Мен білмейтін Медеу

Тұлғалар /
Жақында бір шайдың басында сыйлайтын үлкен апаймыз өзінің танысы туралы айтып отырып:«Медеу ұрпақтары болып келеді. Әлі де сол тау жақта тұрады» — деді. Біздің түсінбей отырған көздерімізді көріп: «Кәдімгі Медеу да» — деді. Ұят-ай. Алматыда жүргенімізге 4 жыл болды, Медеу шатқалы, Медеу мұз айдыны, Медеу ауданы кімнің құрметіне қойылғанын білмеймін.
Сөйтіп бүгін әйдәә гугл шешейді ақтарып біраз мәліметке қанығып қалдым.

Медеу Пұсырманұлы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген қоғам қайреткері, ауқатты адам болған. 1908 жылы небәрі 58 жасында дүниеден өтіп, өзінің Ащыбұлақ қыстауында (қазіргі Ащыбұлақ ауылы) жерленген. Медеудің әкесі Пұсырман батыр болыпты. Малдың бабын жақсы білетін Медеу жағдайын тез жасап алады. Қоғамда сөзі өтетін, беделді кісі болған. 1893 жылдары Верный қаласының бір ауданын басқарған. Өзі басқарған аудан тез гүлденіп, сол кездердегі ірі құрылыстар бірінші сол ауданда пайда болған көрінеді. Әсіресе қазақ жастарына ерекше көңіл бөлген Медеу Пұсырманов қазақ балаларына арнап арнайы пансионат та ашқан екен. Өзінің де балалары көп болған. 12 ұл, 8 қыз тәрбиелеп өсіріпті. Мұсылманшылықты берік ұстанып, қажылыққа да барып қайтқан. Оның атағы, қайырымдылығы, бай­лығы, қарапайымдығы халық аузында жиі айтылатын болған.
Қазіргі мұз айдынының орнында ол кезде Медеудің он екі қанат ақ үйі тігіліп тұрады екен. Кейінгі жылдары («Медеу» мұз айдыны салынғанға дейін) бұл жерде ағаштан қиып салынған қарапайым мұз айдыны болған екен.
1949 жылы Медеу мұзайдынының құрылысы бастал­ғанда, спорт кешеніне Медеу Пұсырмановтың есімін беру туралы шешім бірауыздан қабылданыпты.
Өкінішке қарай, өзге ұлт өкілдері мен шала қазақтар Медеу спорт кешенін әлі күнге дейін «Медео» деп атап келеді.
Деректерді мына және мына жерден алдым

4 пікір

AL-ASTER
Рақмет!!!
saryqazaq
Оқасы жоқ. Енді Медеу ағаның есімі де кімнің құрметіне қойылғанын білетін боласыз:
Arhun
Тамаша пост!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.