Минскіде миллионер болғаным...

Әлемге саяхат /
Белоруссияның астанасы Минск қаласында өткен «Интеллектуалды жүйелерді жобалаудағы ашық семантикалық технологиялар» атты ғылыми-техникалық конференцияға барып келгенімді екеу білсе, бесеу білмес. Конференциядан жасаған қорытындым сәл кейінірек, ал әзірге жалпы әсерім туралы бөлісейін.


Қала:

Үлкеніне үлкен, бірақ 2 млн. адам тұратын қалаға ұқсамайды. Көшеде адам, машина аз, кептеліс деген мүлде жоқтай. Біздердей жарқ-жұрқ оты аз, қараңғы әрі тыныш қала екен.
Кешкілік адам мүлде жүрмейтіндей көрінеді, бірақ бұл алдамшы көрініс. Сыртынан тып-тыныш көрінетін, тіпті жарнамасы бәлендей көрнексіз кез-келген кафе, демалыс орындарына кірсең, қызықты интерьермен жабдықталған нағыз қыз-қыз қайнаған тіршілікке тап боласың. Отыратын орын таппай, тіпті кезекке тұруға тура келеді.

Бағалар:

Ақшаларының құнсыздығына байланысты (1 теңге – 56 беларусь рублі), буда-буда купюралармен миымыз айналып жүрді. 3000 рубльдің сағызын шайнап, 20000 рубльге түскі ас ішіп жүрдік. Негізгі меню, әрине, картоп:

Қазақстанмен салыстырғанда анағұрлым арзан. Жақсы деген демалыс орындарына 2000 теңгеге «от души» отырып шығуға болатын болса (жұмақ деген осы ма деп қалдым), 5000 теңге төлеп, Алматыдағы 8 мың теңгелік қонақүйдің деңгейінен сәл жоғарырақ жағдайда тұруға мүмкіндік бар. Метро – 40 теңге шамасында.
Қазақстанмен салыстырғанда қымбат көрінгені – такси. Бізде әдетте 500 теңгеге алып баратын жерге 2 есе бағасын сыпырып кетіп жүрді. Қай таксиге мінсек де, жүргізуші Көкшетауда туған болып шығады.
Жергілікті халық негізінен метромен жүреді, сондықтан алданып қалмау мақсатында такси бағасының шамасын сұрағанда, көбісі білмейтін болып шықты.

Халқы:

Сырттан келгендерге деген қарым-қатынастары ма, әлде жалпы өздері сондай ма, өте ақжарқын, сөзшең көрінді. Бір сұрақ қойсаң толық дегеннен тыс, қосымша ақпарат аласың. Әйтеуір, сөйлескісі келіп тұрғандай.
Киім киістері, өздерін ұстауы да қарапайым, «кісі» болып қалған ешкімді көрмедім. «Ойбай, дағдарыс» деп, өмірге өкпелі болып жүргендерді, «айлығым аз» деп өз міндетін жүрдім-бардым атқарғандарды көрмедім.
Барлығы дерлік орыс тілінде сөйлейді. "Қайран, тілім" деп дабыл қағатын ұлтжандыларды көре алмадым. Көбісіне бәрібір. Соған қарағанда біздің тіліміздің жағдайы шүкір екен деген қорытындыға келдім.

