Сейілда Икрамұлы Байшақов (аңыз адам)

Тұлғалар /
Ассалаумағалейкумдер!
Амандаса отырып аңыз адам блогының алғашқы постын жарияламақшымын, олай болса ары қарай…

Сейілда Икрамұлы Байшақов 1950 жылы 28 тамызда Жамбыл қаласында туған. Қазақ. Әкесі — Байшақов Икрам Берікбайұлы, марқұм, ҰОС қатысқан, жүк тиеушілер бригадирі болған. Анасы — Байшақова Нархан, зейнеткер, сауда саласында жұмыс істеген. 1968 жылдан — «Энергетик» футбол командасының (Жамбыл қ.) ойыншысы. *1970 жылдан — ойыншы,



1974 жылдан — «Қайрат» футбол командасының (Алматы қ.) ұзақ уақыт капитаны.
1989 жылдан — Республикалық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің (Алматы қ.) бас жаттықтырушысы.
1990жылдан — «Ақ қанат» футбол клубының (Алматы қ.) жаттықтырушысы.
1998 жылдан — ДТИСК (Алматы қ.) жаттықтырушысы.

ҚР Мини-футбол федерациясының президенті. ҚР Футбол одағының вице-президенті. КСРО чемпионатында 225 матч өткізіп, 7 гол соққан. КСРО құрамасының құрамында 2 матч өткізген. Әлем чемпионатының іріктеу ойындарына қатысушы (1977). Ардагерлер арасындағы футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдегері. КСРО спорт шебері. Халықаралық кластағы спорт шебері. ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Қазақстанның XX ғасырдағы үздік футболшысы деп танылған.
Хоббиі — кітап оқу, музыка, спорттық телебағдарламаларды тамашалау.
Жұбайы — Төлегенова Мәриямгүл, Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі болған.
Ұлы — Қайрат. Немерелері — Дамира, Ескендір.

Пайдаланылған Уикипедия сайты.!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.