↑ Жоғары шығу
23 қыркүйек 2012

Анаңа қандай қуаныш сыйладың?


Бір кездері балалықпен анашыма қарсы шығып, салғыласатын да едім. Қабағымды түйіп, аларып, айтқанын істемей, қырсығу — мұндай жағдай көбіңде болған болар. «Переходной возрастта», әсіресе. Мүмкін, қазір де сондай әрекет жасап жүргендеріміз бар шығар арамызда. Не ғой, бірақ, қанша жерден дұрыс боп тұрсаң да кейін өзіңнің қателескеніңді түсінеді екенсің. Білмейм, соңғы жылдары ата-анам есейіп жатқан соң ба, әлде, ақыл кіріп жатыр ма маған)) Бір түрлі бұрынғыдан да жұмсағырақ қарайтын боп барам. Біздің отбасыда кинодағыдай «я тебя люблю, мама» деп жатады ғой, ондай қалыптаспаған, өкінішке орай. Әйтпесе, таң атқаннан кеш батқанша сол сөзді қайталай беруші ем. Әзірге, бұл үлкен барьер боп тұр. Жасанды болып кететін секілді.

Сонда да анашымды күнде білдіртпей қуанта бергім келеді. Әйел кісі болған соң, уайымшыл келеді. Болмашы нәрселерге қатты көңіл бөледі. Әр нәрсені ойлайды. Мен бір болмашы бірдеңе бүлдіріп қойсам, түнімен ұйқы көрмей шығады. Қуанышты шақтары көп болса екен, әрдайым күлімдеп, жақсы көңіл күйде жүрсе екен дейсің.

Бір кісі мынадай ой тастаған еді: "Бірнеше айлығыңның басын қосып, анаңның банк.шотына салып қой. Кейін айта қоясың, Мынау Сізге, өз қажетіңізге жаратыңыз деп". Әйелдер киім, косметика, т.с.с-ға өте жақын ғой. Алғысы кеп жүрген қымбат-қымбат нәрселерді иемденіп, подружкаларына «балам әперді» деп мақтанып жүретін болар)) Ең жақсы нұсқа болмаса да, жасап көруге тұратын сияқты.

Сол, әзірге осындай ой кеп жатыр. АНАЛАРҒА ТАҒЫ ДА ҚАНДАЙ БАСҚА ЖОЛДАРМЕН ҚУАНЫШ СЫЙЛАУҒА БОЛАДЫ??Өз тәжірибеңізбен бөлісе отсаңыз.

P.S: Аман жүргенің, өскенің, адам болғаның ата-ана үшін ол да бір бақыт, қуаныш қой. Бірақ… Өз басым менің оларды қатты жақсы көретінімді білгенін, ұмытпағанын, ешқашан күмінданбағанын, менен мәңгі разы болып өткенін қалаймын.
?

Пікірлер:44

avatar
  • didi0393
  • 24 қыркүйек 2012, 00:35
  • 0
ия
мама, я тебя люблю
деп кинодағыдай күнделікті айтпасақта, аналарымызды бала жүрекпен қалай жақсы көретінімізді ана жүрегі біледі де сезедіғой))))
avatar
  • ereke_enu
  • 24 қыркүйек 2012, 09:03
  • 0
Сезеді ғой, оны жеткізіп отыру керек деп ойлаймын. Сүйген қызыңа да сүйгеніңді айтып отырмасаң, жақсы көретініңді білсе де жалғызсырап «внимание» жетіспей кетпейтін бе ед)
  • ruben
  • 24 қыркүйек 2012, 00:53
  • +1
Атаулы күні анаңның жанына алған сыйлығыңмен таянасын да, қасына екі суретінді қоясың сыйлықтың. Бір сурет бала кезіңнен болсын, екіншісі жақын уақытта түсірілген болса, қатып кетеді. — әкем мен сіздің арқасында осындай азамат болдым, — деп рахмет айтып, жақсы көретініңді сол кезде айтса да болады. Әдетте анаңа оның сүйікті тағамын, болмаса сенің ең жақсы жасай білетін тамақ та болады, жасап берсең де жаман емес, әсіресе жұмыстан шаршап жүрген кезінде жасаған жөн. Сені білмим, біздің үйде қыз жоқ та, просто (((: ал сыйлық мандай термен табылған ақшаға алынған болса, әсерлірек болады, ықыласың сезіледі, қарызға алғаннан гөрі. Сосын нағашыларыңнан біреуіне анда-санда жақсылап көмектесіп, көңіл сұрасып тұрсаң жақсылық жасап, анаңды бір марқайтып қоясың. Әрине, десін, көрсін деген ниетпен емес, риясыз болғаны жөн…
бірнеше айлығыңның басын қосып, кредит алып, жақсы қызға үйлен. Сол кезде: «міне менің балам үйленді, азамат болды» деп подрүжкілеріне мақтанады. Онан соң «жүгермек» немерелер сыйла. Менің ойымша қымбат косметикадан да қымбаты осы болмақ. егер әрине жасың жетсе
avatar
  • yerbol89
  • 24 қыркүйек 2012, 09:45
  • 0
Даке сөз жоқ нағыз Мұжық екенсің! :) Респект, қатты ризамын. Даке сіз айтпақшы соңғы кезде мен үшін осы актуалды тема болып кетті. )))) Өзімді әлі де үлкен өмірге дайындай алмай үйлену деген біртүрлі сияқты көрініп үйрене алмай жүрмін. Ал ата-анам қашан үйленесің үйленсей, немер көрейік та анау мынау деп қайта-қайта айтатынды шығарыпты. Мен болсам ыңғавйсызданып невтему болып журемін ))))
актуалды тема

