ЛАТЫН ӘЛІПБИІ РЕФОРМАСЫНА ҚАРСЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ НЕДЕ ЖАТЫР? (I БӨЛІМ)

Тұлғалар /
Маған тек өз бастарының қамдарын ғана ойлаған, оңтүстіктің тоты құстарындай тек біреудің айтқанын ғана қайталай алатын бұл адамдардың латын өркениетіне деген өшпенділіктері түсініксіз. Олардың қазақ халқының өркениеті жолына кедергі болып тұрып алуы тіптен түсініксіз. Сондықтан осы себепті анықтау мақсатында олардың президентке жазған ашық хаттарына ғылыми талдаулар жасадым.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа,
Қазақстан Республикасының Премьер Министрі С.Ахметовке,
Қазақстан Республикасының Парламент депутаттарына
және қазақ халқына

АШЫҚ ХАТ

1- қателік:

«Латын графикасына бүкіл Қазақстан, еліміздегі барлық басылымдар, барлық ұлт өкілдері бірлесіп көше ме, жоқ, немесе жалғыз қазақ тілі ғана бет бұра ма?» деген сұрақ алдымызды орады. Егер бүкіл республика латынға көшуді мақсат тұтса, онда біз бұл ашық хатты жазуға ниеттенбес те едік. Латын қарпіне «Мемлекеттік тіл» деген аты бар да заты жоқ жалғыз қазақ тілі ғана көшпек. Бұл еліміздің бірлігіне, тұтастығына нұқсан келтірмей ме?

Талдау:
Бұл сөзді мен өте топастық деп айтар едім. Бұған мисал ретінде ең алдымен орыс тілін алып айтып көрейік: Орысты латынға көшіру үшін Россияны латынға көшіруіміз керек. Бұл жөнінде сөз қозғауға біз тұрмақ мұрты қарағайдай АҚШ-тың өзі бата алмайды. Ал қазақстандағы орыстарға бұл әңгімені қозғау тыныш жатқан айдаһардың құйрығын басқанмен бірдей екені көзі ашық ақылы дұрыс адамға айтпаса да белгілі. Сол секілді украйндарды, немісті, грузинді, армянды латын әліпбиіне көшіре аламыз ба? Шынымды айтсам мынадай атақты адамдардан мынадай топас идея туады деп ешқашан ойламаппын. Үйткені олар өздерінің қазақ ұлтын қаншалықты қауыпты жолға итермелеп тұрғандарын білмейді де түсінбейді. Сондықтан болашақ президентіміз бұл топтың арасынан болмасын деп тілегендеріңіз жөн болар.
Ал қазақтар өздері ғана көшсе, орыстың, украйнның, немістің, грузиннің, армянның не өкпесі болмақ?
Сондықтан бұл арадағы қазақ халқын ғана латын әліпбиіне көшіру туралы елбасымыздың ойы кемеңгерлік болып табылады. Бұл қазақ тілінің егемендігі болмақ.


2- қателік:

Ендеше осы істе жолымызды екі үлкен мәселе кес-кестеп тұр.
Бірінші мәселе — мынау. Осы күнге дейін Республикамызда еліміздің ежелгі, кейінгі тарихына, мәдениетіне, рухани құндылықтарына байланысты және ғылымымызды, әдебиетімізді, салт-санамызды әспеттейтін миллиондаған атпен кітаптар, ғылыми еңбектер басылды. Латын әліпбиіне көшкен жас бүлдіршіндеріміз кириллицада басылған баба тарихымыздан, рухани парасатымыздан қол үзіп қалатыны айдан анық.

Талдау:
Бұл әп-әшкере сауатсыз адамдардың сөзі. Ең алдымен сіздерге қазақтың балалары сіздің «қазақша жазба құндылықтарыңызды» оқымайтынын айтқым келеді. Егер осы жолмен тарта беретін болсақ ұрпақтардың ұмытатыны әліппе емес бүкіл қазақ тілі екенін неге алға тартпайсыздар? Тіл ұмытылған жерде сіздің ол құндылықтарыңыз әжетханаға да керек болмайтынын неге айтпайсыздар?
Ал енді оқиды деп тұрып алғанның өзінде, қарттардың айтып отырған тарихи құнды материалдары бұл заманда құндылығын сақтап қалу үшін сөзсіз түрде электронды формаға өзгерулері керек.
Себебі:
(1) қазіргі адамдар кітапханаға барып уақытын сырап қылғысы келмейді,
(2) шаң басқан қағазыңызды еш кім қолына алғысы келмейді,
(3) ол құндылықтарыңыз қоймада шіріп жоқ болады.
Бәрі бір оларды сақтап қалу үшін электронды формаға өзгертесіз. Ал электронды формадағы информацияларды мейлі ол латын болсын немесе кирил болсын немесе арапша болсын, перне тақтадағы бір түймені бассаңыз болды қалаған әліппеңізге бір сикунтта аудару жұмысын компьютер атқарып береді.
Сондықтан мынадай дамыған заманда мынадай ой жазу бұл сауатсыздық, күлкілі!!!


