намысы жоқ "казаХтар"

Аналитика /
Қате кетсе «АЙТАБЕР»мендер! қате жазбауға тырысам)

Бұл дүниеге қазақ болып туылғаныма қатты өкінемін...( намысы жоқ, бір-бірімен ұрысып, таласып жататын, көре алмайтын, түкті білмейтін қазақтардан шаршадым!
Біздің жастардың көбшілігі интернетте отырады, қазақ (қазақтілді) жастардың 80% «Мой Мир» сайтында отырады, кейбіреулері интернет деген ол — Мой Мир (Агент) деп ойлайды. Ол сайтта қазақтілді жастар орысша жазуға, сөйлеуге тырысады.
Бір қызығы, бұл парақшаны ашқан қазақ, ал достары (қатысушылар)қазақтар:
Аналитика: намысы жоқ казаХтар
Мен мүлдем түсінбеймін, неге қазақтар бір-бірн «мамбет» деп мазақ қылады? Бұны естіген басқа ұлт өкілдері де, қазақтарды «мамбет» деп мазақ қылады. автобуста екі қазақ қыздары өзара сөйлесіп тұр да бір-бірің «фу мамбетка болып кеттін ғой!» деп атап тұр, сонда осы қазақ қызына жарасады ма? Мен өмірімде орыстар өзара «фу ты быдло» немесе өзбектер «фу ты сарт» дегендерін естіген жоқпын. Әрине қазақ отбасыларында бала тәрбиесі мүлдем төменгі орында, егер тіпті әжелеріміз ақыл айтудын орнына мазақ болып бастары айналып жүрсе:


Жақында мен Өзбекстанға, Ташкент атты алып шаһарда болдым. Өзбек халқына таңқалғаным! Мәдениет, тарихын, тілін ұмытпаған, мақтан ететін халық екен! Ол жерде тіпті орыстардың өзі өзбекше сайрап тұр, ал біз өзіміз өз тілімізді құртып, басқа ұлттырда қазақша сөйлеталмай жүрміз. Көше атаулары өзбекше, көшелерінің өзі қандай тап-таза, ал әр өзбек сенбі сайын ерінбей өз ауласын тазалап тұрады. Ал бізде тазаламақ түгір, қинап шығарсада шықпайды ғой, әрине егер кейбір ата-аналар кішкентай әлі түкті білмейтін балаларына қоқысты, қазақтың тілінде айтқанда «мусорды»: «далаға тастай сал!» деп үйретсе.

Ташкент:
Аналитика: намысы жоқ казаХтар
Аналитика: намысы жоқ казаХтар

Қазақтар өз күштерін, өз билігін мүлдем білмейді. Мысалы жақында намысы биік қырғыздар жамбыл облысына келетін су арнасын жауып тастаған болатын. Қырғыздар өз жерінде митинг ұйымдастырып, қазақтар бізге жер берсін деп талап етті. Ал бізге оралсақ, Жуалы аудананда, Б.Момышұлы аулында, қазақтардың атауы бойынша «Бурное» ауылында, қырғыздардың кінәсі бойынша су келмей, егіндері кеуіп қетсе де, 13 мың халқы бар ауылдан 5 шал ғана сөйлеп тұр..) оның төртеуі талдың астында тығылп тұр, ал біреуі телеарнаға шағымын айтып тұр. Бұл күлкілі ғой, сонда неден қорқады екен қатты сөйлеуге? Біздің аталарымыз намыссыз болса, біздің ұрпақ қандай болады екен?
Аналитика: намысы жоқ казаХтар

17 млн. халық бар деп мақтан етеміз, несіне? егер сол 17 млн. халықтың 11 млн. ғана қазақтар болса, сол 11 млн. ішіндегі 6 млн. ғана қазақша сөйлесе, сол ішіндегі 2 млн. ғана қазақтілді интернет пайданушылар болса. Нағыз көрсеткіш Өзбекстанда: халық саны — 30 млн., өзбектер — 29 млн., өзбектілді — 29,8 млн. Астана, Астана дегенше Ұлы қазақ, Ұлы Абай деген дұрыс!

6 пікір

Jako
Ымммда, дұрыс айтасың, бірімізді — біріміз аяқтан шалып мәз болып жүрміз.
AL-ASTER
Битке өкпелеп, тоныңды итке тастама деген.
Бір бала бар. Қысқасы, чморик. Лайықы сөз айта алмайды, айтқан сөзінде тұра алмай жатады. Әкесін, ағасын кінәләйді, рухымды басып өсірді деп. Кішкентайымнан күн көрсетпеді дейді. Сөздің шынына келсек, балалық шағы ел қатарлы, артық болмаса кем болмаған. Бос сөз деп айтамын. Барлығы адамның қолында. Әсіресе өз өмірі. Ол өзін жаудың алдына жығып беріп тұр. Ал мына автор, өзін емес, күллі ұлтын жамандап тұр. Кім едің?
Священник от Бога
Мәселе ұлтта емес, мәселе адамның өзінде.
Мынадай «жылауық» сөзді шын өмірде тек мұңайған боқтар ғана тыңдап отырады. Көзі ашық, өз пікірі мен өз жауапкершілігі өзіне адамдар мұны тыңдамас деген ойдамын.
Шынымен жаны ашып тұр ма, іспен дәлелдесін.

Өмірде өз өзіңе берік бол дегеннен басқа айтар да, эпитет те жоқ амиго.
gulli
сіздің пікіріңізге қосыламын. Қазағымызда ұлтжанды, болашақты ойлар азаматжандарымыз да бар. Барлығы да тәрбиеге байланысты, тәрбие- тал бесік демекші, жастайынан өз елін қорғар азамат етіп өсірсе, олар да болашақты гүлдетпей ме.
korwinin_kyzy
Посттын аптыры постты жазып откан кезде мас болган сиякты ше УАХХАХАХ
Мындайларды зынданга 15 кунге камау керек уаахаххахаха
Korkem
Осындайларыңды қашан қояды екенсіңдер? Қазақты жаман дегенімен саған біреу жақсысын әкеліп бермесе керек. Ұнамаса бара ғой өзбегіңе, маған ұнайт өзімнің қазағым!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.