демекші қазір ажырасу да осы темалардың қатарында жігіттер. Менің группаластарымның жартысына жуығы ажырасып кетіпті. Үйленудің жөні осы екен деп кез келген қызды алып бармай, ең дұрысы сырын білетін қыз алу. Ауылы аралас, қойы қоралас қыз болса тіпті жақсы. Ол кезде, ата-анаң мен туған туыс өздері-ақ ұят үшін ажырастырмайды.
Махабат махабатымен ғой, алайда 1-2 жылдан соң оның жұғыны да қалмайды. Қалатыны тек адам және қимастық сезімі, және балалар. Ойланып алу керек, жігіттер…
avatar
  • yerbol89
  • 24 қыркүйек 2012, 10:31
  • +1
Мен басында ойлайтын едім Махаббат сезім анау мынау деп. Бірақ соңғы кездері байқап жүрмін оның барлығы әшейін екен. Анасының тәрбиесін көрген, анасын көріп барып қызды алған дұрыс екен. ))) Баяғыда өзім тауып аламын тұратын мен ғой деп жыртылатын едім, Қазір анам тауып берген қызды аламын деуге көштім ))))
Қазір анам тауып берген қызды аламын деуге көштім

күлкілі көрінер. бірақ ең дұрысы сол. Өйткені ол қызға сен үйленбейсің, ең алдымен анаң, әкең, туыстарың үйленеді. Әйел басыбайлы 50-ден асқан соң ғана сеніңкі болады. Және де оңтүстікте үйленгенде көптеген факторларды есепке алу керек, вплоть до руына дейін. Кландық дәрежедегі текетірестердің асқынғаны соншалық, ол қарапайым жанұяға да әсерін тигізеді. Мәселен, қоңырат жігіт дулат тайпасының қызын алса, және егер ол қыз жақсы сіңісіп кете алмаса анасынан бастап барлық туыстары қызды емес, жігітті "әне дулаттың қызын алып келіп, бізді тыңдамай", деп әңгіме айтады. Әрине, айтылатын әңгіме емес, алайда шындық сол, жасыра алмайсың!
ал, анаң осындай біздің көзімізге бір қарағанда көрінбейтін факторларды ескеріп отырып таңдайды. уобшым сәттілік Ереке. Үйленгеннен үй болудың қиын екенін ескере отырып таңдау жасайсың деген ойдамын. Ең бастысы барлық жағдайды жөндегеннен гөрі, алдын алу оңайырақ екенін ескер!
avatar
  • Delfina
  • 24 қыркүйек 2012, 23:34
  • 0
Әрине ана тәрбиесін көрген қызды алғаның жөн. Бірақ… ертең сол кісілердің таңдағанына үйленуін үйленерсің, отбасы болған соң ұрыс керіс болмайды емес.сол кездері сөздерін басқа жаққа кетуі әбден мүмкін. Ондайларды да көріп жүрмін.
  • qyrmyzy
  • 25 қыркүйек 2012, 10:04
  • 0
Жо-жоқ! Қазір ондай заман емес! Пыроста, жас өткен сайын махаббат кете бастайды ма??Ну енД көрінген әдемі қыз\жігіттерге сына бермейсің! Қыз бен жігіт арасында сыйластық болса, титтей сезім ұшқыны болса, әрі қарай үлкен махаббатқа өзі-ақ айналады, меніңше… білмеймін, маған солай сияқты.
avatar
  • Delfina
  • 24 қыркүйек 2012, 23:27
  • 0
Еркектер өстіп құртадығо…
мәххәбәт хақын айтып отырсыз ба?
