«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевпен жастардың кездесуі өтті

Тұлғалар /
Ағымдағы жылдың 26 ақпан күні «Нұр Отан» партиясының Ақтау қалалық филиалында, облыстағы жастар ұйымдарының көшбасшылары, студент жастар, жас мамандар кеңесі және жасотандықтар мен ҚР ардагерлер кеңесінің төрағасы, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері Өмірзақ Озғанбаевпен кездесуі өтті. Шара «Жас Отан» ЖҚ-ның «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында өтіп, бір сағаттық қызықты кездесу болып өтті. Кездесу мақсаты: Кешегі мен бүгінгі заманның жастарына шолу жасау, бүгінгі қоғамдағы жастардың рөлі туралы қоғам қайраткерінің пікірі мен салихалы әңгімесін жастарға жеткізу. Үлкенді құрметтеуге, ардагерлерімізді ардақтауға, отанын сүюге жастарды тәрбиелеу.
Аталған жоба аясында өткен жылдан бастап Ақтау қаласында жастармен ел ағалары, қоғам қайраткерлері, ақын жазушылар кездескен болатын. Бүгінгі кездесудің де маңызы мен орны ерекше деп есептейміз.
Кездесу барысында Өмірзақ Озғанбаев жастарға қазақ елінің бүгінгі жетістігінің, беделінің жастар үшін жауапкершілікке толы екенін түсіндіріп, болашақ жастар үшін жасалып жатырған бастамалар туралы атап айтты. Соңғы елдегі саяси өзгерістер мен кең көлемді шараларға тоқталып, ардагерлеріміз үшін жасалып жатырған іс-қимылдар жөнінде тоқталды. Жастарға айтар ыстық ықыласы мен ақылын да қалдырмай айтып, салихалы әңгімесімен жастарға рухани күш берді деп ойлаймыз.
Кездесуге Ақтау қаласындағы ардагерлер де қатысты.
Жиын барысында өзінің шығармашылықтары туралы сұраған жастарға және белсенді қатысқан студенттерге естелік кітабын ұсынды.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.