КСРО-ның атақты қақпашысы болған Ордабаев

Тұлғалар /

Франция БАРТЕЗБЕН, Германия КААНМЕН мақтанса,қазақтар Ордабаевпен мақтануы керек.Қазақтың осынау біртуар азаматы Ордабаев ағамыз 70-ші жылдардағы КСРО-ның үздік қақпашыларының бірі болған.Бала Құралбектің қақпашылыққа ден қоюы да қызық. Өзімен бірге доп қуған балалардан жасы кіші болмағанда, ол мүмкін қолғап кимес те еді. Команданың ең кенжесі Құралбекті үлкендер жағы алдап-сулап қақпаға тұрғызып қояды екен. Осылайша, ол Шымкент қаласындағы №26 Жамбыл атындағы орта мектептiң негізгі қақпашысына айналды. Мектепаралық турнирлерде жүлдегерлер қатарынан көріне бастайды. Оның өнерін шымкенттiк «Металлург» футбол клубының бас бапкерi Виктор Плясунов сырттай бақылап жүріпті. Онжылдықты бiтiрерде Плясунов Құралбекті өз командасына шақырады. Бапкердің көмегiмен ол бас-аяғы бiр-екi жылда нағыз қақпашы болып қалыптасты. Айтпақшы, Құралбектің «Қайрат» құрамында ойнауына әкесі Досжанның айтқан бір ауыз кесімді сөзі әсер етіпті.
Бірде КСРО құрамасы және атақты киевтік «Динамоның» шабуылшысы, «Алтын доп» иегері КСРО чемпионатында 211 гол соққан Олег Блохин Құралбек қақпашы туралы былай деген еді: «Менің «Спартак», «Торпедо» және тағы басқа командаларға соққан добым есімде. Бірақ, «Қайратқа» қай кезде гол соққанымды есіме түсіре алмай тұрмын. Қазақ командасының қақпашысы Ордабаев мықты болды, әсіресе ол пенальти қайтарудың «құдайы» еді».
Атақты Олег Блохин Құралбек қақпашы туралы әңгіменің бір парасын осылай қайырса, басқасына не дейсің! Олег Блохиннің пікірі бұл, Ордабаевтың мықтылығын мойындаған.
Құралбек Ордабаевпен бірге ойнаған футболшылар да оның пенальтиден бөлек, ойын кезінде «тоғыздыққа» көзделген допты қалай қағып жіберетінін тамсана айтады. Бір кездері «Қайратта» Құралбекпен бірге доп тепкен, қазіргі таңда еліміздің футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов мынадай қызықты оқиғаны еске түсіреді: «Одақ біріншілігінде тең түскен екі команда жеңімпазды пенальтиден анықтайтыны жанкүйерлердің есінде болар. Сондай сәттерде Ордабаев өз шеберлігінің арқасында көбіне командасына жеңіс сыйлайтын. Тіпті, қарсыластарымызбен тең түскенде, Құралбекке сеніп, алдын ала жеңіске жететінімізді біліп отыратынбыз. КСРО-ның маңдайалды шабуылшылары ойыннан кейін таңданысын жасыра алмай кеткенін талай рет көрдік».
Ал осындай керемет қақпашы ағамызды өсіп келе жатқан қақпашыларымыз пір тұтуы керек!
Қазақ осындай қақпашымен мақтансын!

Жалпы дерек.
Құралбек Ордабаев Досжанұлы (6.8.1949 ж.туылған, Шымкент қаласында ) – қақпашы, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984). «Металлург» футбол мектебінің түлегі (Шымкент). «Қайрат» футбол командасының құрамында КСР чемпионатында 185 ойынға қатысты. Халықар. теміржолшылар одағы жарысының кубогі иегері. 20 ғасырдың 70-жылдарындағы еліміздің ең үздік қақпашысы. «Қайрат» командасының бастығы, вице президенті (1992 – 95), Қазақстан футбол ассоциациясының президенті (1996 – 2000). 2002 жылдан «Қайрат» футбол клубының президенті.

Пы/сы: деректер интернеттен жинақталды.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.