3- қателік:

Латыншаға ауысқан Өзбекстан мен Әзірбайжан республикаларының қаншама ғылым, әдебиет, өнер қайраткерлері бізге осы мәселе төңірегінде өз өкініштерін білдіргені жадымызда. Мәселен, Өзбекстанда, кириллица дәуірінде жарты миллион данамен, немесе 300, 200, 100 мыңмен шығып тұрған газеттер 5 мың, 3 мың, тіпті мың данаға дейін құлдыраған. Бұл ғасыр компьютер ғасыры болғанымен, күні бүгінге дейін жарық көрген кітаптардың 20, тіпті 10 пайызын латын әліпбиіне аударуға миллиардтаған қаржы қажет. Басқа шараларды жиып қойғанның өзінде, үкімет соңғы жылдары мектеп оқулықтарын жеткілікті түрде басуға қаржы таппай жатқанда, қарын мүддесі ғана алға шығып, онсыз да қауқарсызданған рухани парасатымызды мүлде тұқыртып алатынымыз ешкімге құпия сыр емес.

Талдау:
Газет-жұрналдар тиражының азайуы тек қана өзбекстанда ғана болып жатқан жоқ, дүниедегі барлық елдерде болып жатыр. Оның себебі неше түрлі електрондық зерделі құралдардың көптеп пайдаланылуы болып табылады. Сондықтан болашақта бұл салада тираж деген ескі ұғым қағаздың жоғалуымен бірге жоғалады деген сөз. Меніңше бір 5-10 жыл көлемінде қағаз кітаптардың басылуы мүлде доғарылады. Оның орнын електронды оқу құралдарыбаспақ. Отырар заманғы ақындарымыз қазақты содан да тыйғылары келіп жүргені ме әлде жаңа технологиядан хабарларының жоқтығынан ба? Сондықтан бұл миллиардтаған қаржыны қайдан ойлап шыққандары белгісіз. Ол жөнінде байбалам салу қожанасырдың әңгімесінен армен күлкілі секілді.
Латын әліпбиіне көшуде неге Түркияның 1927-1928 жылдар аралығында айналасы бір-ақ жылда латын әліппесіне көшіп кеткенін мысалға келтірмеген? Меніңше Өзбекстан мен Әзербайжандағы латын реформасының алға баспай жатқанының ең үлкен себебін дәл осындай кереғар білгіштердің кесірінен іздеу керек. Сондықтан болашақ латын реформамызды сәтті жүзеге асыру керек болса, ең алдымен оның ең үлкен кедергі элементтерін қазірден бастап айқындап алу керек сияқты. Себебі бұл жолда олар әрқашан аяғымыздан шалып сәтсіздігімізді тілеп тұрмақ.


4 — қателік

Базбіреулер латын әліпбиін нақ бір қазақ немесе түрік халықтарының бірі ойлап тапқандай құлшыныс танытады. Латын әліпбиін біздің эрамызға дейінгі IV-III ғасырларда көне римдіктер қолданған. Ол итальян тобындағы жазу. Тағы біреулер кириллицадан кетсек, орыс отаршылдығынан құтыламыз деп кеуде соғады. Бұл қиял ғана. Олар кириллицаның IX ғасырдың аяғында, Х ғасырдың басында грек жерінде, кейіннен грек діни уағыздарын славян халықтарына тарату мақсатында дүниеге келгенін аңғара бермейді. Кезінде халқымыздың ұлы ғұламасы Ахмет Байтұрсынұлының өзі мынадай пікір білдірген екен: «Латын әрпін алу деген тіршілік мұқтаж қылғаннан ділгерлік қысып туғызып отырған мәселе емес… Әліппеде бірден мәдениет түрінің төбе басына шығарып жіберетін адам білместей айрықша қасиет те, жасырын сыр да болмасқа тиіс».

Талдау:

Бұндай сөздерді қазақстаннан шығып айтсаңыз үлкен масқаралыққа қаласыз. Бұл жерде не үшін латын тілі мен алфавиттерінің ұлылығы, жетістіктері мен көркемдіктері, дүние мәдениетінің тұғыры екендігі ұмытылып, ауызға мүлде алынбай қалған? Қалайша бұл жерде латын тілі мен әліппесінің дүние ғылым мәдениетіне қосқан ұлы үлестері ауызға алынбай қалған? Не үшін көптің бірі көстің кірі секілді етіп жазылған? Латын тілі мен әліппесіне тіл тигізетін ғалымсымақтар ғалым емес, олар ғылыми топастар. Латын ол АҚШ емес, Англия емес, Италия емес, Канада емес, Қытай емес, Франсиа емес, Германия емес. Ол – өркениет, ғылым, өнер және тарихтың жауһары. Ол кирил секілді христиан дінін тарату мақсатында жасалмады. Ол кирилдің құдайы Есус Христостан тағы мың жыл бұрын бар болған. Сондықтан латынды кирилмен салғастыру және оған тіл тигізу топастық. Сонымен кирил қайда, латын қайда екен? Әлде есегім арғымақтан жақсы, деп сонымен жүре бергілері келе ме екен? Жүрсе сол ақындарымыз жүре берсін. Бірақ мен үшін сол тоғыз мешок қи арқалаған есектің түкке де керегі жоқ. Одан да орыс тіліне өтіп кеткенім жақсы.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.