350 баласы бар ана

Тұлғалар /
Kaspi bank қарапайым адамдардың өмірі мен жетістіктерін насихаттауға арналған «Kaspi қаһармандары» жарнамалық кампаниясын кезекті кейіпкермен жалғастырды. Бұл жолғы «қаһарман» «Нұр» қайырымдылық отбасылық балалар үйінің негізін салушы Тұяқ Есқожина.
Бұл ерекше жанның өмірі кез-келген жанды таңқалдырмай қоймайды. Ол үш жүз елу баланың анасы.

Осыдан 16 жыл бұрын ұстаз, үш баланың анасы, Алматы қаласының тұрғыны Тұяқ Қазкенқызы Талғар қаласынан отбасылық балалар үйін ашады. Бар мақсаты – үйсіз, күйсіз қалған балардың басын қосып, аналық мейірім сыйлау, аяғынан тұрып, өмірден өз орындарын алуына көмектесу болды. Алайда басында оған ешкім сенбеді. Күйеуі де алғаш ойын айтқанда аң-таң болады. «Қалай, бізде бір тиын жоқ, қалай ашпақсың?» деп сұрайды таңқалған күйеуі. Бірақ, кейін жарының ойымен келісіп, қолдау білдіреді. Үш ұлы да қарсы болмады. Алматыдағы үйлерін сатып, Талғардан жалға ғимарат алып, балалар үйінің алғашқы жұмысы басталып кетеді.

Балалар үйін ашуды Тұяқ Қазкенқызы көптен жоспарлаған еді. Бірақ күндердің күні барахолкада күйеуіне аяқ қиім іздеп жүрген. Кенет біреудің етегінен тартқанын байқап қалады. Артына бұрылғанда ешкім байқалмайды. Төмен қараса кішкентай арық алты жас шамасындағы қыз бен одан кішірек сәбидің тұрғанын көреді. Мұңды көздер Тұяқтың отбасын құрғанға дейінгі кездерін еске түсіреді. Кішкентай Катя, Тұяқ бірден еркелетіп Қатира деп атап кеткен қыздың әкелері ішкілікке салынып кеткен болып шықты. Жалдамалы бөлмеде, жүре алмайтын әжелерінің қолында қалған қыздар аштан өлмеудің қамымен базар жағалап қайыр тілейді екен. Тұяқ Есқожина азық-түлік алып беріп, өзі үйінен ақша әкелуге кетеді. Қайтып оралғанда қыздарды әкесі алып кеткенін естиді. Осы оқиғадан соң ол балалар үйін ашуға түбегейлі бет бұрады. Зейнетақы жасына жетіп қалғандығы да алған бетінен қайтармайды.

Жайлы үйінде, бала-шағасының қасында бақытты өмір сүре беруге болушы еді. Алайда Тұяқ Қазкенқызы бақытқа жету басқаларды бақытты ету керек, деп шешті. Ең басында 50 адамдық балалар үйін құру көзделеді. Алайда ашылар кезде 120 бала жиналады. Оның 35-і мүлдем құжатсыз, барлығы дерлік аурушаң. Кейбірі тіпті бүкіл отбасымен 5-6 іні-қарындастарымен келген. Тұяқ Қазкенқызы құжаттарын қалпына келтіріп, балаларды емдеуге кіріседі. «Адамдар мені алаяқ деп ойлады», дейді өзі. Бірақ, оларға өзің мақсатын сөзбен емес, іспен дәлелдеуді жөн көреді. Әрі дәлелдеді де. Бүгінде Тұяқ Қазкенқызының 100 баласы-жоғары білімді. 10 баласы магистратураны бітірді, 26-ы жоғары оқу орындарында оқуда. Екеуі Қытайда білім алды. Отағасы Әнуар екеуі 74 үйлену тойын өткізді. 26 ұлын үйлендіріп, 48 қызын тұрмысқа берді. Бәрі бақытты өмір сүруде. Қазір ата-аналарына немерелерімен қонаққа келіп тұрады. Өз балалары мен бағып алған балалары арасында айырмашылық жоқ дейді. Дәлел айтсақ, туған балаларының балалары, басқалармен бір бөлмеде жатып, солар ойнаған ойыншықпен ойнайды…

Балаларының алды отбасылы болып өсіп кетсе де, Тұяқ Қазкенқызына кез-келген уақытта келіп көмек сұрауына қарсы емес. «Олар менің туған балаларым ғой» дейді.
Тұяқ Қазкенқызының ендігі арманы – барлық бала-шағасы үшін «Нұр» қалашығын салу.
«Менің балаларым сүйікті мамандықтары бойынша жұмыс істейді. Бірақ олардың баспаналары жоқ. Егер ата-анасы балаларына қамқорлық көрсетпесе, оның кім болғаны? Мен әрбір баламның өз пәтері орналасқан, «Нұр» қалашығын салуды армандаймын. Ол жерде балабақша, дүкен, кафе, спорт залы, демалыс орны болады» дейді. Біз ол кісінің бұл арманына да жетеріне сенімдіміз.

Өмірде өз ісімен басқаларға үлгі жандар көп. Олар әлемді жақсы жаққа өзгертушілер. Тұяқ Қазкенқызы солардың бірі. Айналамды жақсартқым келді, өзімнен бастадым дейді.

Тұяқ Қазкенқызының қатысуымен өтіп жатқан жарнамалық кампания туралы толығырақ білгіңіз келсе, басыңыз.

7 пікір

Jako
Игілікті іс, бірақ Каспийбанктің қатысы қаншалықты екенін түсінбедім. Қаншама жесір қатын, жетім балалар осы банкке алданып бастарындағы баспаналарынан айырылып қоңыз теріп кеткенін өзім талай көріп жүрмін.
yesbolat83
баспаналарынан айырылып қоңыз теріп кеткенін өзім талай көріп жүрмін.


Айтпақшы, аға, тымжақсы постты бұл пікіріңізбен тас-талқан қылдыңыз ғой.
Jako
Жоқ Еске, ондай мақсатым болған жоқ, тек мақала мен Каспий банктің арасында еш байланыс таппадым. Бұл кісі бастағанда бұл банктер мүлдем болмаған.
madinabdukadir
жақсы адам — жақсы ісін жарияламайды…
jurnal_still
Расында Каспи банктің не қатысы бар екен. Алайда осындай игі істер жасай отырып, өзгеге ой салу деп ұғындым. Мәселен, келешегін ойламастан от басып, бала ғұмырын тас-талқан ететіндерді көріп, тіпті не айтарыңды білмей қаласың.
journalist001
Тұяқ Қазкенқызы сіз өте қайырымды іс жасап жүрсіз.Сіз Сияқты адамнан, біз үлгі алуымыз керек.Мен сізді мақтан тұтамын.
0010482335
Бәрімізде даладан көп ақша тауып алуды армандаушы едік қой, сол сияқты менде 1 қап ақша тапсам жетім уйін салып, балаларға көмектескім келетін.Осы арманым болатын бала кезден бері.Далада ақша жатпайтынын ұққан соң,қолдың қысқалығы тағы бар… әттең тонның келтесі-ай деп, арман «арман» күйінде қалатын сияқты…
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.