Мұхаммед Әли (Кассиус Клей)

Тұлғалар /
Аты аңызға айналған боксшыны оның талантына тәнті жанкүйерлер әлі күнге үздіктердің үздігі санайды. Рас, ол спорттан кеткеннен кейінгі 30 жылға жуық уақытта әлемдік деңгейдегі талай боксшының бағы жанды, алайда, олардың бірде-бірі Әлидің даңқымен теңесе алмай келеді.
Ол ислам дінін 1964 жылы қабылдады. Оған дейін жұртшылыққа Кассиус Клей деген аты-жөнімен танылған. Өнерге жақын әкесі ұлын-поэзияға, анасы-сурет салуға икемдеген. Ұрланған белесебетін тапқызу үшін полицияға барған жасөспірім «егер ұры қолыма түссе, оңдырмаймын» деп кіжінеген екен. Миығынан күлген тәртіп сақшысы Джо Мартин «ол үшін саған көп нәрсені үйрену керек» деп, балақайды өзі жаттықтырушы боп істейтін бокс клубына алып келеді.
...Әли жұлдызы 1960 жылғы Рим Олипиадасында жарқырай жанды. Оның рингтегі өнері миллиондаған көрерменнің көз жауын алды. Бойы 192 см, салмағы 97 келі алып боксшының сонысына қарамастан шаршы алаңда шапшаң қимылдай алатынына риза болмаған жан қалмады. Өз тәсілін «көбелекше ұшу, араша шағу» деп атады. Көп ұзамай кәсіпқой боксқа ауысты. 15 жыл бойы әлем чемпионын ешкімге бермеді. Ол 61 жекпе-жек өткізіп, соның тек 5-інде ғана жеңілді.
Әлидің денсаулығынан кінәрат байқалған соң, жаттығу барысында жүрек қағысы жиілеп, қан қысымы көтеріліп кететін, сонда да ауырып тұрса да өз кәсібін тастамаған. Соның кесірі болар, орталық жүйке жүйесі сыр беріп, Паркинсон дертіне шалдықты. «Алла маған бұл ауруды №1 мен емес, Ол екенін ұқтыру үшін жіберді» дейді Әли. Спортты қойған соң, ел назарынан тыс қалған жоқ; бұрыннан көзқарасын ашық білдіретін ол сол болмысын сақтап, қоғамдағы көкейкесті мәселелерге байланысты өз пікірін айтып жүреді.
Бірнеше рет үйленген Әлидің 9 перзенті бар. Ішіндегі ең атақтысы-әке жолын қуған, жаратылысы нәзік, жұдырығы мықты боксшы, бірнеше чемпион атағын алған-Лейла Әли.

4 пікір

AL-ASTER
Мұхаммед Әли (Кассиус Клей) шынымен ағылшындықтар айтпақшы, "ғасыр спортшысы" екені рас.
Бірақ, көп сөйлейтіні жарамады меніңше. Бұл бірінші кезекте, өзін жарнамалау мақсаты болса (онысын Джо Фрейзерге білдірген 2001 ж Нью Йорк таймс газетіндегі кешірімінен білуге болады), екінші көптеген өзінің қарсыластарының өміріне зиянын тигізді. Себебі, ұлы тұлға не десе, халық соны шын көретін. Ал ол қарсыласының психикасына шабуыл жасау мақсатында айтқан көрінеді көп пікірін.
Шындығында, мен Мұхаммед Әлиге лайықты қарсылас, әрі оны жеңу ықтималдығы өте жоғары болған атақты боксшы Джо Фрейзерді айтар едім. Осы боксшы ең алғаш Әлидің карьерасында алғашқы жеңіліс әкелген болатын, жәй емес, Әлиді ұрып құлатқан.
Олар тарихта үш рет қана бокстасса, біріншісі Әлидің жеңілісі, екіншісі тең нәтиже, ал үшіншісі — 1971 ж 8 наурыздағы болған, Филиппин астанасындағы атақты «Манилладағы триллер». Ғажап. Әлемнің теңдессіз қос бокс жұлдыздарының ең үздік жекпе жегі. Бұл бокс тарихтағы ең атақты шайқас.
Әлидің бағына орай, Джо амигоның сәтсіздігіне орай, бұл шайқастың жеңісін Әли қанжығасына байлап кетті. Бұл шайқас тең дәрежеде аяқталуы керек па еді дұрысы…

Десе де, тарихта адуынды дарынды тұлға, атақты Мұхаммед Әлидің аты мәңгі қалды…
AL-ASTER
1971 ж 8 наурыздағы болған
алғашқы шайқас, Маниладағысы — 1975 ж, 1 қазан екен кешірім сұраймын.
AL-ASTER
Және 1996 ж атақты боксшылар жиналған (шамамен 5-6 боксшы) аста, Джо Фрейзер де болған. Айтпағым, сол кезде Мұхаммед Әлидің мына бір сөздері, нақты есте қалмаса да жобамен:
«Маған әлемнің теңдессіз адамы деген лайық ұнайды, десе де мен бұған саналы түрде сенбес едім.
Әр дәуірдің өз лайықты тұлғалары бар. Оны мойындай керек. Ғасырдың теңдессіз адамдарының алды және арты мен емеспін. Тек, мен өз дәуірімді дүркіреткен тұлға ретінде ғана өзімнің рухымды жоғары ұстаймын. Бірақ, әр заманның өз тарландары болатынын ұмытпау керек. Және барлығы уақытша!»
korwinin_kyzy
Мұхаммед алиге бір жұрналист, айтынызщы сіздің діңізбен 11 сентябр де жарылыс жасагандарын діңі бір ғой сіз қалай ойласыз? деген екен сонда Мухаммад али дыс саспастан ал ГИтлермен сіздің дін бір емеспе ? деген екен
короче орысшашсы
Журналист:«Какое это чувство, знать что у террористов 11 сентября была та же религия, как и у Вас?». Мухаммад Али: » А какое это чувство знать, что у Гитлера была такая же, как и у Вас?
С сайта www.inpearls.ru/
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.