Вера БРЕЖНЕВА:«Махаббат – өмірдегі ең көркем құндылық»

AitaberPress /

Әнші, тележүргізуші… енді міне, актриса. «ВИА Гра» тобының экс-әншісі Вера Брежнева соңғы уақытта кино әлемінен де көріне бастады. Құны 3,5 миллион долларға бағаланған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында түсірілген «Любовь в большом городе» фильмі Ресей кинотеатрларынан 8,5 миллион доллар жинап үлгерді. Жаңа фильмнің тұсаукесер рәсімімен Астанаға келген сапарында әншімен әңгімелесудің сәті түскен-ді.


 


– Вера, сен түскен жаңа жобаның резюмесі «махаббатсыз секске жол берілмейді» дегенге саяды. Бұл махаббаттың жаңа идеологиясы ма?
– (Күліп алып) Соңғы уақытта жастардың бір-бірімен табысуы да, ажырасуы да тез болып кетті. Бұған етіміз үйренген. Фильмнің басты идеясы – қадірі кете бастаған махаббаттың құндылығын қайтару. Сезім – біздің өміріміздің басты байлығы. Онсыз өткен өмірдің мәні жоқ. Болмақ та емес. Фильмнің негізгі идеясы, айтар ойы осы. Түсіруші топ махаббаттың өмірдегі ең көркем құндылық екенін көрсеткісі келді. Олар бұл мақсаттарына жетті де деп санаймын.
– Бұл фильмнен кейін кинотеатрларға көптеген ер азаматтар тек сені көру үшін ғана баратыны анық. Осы ретте актерлік қабілетің «екінші планға» ысырылып қалады деп ойламайсың ба?
– Өкінішті, әрине. Бірақ мен кино саласына мүлде басқа әлемнен қосылғандықтан, актерлік дебютіме сын көзбен қарайтындар көп болады деп ойлаймын. Себебі кино өнері – «бөтендерді» бірден қабылдамайтын суық орта. Өнердегі Вера мен өмірдегі Вера – мүлде екі бөлек адамдар.
– Сонда өмірде қандайсың?
– Биік өкше көп кимеймін. Сasual стиліндегі киімдерді ұнатамын. Қажет болмаса, көшеде жүргенде көп боянбаймын. Сондықтан болар мені танымай жататындар көп. Бірақ камераны жақсы көремін. Оның алдына барғанда бойымда ерекше серпіліс пайда болады. Құлпырып шыға келемін.
– Керісінше, сенің образың тәкаппар әйелді елестетін секілді...
– Неге? Біріншіден, мен ешқашан біреудің назарын
өзіме аударуға күш салған емеспін. Екіншіден, өзге әйелдер секілді мен де кір жуамын, киім үтіктеймін, үй жинаймын. Қажет болса, борщ жасап, шеге да қағамын. Ешқандай жұмыстан қашпаймын. Бірақ қазір мұның бәрін жасауға уақыт жоқ. Егер алда-жалда осындай шаруаға тап келсем, «қолымнан келмейді» деп қорықпаймын. Тіпті фильмдегі Катя образынан өзіме жақын тұстарды көбірек көремін.
– Көптеген әншілер ырымшыл келеді. Сен неге сенесің?


– Ондайым жоқ. Керемет ырымшылмын деп айта алмаймын. Тек аяқ киімді ғана міндетті түрде оң аяғымнан бастап киемін.
– Режиссер Марюс Вайсбергті бұрыннан жақсы танушы ма едің?
– Марюс Лос-Анжелесте оқып, білім алған. Кәсіби тұрғыдан қалыптасқан режиссер. Онымен
бұрыннан таныспын деп айта алмаймын. Ресейге келген сапарында мені теледидардағы жарнама роликтерінен көріп қалса керек. Содан бойымдағы актерлік қабілетті байқап, өзінің жобасына
шақырды. Менің жұмысымның көп бөлігі Ресейде өткенімен, негізгі тұрғылықты жерім – Украина. Бір қызығы, олар осы фильмді түсірерде украин және орыс жұртына бірдей танымал адамды іздеген. Ал мен сол талапқа сай келгенмін. Алғаш сценарий жобасын таныстырғанда, «үлгермейтін шығармын» деп ойладым. Себебі дәл осы кезде Ресейдің 1-арнасынан көрсетіліп жатқан «Ледниковый
период» жобасына қатысушы едім. Дайындық уақытында Нью-Йорктан Киевке, одан соң Мәскеуге қайта ұшып келу күн санап қиындай түсті. Ақыры, мұз алаңын «құрбандыққа» шалып, киноға біржола ден қойдым.
– Түсінікті. Бірақ бұл фильмде сен басты рөлді ойнамайсың ғой?
Сұраққа жауапты және сұхбаттың жалғасын оқығыңыз келсе мында келіңіз

3 пікір

NurAstana
Оқыңыз, өкінбейсіз!
Auyldan
Вераның қасында өзіміздің Альбина Жаңабаева сұлу емес пе!
calendula
Альбина Жаңабаева да сұлу әрі дауысы да керемет! Ол да ВИАГРА тобының әншісі.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.