50 пікір

AKA
Жақсы, өте жақсы!
mairosh
Керемет екен. Минск туралы керемет таныстырдың +1
MSHERIMBEK
хехехееее, айналдым Докторынан:))) Жынннды жазыпсың (әдеттегі комплименттер ғо)! Не ғо, қыздары қалай? Бәрінен бұрын соны айтшы? Украин қыздары АТ деп мақтап едің? Бұларда бөлісе отырсаң нұр үстіне нұр, құмшекер үстіне құмшекер болатын еді:)))
Doctor
Украин қыздарындай АТ емес енді:))))
Былай, болады деееееп отырсам ))))))))))))))))
MSHERIMBEK
Андағы тамақ құймаққа ұқсайды екен. Сенде бір адамның асқазаның жьлятып:)))
Doctor
оның аты «Драники». Картопты шикі күйінде теркадан откізіп, сосын котлет құсатып қуырады. Арасына ет, лосось т.б. салуға болады.
balzaminka
баяғыда осыны дайындап, маманың тамақ жегендей болмадым деп кафеге барғанымыз еске түсіп кетті ғо…
Doctor
негізі, шынымен солай:)))
ereke_enu
Бауырым «ол жақтың қыздары арақты сіміреді екен» деп келген)))
Doctor
сіміретіндер біз жақта да жеткілікті, сондықтан ондай әңгіме зашым?
ereke_enu
Білмейді екем, сіміретін қазақ қызын көрген жоқпын әлі...)
MSHERIMBEK
ооох, сенде бір тым әсірелеп жіберетінің бар да:)
ereke_enu
Ондай орталарда болмаймын да тек) Сіміріп жатқан жігітті де көрмегелі көп болыпты)))
zilola
мешітте өмір сүресіз бе?
ereke_enu
Жоқ. Жанында тұрсам да ырза болар ем)
ereke_enu
Осы күнде сіміріп жүргендерде ес жоқ шығар)))
balzaminka
огго, өзің доктор, өзің миллионер?!!! Керемет!!!
Doctor
Айтпа:))))) Дем ала алмай жүрдік қой))))
balzaminka
мультимиллиардер болуды жазсын! (сыраны қайта-қайта көтерген Рысекең!)
MSHERIMBEK
Артынан Рысгүл әпшеде көтеріп жіберді
Doctor
Әмин, ойбай, әмин:)))
ereke_enu
Ия, белорусь халқының сондай қарапайымдылығы жайында бұрында естіген едім. Рас болса керек.
Korkem
Тамаша жазылыпты, қызығушылығымды әжептеуір арттырып тастадыңыз.
calendula
Жазатын ештеңе жоқ деп жүр едің, күштіі жазыпсың ғой)) Тамаша!
calendula
Басқа Доктормен шатастырып алған секілдімін сізді)) Кешіріерсіз)) Бірақ, шынымен де өте жақсы жазылған!
6gradus
қорытынды давай қорытынды:))) жас ғалым:)))
zilola
Не ғо, Доғдыр апай, осылай шетелге шығу үшін қай пациенттің бүйрегін саттыңыз?
Doctor
құпия десем)))))))
Мемлекеттен бөлінеді, ал олардың кімнің бүйрегін сататыны туралы ақпаратым жоқ)
zilola
хе хе, сіз андай доғдыр екенсіз ғо ))))
мен деген сізді дәрі-дәрмекпен қоректенетін доғдыр екен десем )))
sammita
сен кеткенде Астана біраз жылып қалып еді, неге келдің:)
Солтүстік өңірде белорусь, неміс, украин, поляктар көп тұрды ғо. Ауылын нақтыламадың ба былай))))))
Doctor
Менің көргендерім белорусьтар
qyrmyzy
не ғой таркелкасы әдемііііі екен
ereke_enu
Сені танып қойдым ғо)))
Doctor
Сіз дегеніңіз дұрыс болар:)))
ereke_enu
Сіз таныдыңыз ба мені мана?)
Doctor
Ия, шықсам, уже сквозняк болып кетіпсің)
ereke_enu
))) Қашып бара жатқан едім, расында… Егер үнемі сол жерде болсаңыз, барып тұрам ғой)
MSHERIMBEK
a63a1дықтан арыла бастапсың ғой, ерекенижнийпробелену:))) Құдашаның рөлін ойнауға ұсыныс жасап көрсейш:)
ereke_enu
түсінбедім?))) Қашқанда сабақтан да)
ereke_enu
Сол кабинетте кімдер отырады екен деп жүрсем))) Докторлар отырады екен ғо)
madlen
Туған күніңмен, Доктор! Әдемі бол, денің сау болсын, күйеуің өз көңіліңнен шығатын, сондай кУЧТУ мыжЫк болсын, бала-шағаң өзің сияқты ақылды болсын, ақшаң асып-тассын!
Doctor
Рахмет, Моржигім менің!
MSHERIMBEK
Моржикке көтерілетін жердің барлығын көтеріп қосылам:)
Doctor
Биыл тағы болады осы конференция, бірақ мен бара алмаймын, мемлекет берген ақшаны тауысып бітірдім ((( Бану барады, жолы болсын! :))) Садко ініңе сәлемдеме жіберетін болсаң деп жатқаным ғой, а так))))
MSHERIMBEK
уақыты қашан еді? мен келесі айға жоспарлап отырмын ғой, Минскке:)
Doctor
21-23 ақпан :)
ereke_enu
Мемлекет берген ақшаны тауысып бітіріп, бармай қалуға бола ма не, Доғдыр апай?)
korwinin_kyzy
осы коктемде никарагуа журейн деватрм
Kan
Ел көрген жақсы ғой. тым жақсы жазыпсыз
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.