Сіз Қазақстанның латын қарпіне(шрифтісіне) көшкенін қалар ма едіңіз?Агентте онсыз да латын қарпі көп қолданылып жүр ғой

Әлеуметтік сауалнамалар /

11 пікір

askerbek
Қазір жастардын бәрі латынша жазада, оқи алады.Меніңше көшкен дурыс,
rauan
Латын әріпі әдемі көрінбейді сосын агентте қолданады деп бүкіл Қазақстанға еңгізу дұрыс емес
askerbek
Негізі кирилицаны орыстар енгізген, біздерді турік әлемінен бөлектеу ушін, латынша уйреңсен, ағылшын тілін біршама тусінер едік
Turekhan
Агенттегі жастардың қолдануларын айтып отырсаңыз олар жетістірмейді. Қай әріпті қай жерде қолданатынын білмейді. Сөйтіп алып құдайдың кириллицасы тұрғанда, латынша жазыпкетеді.
Jako
Сайтта латын емлесі туралы пост жазғанмын, мен өзімнің сол пікірімде қаламын.
Turekhan
Мен келіспеймін дегенмін.
Korkem
Қай қайдағыны қайдын шығарасыңдари осы? Осы өзіміздің қазақ әріптеріне ештеңе жетпейді ғой. Мен келіспес едім… бәрібір де емес
Jako
Менде дәл осылай ойлаймын.
dimash
Мен де мүлдем келіспеймін. Ендігі жетпегені осы еді, латын әріпіне көшсек Түрік-өзбектерге еліктегендей болатын сияқтымыз, бұл бір! Және біз жастар өйтіп-бүйтіп үйреніп-ақ кетерміз, ал үлкендер ше? Сонда біз басқаша кітап, олар басқаша кітіп оқып жүреміз бе? кирилицамен жазылған мыңдаған кітіптарымызды қайтпекпіз? Тарихқа көз жүгіртсек Кеңес одағы специально бізді тарихын білмесін деп араб алфавитінен латынға, одан кирилицаға ауыстырған жоқ па? Егер латын әріпіне ауыссақ тағы да біршама тарихымыздан айрыламыз! Құр босқа пайдасы жоқ шығанға батудың қажеті не? Самұрық қазынамыз симай бара жатса мемлекеттік грант иегерлерін көбейтпейді ме қайта…
PycJIaH
неғо Латын әріпіне қарағанда өзіміздің күнде қолданып жүрген кирилицамызға жетпейтін сияқты!
Jako
Латын емлесі қазақ тілін сақау тілге айналдырады ма деп ойлаймын.Қазақ тілі сөз қоры бай,өзіндік дыбысталу үндестіктері ерекше тіл, бізге кирилиццаның 33 әріпі де аздық қылып, оған өз үндестік аумағымызға лайық әріптер қосып 42қылып отыр емеспіз бе. Сол 42 әріптің ішінде бізге керек емес 1-2 (Ё, Ъ) ғана әріптер бар.Мен өзім бұл әріптерді де керек деп есептеймін. Латын емлесіне көшіп кетсек те орыстармен хат жазысып тұратын шығармыз.Сол сияқты кириллицада қалсақта көрші халықпен қатынасымыз бәрібір болады деп ойлаймын.Кейбіреулер латын емлесіне көшпесек компьютер (интернет) тілінен артта қалып кетеміз дегендей пікірлер айтады, менімше бос сөз. 150млн. халқы бар Ресей компьютер пайдаланбайды деген құлаққа ене ма? Егер пайдаланатын болса сол программалардың бәрі осы кириллицаға аударылмайды ма.Латын емлесінен тағы бір қауіп күтетін тұсымыз болуы керек, ол, қазір қазақ жастарымызда жаппай ағылшын тіліне бет бұрыу тенденциясы байқалуда.Енді бір 10-20 жылдан соң біздің орыс тілі проблемамыз түсін өзгертіп алдымызға ағылшын тілі болып келмей ма деген қауіпім бар. Сонда тіс аурудан құтылып іш ауруға тап болғандай болмаймыз ба? Әрине мен тіл маманы емеспін, дұрыс айтпаған жерлерім болса кешірім өтінемін. Бұның бәрі жеке өз ойым, мақсатым көзі ашық жастарға ой салу.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.