Жол кептелісіндегі уақытыңыз қалай өтуде?

Әлеуметтік сауалнамалар /
Әлеуметтік сауалнамалар: Жол кептелісіндегі уақытыңыз қалай өтуде?
Адам баласына берілген, ең үлкен нығметтердің бірі — уақыт. Көп жағдайда, уақытымызды қайда, не нәрсеге арнап жатқанымызға көп мән бере қоймаймыз. Бір сағатымыз өтсе, көрімізге бір табан жақындадық деген сөз.
Бір күндік уақытымыздың көп бөлігі болмаса да, біршамасы, әсіресе «часпик» кезінде автобуста немесе басқа көліктерде жол кептелісінде тұрып өткізіп аламыз. Кейбіреулеріміз вконтакте, facebook немесе watsapp-та таныстарымызбен хат алмасып отырамыз. Ал сіздің жол кептелісінде тұрғанда немесе ұзақ жолға сапар шеккенде уақытыңыз қалай өтуде немесе тиімді өткізудің қандай жолдары бар деп ойлайсыз?

10 пікір

Flower
Жапониядағы мектеп автобусы.
Delfina
Бізде мынадай автобустар болса 1 күнде тұрмайтын болар))))
ereke_enu
Ұзақ жолда, жол кептелісінде көбіне уақытым телефонмен, lingvoleo, ФБь твиттер, ВК, т.б. өзім ұнататын ресурстарды қараймын.
Jazko
жол кептелісі менің өмірімдегі жүйкемді қатты тоздыратын уақыт.
Kan
уақытты ең тиімді етіп өткізу ол мұсылмандар үшін құран оқу. ал шығармашылық адамдар үшін шығармашылықпен айналысу. ана үшін баласына қарау, банкер үшін ақша санау деген секілді ғой.
ulzhankzz
басқа-басқа жеке өзіме жауап беремін. Мен ұзақ жолда тек музыка тыңдаймын. Көбіне жолға шығар алдында 24 сағат ұқтамай жүремін де, жолға шыққанда ұйықтап қалуға тырысамын.Бұл уақыт өткізудің ең тиімді жолы. "Ұйқың келсе қара тас та мамық болардың" кейпімен қалың ұйқыға еніп кетесің.
Соңғы өңделген уақыты:
Flower
(Өз ойым): Кейде автобустың іші лық толы болады, қолыңа кітап емес телефоныңды да ала алмайтын кездер болады. Жүйке жасушалары орнына қайтып келмейді) сабыр сақтап, ондай сәттерде жер мен көктің арасын толтыратын «СубханаАллах» (Аллах барлық кемшілік атаулыдан пәк), «АльхамдулиЛлях» (Аллахқа шүкіршілік ету), «Аллаху Акбар» (Аллах Ұлы) немесе «АстагфируЛлах» (Аллахтан кешірім сұрау) деген сияқты тілге жеңіл, ақыретте таразыда ауыр тартатын сөздерді көп айтып жүргеніміз абзал.
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Бір жақсысы Таразда кептеліс деген пәле сирек болады, жақында ғана төрт сағат бойы тұрғаным есіме түссе төбем шымырлайды. Иә, жүйкеге қатты әсер етеді екен.
adai_make
Жол кептелісінде УАЗ автокөлігінің рулінде өзің отырсаң, жаңа, тиімді автокөлік жасаушы конструктор болып шығасың, бірақ, кептелістен өткен соң ұмытып қалатының жаман. Жаңа жол ережесін құрастыруғада болады, қысқасы көптеген жаңалықтар ашасың.
Flower
Әдетте жол кептелісінде тұрып адамдардың жүйкесі тозып жатса, сіз үшін ғылыммен айналысудың таптырмас мезеті екен ғой онда)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.