Ауырмашы Ана

Тұлғалар /
Ауырмашы Ана

Ауырмашы, ана, ауырмашы,
Сен ауырсаң тоқтамас, көздің жасы.
Бара алмаймын қасыңа кешір ана,
Осы екен ғой, жатжұрттық қыз баласы.

Жүрегім, сыздап, қатты ауырады,
Әкеме жәутеңдеймін, ауылдағы.
Дұғамда ұзақ болсын ғұмырыңыз,
Алланың келмесінші, қатал заңы.

Ауырмашы ана ауырмашы,
Жер мен көк қой, өмірдің айырмасы,
Балапанын ұядан құлатады,
Талпынсын деп, қияға қарлығашы.

Сенде бізді ұшырдың, қиямыздан,
Оңбайды деп, ескертіп, ұя бұзған.
Біз кеткенмен келін бар, қуаныңыз
Кетпейтін мәңгілікке ұяңыздан.

Қалмасын деп, өсірдің гүлім солып,
Бесігімді сүйеніп, түнде қорып.
Қадіріңді түсіндім, аяулы анам,
Сәби сүйіп, бақытты ана болып.

Сағыныштан елжіреп, ауырасың,
Қарайсың, жолымыздан жаңыласың.
Өзің салған түзу жол, арасынан.
Алла берген бақыттан арылмасын.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.