Камп Ноу стадионына саяхат

Әлемге саяхат /
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Жақында бір топ Қазақстандық журналистер мен блогерлер қосылып Испания еліне саяхаттап қайттық. Алматыдан Барселонаға AirAstana тікелей қатынайтын әуе қатынысатын орнатыпты. Қуанарлық жағдай. (Бағасы да қуанарлықтай болса екен деген ниет) Ұшу ұзақтығы 8 сағат. Алғашқы болып ұшқандардың біріміз. 8 сағат бойы ұшып барғанда, күн де бізді қимай барғанша ілесіп барды. Терезеден бір-екі көрініс.
Әлемге саяхат: аспан бұлттар
Әлемге саяхат: airastana
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Саяхатшы журналист, блоггерлер арасында блоггер ретінде мен де барып қайтқан жайым бар. :) Осы 12 күн ішінде не көрдім, нені көрмедім т.б. туралы ақпаратты Интаграмдағы instagram.com/yerbol89 аккаунтымнан көрсеңіздер болады.
Қазіргі жазбадағы айтпағым Барселона қаласының мақтанышы, әлемдегі ең танымал футбол клубтардың бірі, әрі менің сүйікті командам Барселона және Камп Ноу стадионы жөнінде болмақ. Ия ия MES QUE UN CLUB жөнінде…
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Уақыт зымырап өтіп Испания елі шақырған блогтурға аттандық. Әрине менің ойымда қалай да Камп Ноу стадионын көрмей қайтпау. Барселона аэрапортына түскеннен бастап әсем қаланың көркі аэропорттың өзінен бастау алады. Қала мұнтаздай тап-таза. Қалаға кешкісін тұрақтап, азанымен Испания елін аралауға кетіп қалдық.
Алғаш келген күні стадионды көру мүмкіншілігі бұйырмады. 8-9 күн Валенсия, Толедо, Мадрид, Сиговия т.б. қалаларын аралаумен өтті. Жоспар бойынша Коста Брава жағалауына тұрақтадық. Бланес деп аталатын қалашық Барселона қаласынан 30 минуттық жерде орналасқан. Ертеңіне журналистер мен блоггерлерге бір күн бойы еркін уақыт берілді. Құр-қарап жатпай бос уақытты пайдаланып Барселона қаласына аттанып кеттім.
Бланестен Барселона қаласына жылдам жүретін электричка арқылы баруға болады. Барып, кері қайту билет бағасы 16,60 Евроны құрайды.
Ал кеттік электричкаға отырдық.

Ұнағаны метро мен қаланың сыртынан қатынайтын электричкалар жүйелі түрде байланысы. Электричкадан шығып метроға отырып кете беруге болады. Менің түсетін аялдамам Catalunya. Каталуния Барселонаның орталық аялдамасы. Метрода жүру билет бағасы 2,45 евро. Алматыдағы метромен салыстырғанда бағасы қымбаттырақ әрине.
L3 бағытындағы метроға отырып Maria Cristina стансиясына жол тарттым. Себебі осы станция Камп Ноу стадионына ең жақын орналасқан аялдама. Станциядан түсіп 8-10 минутта жаяу жүріп стадионға баруға болады. Мен де солай еттім.
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Google-де маған қол ұшын созуға ниетті. Стадионға жақындаған сайын, ішіңді қуаныш билеп кетеді екен. Кеше ғана теледидар алдында армандап отырған үлкен стадион міне көз алдыңда.
Әлемге саяхат: камп ноу
Үлкен баннерде Месси, Пике, Пуйоль, Маскерано, Хорди Альба мен әдемі қыздар…
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Стадион алдында Ладислао Кубалоға арналған мүсін орналасқан.
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Стадионға кіру бағасы 23 евро. 23 евроға стадион мен музейді аралау кіреді. Билеттерді онлайн, стадион алдындағы касса және алдында орналасқан арнайы билет алу терминалдары арқылы алуға болады.
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Құр сурет салғаннан есімде қалған ақпараттармен бөлісе отырайын. Барсаның жаңа үлгідегі футболкасы 84 евро тұрады. Біздің теңгемен 21-22 мың теңге. :) Аз ақша емес, бірақ сонда да алуға тұрарлық. Артына өз атыңызды жаздыру 10 евро. Жалпы атыңыз жазылған футболка 100 Евро деп есептей беріңіз. Офитциалды дүкенінің ішінде туристер саны өте көп және футболка, аяқ киім т.б. заттарды таласып алып жатыр. Киімдерді тігуші компания — Nike. Біз де көптен қалмай бір футболканы арқалап шықтық. Стадионға кірерде алдымен музейге тап боласыз. Музейге саяхат.
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Музейді қарап шығып, стадионға өтеміз. Музей демекші музейдің өзі екі бөлікке бөлінеді. Астыңғы бөлімде клуб ашылғаннан бастап жинаған жүлделері, силықтары болса, үстіңгі музей интерактивті тақалармен жабдықталған. Қараңғы бөлмеде клубтың тарихынан сыр шертетін видеолар, суреттер көруге болады.
Әлемге саяхат: стадион камп ноу
Әлемге саяхат: стадион камп ноу
Талғамыңызға қарай ашық аспанда орналасқан рестораннан шай-пай немесе каталондық винодан ішіп отыруға болады. Меню бағасы арзан деп айта алмаймын. :)
Әлемге саяхат: стадион камп ноу
Әлемге саяхат: стадион камп ноу
Асхат Шотаев ағамыздың құрметіне орай стадионнан бірнеше селфи. Ойлап қалмаңыздар мынау өзі қайта-қайта сұмдық селфиге түсе беріпті ғой деп, жәй қасымда мені түсірші дейтін ешкім болмады. Амалсыз өзімді-өзім түсіріп жүрген жайым бар.
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Арасында қасымда өтіп бара жатқан адамдарға Excuse me, photo plase! Thanks!-деп амалдадым.
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Ал мынау комментаторлар отыратын орын. Стадион алақандағыдай көрінетін жер. -Қалай? -Қалай№ -Алақандағыдай!
Әлемге саяхат: камп ноу
Мына тұрған жерім арқылы Барса стадионға шығып, Реалды жылатып тұрып талай мәрте сақтырған коридор.
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Стадионнан бірнеше сурет…
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Осылай зымырап бір күнім өте шықты. Алған әсерім, зор. 99 мың адамды сидыра алатын Камп Ноу стадионы керемет соғылған.
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадион
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадион

Стадионнан шығарда айтқан сөзім: "Қош бол Камп Ноу емес, Көріскенше Камп Ноу!"- мен қайта ораламын. Мүмкін ертең емес, мейлі арғы күні емес шығар. Бірақ мен қайта келемін міндетті түрде. Мүмкін Құдай қалап сәтін салса күзде Барсаның бір ойынына келіп тамашалап қайтармын… Бәрі де мүмкін.

Осы орайда осындай керемет пресс-турға жіберген TravelSystem ұжымына алғыс білдіремін. Керемет саяхат жасатқызып, тарихы терең Испания еліне аман-есен апарып, алып келді. Еліміздегі қызмет сапасы жоғары деңгейдегі туристік фирма.
Әлемге саяхат: Камп Ноу стадионына саяхат

3 пікір

yerbol89
Менің бір дұрыс істемеген жерім өзіммен бірге сапалы фотоапарат алып шықпағандығым. Келесі жолы сапалы фотоапарат алып шығуға тырысамын.
Jako
Жарайсың Ербол!!!
Asiko
керемет. Алла қаласа менде сүйікті командамның стадионына барып Мессимен селфилетемін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.