Кемел Украиндардан тәлім алады

Тұлғалар /
Жаңа қызық болды. Фликрдегі газеттің фотоларына қарап отырған едім. Бір сурет көзіме жылы ұшырай кетті. Салған кезде мән бермеген екенмін. Атын оқып көрсем «Кемел Наушек» деп тұр. Сөйтсем, жақында ғана біздің газетке онымен сұхбат шығыпты.

Кемел Наушек
Кемел Наушек – елордалық жоғары оқу орнының түлегі. Ол білімімен мыңды мойындатуының арқасында жақын шетелде оқуын одан әрі жалғастыруда. Кемелмен агент арқылы аз-кем әңгімелесудің сәті түскен еді.


Украина университетіне қалай жол түсті?

– Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ядролық физика мамандығы бойынша білім алғанмын. Факультет басшылығының қолдауы арқасында Украина мемлекетінде білім алудың сәті түсті. О. Гончар атындағы Днепр ұлттық университетінде прибор және бұзылмайтын бақылау жүйесі мамандығы бойынша магистратураға түсіп, білім алып жатырмын.

– Тарас Шевченко елінің қазіргі тұрмыс-тіршілігі көңіліңнен шықты ма?

– Украин халқы өте бауырмал келеді. Дегенмен, халқының тұрмыс-тіршілігі біздің елмен салыстырғанда төмен деңгейде деп ойлаймын. Халқы көп, жұмыссыздық басым, жалақылары аз.

– Өзге халықтан нені үйрендің?

– Ұлы Кобзарь елінен өз ісіне берілу, еңбекке деген құлшынысты байқадым (күліп). Ең бастысы, борщты дәмді етіп пісіруді үйрендім.

– Университеттегі дәрістер қай тілде өтеді?

– Дәрістер орыс және украин тілдерінде өтеді.

– Алатын шәкіртақыңның мөлшері қанша?

– Шәкіртақымды Еуразия ұлттық университеті қамтамасыз етеді. Оның көлемі 100 АҚШ долларын құрайды.

– Украина университеті мен біздің университеттің білім жүйесіне қандай баға бересің? Артықшылығы, кемшілігі туралы не айтар едің?

– Украинада білім жүйесіндегі кадрлық база өте жақсы деңгейде. Техникалық мамандықтарды теория мен практиканы қатар ұштастырып даярлайды. Бірақ материалдық-техникалық база кеңес өкіметі кезеңінен қалғандықтан ескі. Біздің елде техникалық мамандықтарды теория жүзінде жақсы түсіндіргенмен, практика тұрғысынан ақсап жататыны белгілі. Дегенмен біздің университетке мемлекет тарапынан қолдау жақсы көрсетілетіндіктен практика жағдайын жетілдіруге болады деп ойлаймын.

– Болашақтағы жоспарың қандай?

– «Атаңның емес, адамның баласы бол» деген қағиданы жадымда ұстаймын. Еліне адал еңбегі сіңген, халықтың азаматы болуды қалаймын! Қазақстанның болашағын көркейтуге өз үлесімді қосқым келеді. Осы мақсатқа жетемін деген ойдамын!

Айдана Қуанышева


П.С. Жазба ескі ме, жаңа оны білмедім.

10 пікір

qyrmyzy
Сонда өзге елден тек борщ пісіруді үйрендің бе?
konvict
Сілтеме мынау, айтпақшы nurastana.kz/?p=8759
AKA
Сұхбат азғантай екен. Охх, жақында Садко фм-ге сұрақтар жаудырамыз. :)
Ais_97
Ия ия! Онда сұрақ көбейіп кетеді.
qyrmyzy
Сомен?
Ais_97
Сонымен сұрақтар көп болып, жақсы сұхбаттасатын боламыз Кемел ағамен!
Korkem
ілмектерің өртейді
Ais_97
шыныменде ӨРТ
mairosh
ооебооойййййй КЕма Айтабердің жұлдызына айналыпсыз ғой)))))) ЕНді Садко фмді оқығанда тошно жарылыс болад.
Айтпақшы ілмек өрт
kema
Massagan, ilmekter ort)))) Oldim, realno tyndym((( Sadko FMga shykpai ak koisam bolmai ma?((((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.