avatar
  • ereke_enu
  • 24 қыркүйек 2012, 10:28
  • 0
Емаа, ата-анаң үйленсеш деп жатса, срошны үйлену керек қой саған))) Мне бы твоих проблем))
avatar
  • yerbol89
  • 24 қыркүйек 2012, 10:39
  • 0
Эххх үйленуден қашпаймын ғой. Бірақ алатыным мына жұмыстан 30 мың айлық. Қалада тұрақты үй баспанам жоқ, ауылдағы үй қыйрайын деп тұр. Оны бұзып қайта тұрғызу керек. Сондай мұндай проблемалар жетеді. ойласам шашым ағарады )))
  • Dan4ik
  • 25 қыркүйек 2012, 01:49
  • 0
Ереке қазір 23сін ғой бірінші ата-анаңның көнілін тауып жанағы үйді бірінші тұрғызып алғанын дұрыс сияқты әйтпесе ертең үйленетін кезде қызды 1ші үйге апарасың дегендей ғой… енді менің ойым бұл жерде жаңағы жешеміз жаңа үйге барса дегенім ғой ата-анаңда сол кезде бір қуанып осы жерде бізден бақытты адам жоқ шығар деееп айтып отырады ғой…
avatar
  • onlasyn
  • 25 қыркүйек 2012, 10:07
  • 0
Қайда жұмыс істейсің? (құпия болмаса)
  • Dan4ik
  • 26 қыркүйек 2012, 02:30
  • 0
кіііім?
  • qyrmyzy
  • 25 қыркүйек 2012, 10:07
  • +1
Оның бәрі жаймен өзі-ақ болады. Денсаулық бар, жұмыс бар, шүкір Алла! Үй-үй деп жүре берсең, жүре бересің. Үйіңді бітірген соң тағы бір проблема шығады. Одан да бәріне көз жұма қарап үйлен! Бітпейді тірлік. Ешқашан біткен емес…
  • Abylai
  • 24 қыркүйек 2012, 16:35
  • 0
Маған уәще тоғызыншы класстан бастап үйлен деп айтып келятр үйдегілер.
avatar
  • ereke_enu
  • 24 қыркүйек 2012, 16:43
  • 0
Сендер мықты екенсіңдер. Мен жай оқуымды бітірмей үйленуге духым жетпей жүр. Бітіріп алайын, актив поискқа кірісем ИншаАлла. Ағам да бар алда үйленбеген ))
  • ruben
  • 24 қыркүйек 2012, 18:03
  • 0
бәрінен де Нұрекеге обал екен ғой (((:
avatar
  • ereke_enu
  • 24 қыркүйек 2012, 18:06
  • 0
Қайдам, оның ештеңеге қарайын деп тұрған жоқ))) Масқарамызды шығарып кетпесе бопты)
  • Dan4ik
  • 25 қыркүйек 2012, 01:51
  • 0
Рубен аға сіздің тойыңызға қашан барамыз бір билегім келіп жүршее
  • qyrmyzy
  • 25 қыркүйек 2012, 09:58
  • 0
сен ана қыз сияқты билейсің ба?
  • Dan4ik
  • 26 қыркүйек 2012, 02:36
  • 0
одандаа зор білеймін просты мүмкіндік бомай жүр ғой...
  • qyrmyzy
  • 26 қыркүйек 2012, 09:56
  • 0
кән, көрсетші. Тойға сені ертіп барайыншы онда, как раз охранам боласын?
  • Korkem
  • 25 қыркүйек 2012, 10:58
  • 0
  • ruben
  • 25 қыркүйек 2012, 11:45
  • 0
PhD қорғайын алдымен, сосын иншалла от души кафель тесесін, билеп емес, ремонт жасап. Кейін тойда трансқа кіріп те, транстарша да билеуіңе ұРұқсат. Оған дейін шашыңды тарап беретін адам тауып қоймасаң (((:
  • Abylai
  • 25 қыркүйек 2012, 13:49
  • 0
PhD қорғайын алдымен

