Абай тірі болса ше??

Тұлғалар /
Серік Қалиев. Абай тірі болғанда…

Еске алып күнде сағына іздер,

Әр сөзінде мың мағына жүзген,

Дәл қазір Абай тірі боп тұрса,

Таяқ жер еді тағы да бізден!

«Басқа да шауып, төске өрлегені» үшін,

«Қара бір сөзге дес бермегені» үшін,

«Тозығы бар деп дәстүріміздің де!»

Әруақтардан сескенбегені үшін,

Ислам дінін қастерлегені үшін,

Шамани салтты ескермегені үшін,

Тәңірлік дінді хош көрмегені үшін,

Қырауар малды кедейге таратып,

Құнанбай атаға ас бермегені үшін,

Ешқашан оны аямас едік.

Тоқпақтасақ та тоямас едік.

Тоямаған соң қоямас едік.

Қанденге күнін қаратар едік,

Күшіктерімізге талатар едік.

Интернет деген итаршымыздың

Иесіне айтып сабатар едік,

Сақалын оның бір талдап жұлып,

«Вахабис» қылып қаматар едік.

Депутат қылып сайлатпас едік,

«Қайран жұртым…» деп сайратпас едік.

Шабарманымызды айдап сап күнде,

Ақордамызды жайлатпас едік.

«Әйбәттап» арыз жаза алар едік.

Халқымызды одан «тазалар» едік.

«Қазақты араб қылғысы келген»

Қылмысы үшін жазалар едік.

«Ән ұрлағыш» деп дүңк етер едік.

Күллі бір жұртқа күлкі етер едік.

Дінмен соғысқан адамдардың

«Қара тізіміне» тіркетер едік.

Мусинге «мә» деп майлап берер ек.

Жақсы аты болса ылайлап берер ек.

КНБ түгіл ФСБ, ЦРУ- дің

Нысанасына байлап берер ек.

Қара сөз жазып құтырмас еді.

Әнші боп жүрсе ұтылмас еді.

«Дана» деп бүгін дәріптеп жүрміз,

Өлмесе бізден құтылмас еді…

14 пікір

korwinin_kyzy
ащщв щындық мағынасы жақсы екен((
KUANYSHBEK
Абай тірі болса микроблогқа тыным болмас ед)
Nurbergen
Абай тірі ) Міне ол: www.aikero.kz
satirik92
Сөз жоқ. Шындық.
dimash
Абайтанушылар қайдасыздар… Не деп кетті мыналар… Құлағым шыңылдап кетті, Қан қысымым көтерілім, тахикардия, гипертония… гипертермия… Өзің сондай! )
Sarmantay
Ләқпа пікір!!! Ластығынды көпке көрсетудің қажеті жоқ
zhurttyn_balasy
тахикардия, гипертония… гипертермия… Өзің сондай! )
:)
dimash
Прямо Абаймен табақтас болғандайсын ғо, пікір лас емес и)) маниторын шығар
korwinin_kyzy
Не болт саған теп тегіс жерде қуып)))) Өленді түсінбейді екенсін түсінетіндерге қалдыр)))
Болып жүрсен әбігер
Димаш деген дәрігер
Грипптан тағы дерттерден
Тауып берет дәрілер


Ақ жаулықты абзал жандар )))))))))
VVVWWW
Мына қуып кеткеннен мен де түк түсінгем жоқ, және Абай деп қояды
korwinin_kyzy
маған айтватсызба женеше?
maulen
Бауырым, ең әлсіз жеріңді айтайын алдымен дін жайлы біліміңді пысықтап алғаның дұрыс болар, қалғандарын былай қойғанда…
VVVWWW
Серік Қалиев те вахабис па не?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.