2013 жылы ҰБТ тапсырудың жаңа тәсілі енгізілмек

Астана. 1 тамыз. BAQ.KZ- 2013 жылы мектеп бітіретін түлектер үшін ҰБТ тапсырудың жаңа тәсілі енгізілмек. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов өзінің ресми блогында мәлімдеді.



ҰБТ төңірегіндегі сұрақтар алдағы оқу жылы мектеп бітіретін түлектер мен ұстаздардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Министрдің блогына хат жолдаған Ботакөз Арыстанова есімді азаматша «Келесі жылы ҰБТ-ға тағы да бірнеше пән қосылады деген рас па?», деп сұрған екен. Министр Б.Жұмағұлов: «ҰБТ өткізудегі 9 жылдың тәжірибесі тестілеуді одан әрі жетілдіруге пайдаланылады. Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2013 жылы ҰБТ-ны екі кезеңге (мектеп бітірушілердің қорытынды аттестациясы және ЖОО-ға түсу емтихандары) бөлу бағытында эксперимент жасау жоспарланып отыр. Бұдан әрі 2015 жылы логикалық сипаттағы тестілерді пайдаланатын, екі кезеңдегі компьютерлік тестілеу жүйесіне толық көшіріледі» деп жауап берген.

Baq.kz

5 пікір

avatar
  • Sabions
  • 0
нені жеген аққулардың сөзі.....2013ші жылғы талапкерлер қорықпаңдар
Қооой, осы жылғыдай әділ өтседе ризамын.
avatar
  • kozy
  • 0
Әділ дейсіз баа)))
avatar
  • Ak123
  • 0
оқушылар жау ма осыларға?? Өздерінше әдел өтеді дейді, иә? Издевательство ғой қысқасы!
avatar
бари бурнгыша акшамен как всегда (акшын болса калтада киналма ЕНТ-да)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.