— Қашан үйленесің?
— Магистратура бітіргесін — дейтін едім, тым жастай кетейіндеп тұрғандай бопқалдымдаЧы, PhD бар екен ау әәә
  • qyrmyzy
  • 25 қыркүйек 2012, 13:54
  • 0

Лупа әшкилі пыашдыны бітірген джігіт тойына шәшіміз әғәріп баратын сияқтымыз ғо
  • ruben
  • 25 қыркүйек 2012, 14:00
  • 0
келер жылы шаш ағаратын болса, білмим енді, жұмыс істемей үйде отыру керек (((:
avatar
  • ereke_enu
  • 25 қыркүйек 2012, 14:36
  • 0
келер жылы, келер жылы… көбіміз асыл бойдақтығымыздан айрылатын болдық-ау)))
  • ruben
  • 25 қыркүйек 2012, 13:58
  • 0
енді, бырат, оқу керек пока ми қабылдайт. біреулердей алақанда уқалап жүргеннен гөрі (((:
avatar
  • ereke_enu
  • 25 қыркүйек 2012, 14:35
  • 0
Ертерек үйлене бер, көп балаң болады))
  • Dan4ik
  • 26 қыркүйек 2012, 02:37
  • 0
болды бір ауыз сөзіңіз ғой ...
  • qyrmyzy
  • 25 қыркүйек 2012, 10:08
  • 0
avatar
  • Kan
  • 24 қыркүйек 2012, 08:59
  • 0
Күнде таңертең тұрғанда анаңның бетінен сүюді ұмытпа. Әрі жұмыстан келгенде, жұмысқа кеткенде анаңды құшақтап иіскеп бетінен сүйіп отырсаң ол кісілер мәз болып қалары анық. өз басым анамды күніне бір рет сүймесем көңілім көншімейді. Ол кісіде соған үйреніп үнемі сенің жылылығыңды күтіп жүреді. Ал қымбат сыйлықтар өз алдына бөлек тақырып. Ең бастысы ананың көңілін аулай білу. Қанша қымбат сыйлық алып берсеңде анаңның шынайы бір күлгеніне жетпейді.
avatar
  • ereke_enu
  • 24 қыркүйек 2012, 09:06
  • 0
Анаңыз бақытты екен
avatar
  • dimash
  • 24 қыркүйек 2012, 10:40
  • +1
<code>Біздің отбасыда кинодағыдай «я тебя люблю, мама» деп жатады ғой, ондай қалыптаспаған, өкінішке орай.</code>

Дәл олай айтпасам да, ұйқыға жатар алдымда міндетті түрде бетінен немесе маңдайынан сүйемін.
Айтқаның тыңдамау, кері жауап қайтару, қырсығу ол біздің еркелігіміз ғой, меніңше еркелігіміз қайтқанда ол да қойылады.
Қазір олай қаржы жинайтындай жағдайда емес екенмін, өзім студентпін, мен үшін стипендияма ілігіп жүррсем да жаман көрсеткіш емес, банкоматымды 1 курстан бастап мамама беріп қойғанмын
Ал, алдымыздағы жалды ЖООға түсіп жатсам анам үшін де, өзім үшін де сондай қуаныш болады)
Аса мейірімді Алла соған жеткізсін))

Негізі жұмысы бар, қызметтегі адамдар үшін қаржы жинап санаторияларға демалдырып қайтаруға болады ғой, жалғыз бармас үшін анаңыздың сіңілісі болмаса апасымен қоса болса тіптен керемет!
Басы ауырып, яғы сырқырамайтын үлкен кісілер кем де кем ғой қазіргі кезде.
Пікір 2021-09-24 10:43:57 күні dimash тарапынан түзетілді
  • Dan4ik
  • 25 қыркүйек 2012, 01:56
  • +1
үйдің үлкені болсаң осы ғой үйленуге асықпайсың ананы мынаны бір ойлааап...үйдің үлкен жігіттері нешоо аляқ бақытты боп кетеміз…
  • qyrmyzy
  • 25 қыркүйек 2012, 10:09
  • 0
әй, сабағыңды оқы!
  • Korkem
  • 25 қыркүйек 2012, 10:59
  • 0
  • ruben
  • 25 қыркүйек 2012, 12:06
  • 0
Өнердің көмірін тасып, күлін шығарып жүргендер қайта ерте үйленсін. Ыстың иісі мен күйесіне былғанбай…
  • Dan4ik
  • 26 қыркүйек 2012, 02:41
  • 0
ахахахах Рубеке мына сөзіңізді тошна маған айттыңыз ау дейм ))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.