Онлайн дебатқа қалай қарайсыз? Ұсынысыңыз

Әлеуметтік сауалнамалар /
Басталған дебатқа жайлы түрлі сын-пікірлер айтылып жатыр. Әлбетте, оған еш дауым жоқ. "Көш жүре түзеледі" демекші.. Дебаттағы басты мақсат - бір мәселенің екі жағында қарастырып, бір қорытындыға келу. Ұрыс-керіс, сөз таластыру, қалайда жеңу емес. Әркім фактілермен өз пікірін жеткізсін. Сөз мақсаты жету емес пе еді? Ортақ мақсат осы болсын. Осы мақсатты негізге ала отырып, онлайн дебаттың ережесіне байланысты ӨЗ ҰСЫНЫСЫҢЫЗДЫ айта отырыңыз.

13 пікір

AKA
Уақыт, ұсынарым тек уақыт мәселесі. Екі жақ келісіп, бір уақытты нақты белгілесе екен. Үзіліс жасап қажет емес, үзіліс болған күннің өзінде де аз уақытқа ғана. Себебі, арасы суып кетсе, қайта қыздыру қиындау, қызықты тартыстар болмай қалаД. Сосын, пікір шектеулігі қарастырылса және актуалды тақырыптар қозғалса деген ниет бар.
Korkem
Қосылар ем, тек белгілі бір уақытты шешіп алсақ?! Очым, дайынмын!
ereke_enu
8 адам қатысқым келеді депті, қуанып тұрмын. Жеңіліп қалам деп ешкім қорықпайды екен де, уақыттары да бар екен. Бастаманың жаман болғандығы ғой онда.

Сол рас болса, келесі Дебат-2: қатысушыларын анықтайық!

Дебат тақырыбына сауалнама жасауға болады, немесе қатысушылар өзара келісіп алсын.
Korkem
Бастаманың жаман болғандығы ғой онда.
неге жаман?
ereke_enu
Қателесіп кетіппін, жаман емес дегім келген
ereke_enu
Уақыты, тақырыпты таңдау қатысушылардың өздеріне қалсын. Солай дұрыс болатын секілді
Jako
Негізі бәріде қозғалатын тақырыптың қаншалықты маңыздылығында деп ойлаймын.
ereke_enu
Ия, қатысушылар өздері сондай тақырыптар таңдауға тырысатын шығар
dimash
Маңызды тақырып болса неге оқымасқа.
Ұсынысым: Ұзын сонар етіп жазғаннан, соны ойындағысын барынша қысқартып, маңызды жерін ғана жазып өтсе. Әйтпесе бір ойын басқаша ғалып қайталай берген сон онша қызық болмайды екен.
Togzhan
Жақсы бастама екен) Аудио түрінде (скайп сияқты нәрсемен)жүргізсе қалай болар екен?)
ereke_enu
Бәрі «жақсы бастама, қатысқым келеді» деп алады да, «ал, кәне, бастайық» дегенде бастарын бұғып қалады.
Togzhan
Нақты уақытқа келіссек қатысар едім.
ereke_enu
Өзіңіз бастап қарай беріңіз, менің жұмысым бастан асып жатыр. Ақпан айына қарай мүмкін босап қалармын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.