аралағанның өзі ғанибет. Банкте жұмыс істеген күшті, очки тағып алып әдемі болып жүремін деп мамандық таңдайтындар үшін де таптырмас себеп. Бірақ, бізде емес…

Джуллианж Ассанж. Ол әлемді өзгертті. Әлемдік стеоротипті жойды. Жемқорлық пен заңбұзушылық т.т туралы әңгіме айқоғамдағы жүйе осындай, қанша уақыттан бері сіңіп қалған деген қағидатқа байланғандар үшін алтын сырға. Журналистика жолын енді бастағандарға бұл баға жетпес мотивация болу керек.
Фильмнің бүкіл сюжетін арқау болған фраза – « Дайте человеку маску и он скажет всю правду». Бүгінгі ұғым « маска киіп жүрген адамның шынайы бет-пердесін біле алмайсың». Асекең осыны сәтімен пайдалана білген. Батылдық, мамандыққа берілу, жанкештілік, табандылық, қоғамдық мүдде жолындағы тәуекел- барлығы бесінші биліктің қолында тоғысқан. Ол –сіз. Егер, осы аталған қасиеттерді бойыңыздан табыла білсе, «олар» сізден қорқады. Басып-жаншуға, көзіңізді құртуға тырысатындықтары- қорқыныштың әлегі. Бесінші биліктің күші осында.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.