Көшеде листовка/ қағаз/жарнама таратып жүрген адамға сіздің реакцияңыз қандай болады?

Әлеуметтік сауалнамалар /

4 пікір

followme_alik
Ешқандай реакциям жоқ. Тек өтіп бара жатқанда қолындағы қағазын аламын да, бетіне жымиып, өз бағдарым бойынша жалғастыра беремін жүрісімді.Үш метрден кейін қағазды мыжимын да жақын арадағы урноға салып жіберемін. Себебі, тегін таратылатын ондай парақшаларда бірде-бір пайдалы мәлімет болған емес _)
pana
алғаннан оның қағазы біреуге азаяды, ал менің түгім кетпейді, бірақ сумкама салып алам, лақтырып жатқанымды көргенінен ұялам)
qyrmyzy
Қағазын алып, рахметімді айтып жүре берем.
Jako
Ол туралы бірдеңе айту үшін де оның қағазын алып оқуым керек емес пе, егер оның тірлігінен еш хабарым болмаса оған деген қандай реакция болмақ? Негізі мен де оған бола шаршағым келмейді, рахметімді айтып кете беретін шығармын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.