Жаңалықтар

AitaberPress /
Арнау тобының бұрыңғы әншісі Салтанат Бақаева ұлды болды. Ұлының есімін Әмір деп өзі қойыпты. Кішкентай баласының буыны бекіген соң өнерге қайта оралмақ.

Нұр-Мұқасан дуэтінің әншісі Нұрлан Қонысбаев ұлды болды. "Ұлымнан үлкен үш қызым бар. Үлкенім Ақмарал 16 да, колледжде, кіндік әкесі Мұқасан. Екіншім Ақерке 8 сыныпта оқиды,әкесі Жанатбек,үшіншім Дария, Дарын сыйлығын алған кезде, туылған, ырымдап қойғанбыз. Келіншегім жүкті кезде, түсімде Алдияр және Әділет есімдер кірді. Алдир де қойдық

Әнші Сырым Исабаев отбасын құрды. Жары өзінен бірнешежасқа кішілігі бар, түркістандық Әйгерім атты қыз.Тойлары Шымкент Қаласында Алтын сарай мейрамханасында өтті. Өнерде жүрген достары Шымкентте болып құттықтап қайтты.
Өнер қырандарының белді мүшесі, актер Құдірет Топаев отбасын құрды. Алматының Кардинал мейрамханасында өнер адамдарының қатысуымен тойын дүркіретіп өткізді. 23жасар Айдана Алматы облысының қызы, әнші Нұрлан Албанның туыс қарындасы.

Жалын тобының әншісі бір мүшесі Әсет Мәжімбековтың шаңырағында торсықтай ұл бала дүниеге келді. Тұңғыш ұлының есімін Айдос деп ат қойды.

Жазира Байырбекова жақында СЕН МАҒАН СҮЮДІ ҮЙРЕТТІҢ деген әнін жеке орындауда жаздырып бітті, әннің сөзі Ақмарал Леубаева, әні ағасы Ербол Байырбеков жазған.«Жеке орындауымда ән жаздыруымды халық сұрап жатқан соң, айтамын.Ән өзіме ұнады. Жанболат бейнеклипті өзім түсіріп берем деп отыр»-дейді Жазира

Алдараспан театрының жетекшісі Нұржан Төлендиев БІЗДІ КҮТЕР БІР БАҚЫТ комедиялық фильмінде басты рөлді ойнады.Кино монтаждалуда. Жақын күндері прокаттарға шықпақ. Фильм режиссері мен сценарийі Мақсат Оспанов, Данияр Саламат, Кенжебек Шайқақов.Продюссері Самат Құсайынов.

Жанатбек Бәйтеков шаңырағында ақ түйенің қарны жарылды. Жары Айнұр ат жалын тартып мінер азамат сыйлады.Ұлды болды. Ат қоюда Жанатбек бұрыңғы дәстүрінен жаңылмады. Өзінің және Әйелінің есімінен алып есімін ЖАНАЙ деп қойды.

Ерекше үні бар Әнші Мақсат Базарбаев шығармашылығында қоржынына жана СЕНІ СҮЙГЕН АРУ бейнеклипін
түсірді. Бұл әншінің 2 клипі. Жақында ел алдына ұсынбақшы.

19 пікір

sandibek
бауы берік болсын!
qyrmyzy
мына пікірге қосылам
ZevsKO
нәрестелерінің бауы берік болып, отбасын құрғандарға бақыт тілегеннен басқа айтарымыз жоқ! жаңалық ұсынған m170785ге рахмет! сурет орналастыру техникаң жақсы екен
Jako
Е, Алла, Бұның бәрін қайдан жинап жүргенсің?
ZevsKO
негізі бұл бұдан біраз бұрын болған оқиғалар
m170785
100 адамның ішінен 30 пайызы білсе, қалғандары білмейді. Сондықтан жазғаным. Бірақ кештетіп жазғандарым үшін адамды сонша түтіп жеген болмас. Біреулер білер жұлдызды жаңалықты, Біреулер білмес. Әйтседе кешіріңіздер, дер уақытында жазармыз
kaz007
Қуанышты жаңалықтар екен. +
qyrmyzy
Көзім біршама ашылып қалды. «Жұлдыздар отбасы», «Жұлдызбен сырласу»,«Хидлайнердің» біреуінде жұмыс жасамайсыз ба? Былай қызығып кеттім ғҮә?
Жаңалық дегеніміз — біреу ұлды болды, біреу тұрмысқа шықты, біреу үйленді деген емес… Тұрмысқа шығу, үйлену, ұлды не қызды болу ол табиғи заңдылық…
m170785
Ұнамай бара жатса көзді жұмып оқымай ақ қойыңыз онда, Енді өнер адамдарының жаңалығы да айтқаным жазғаным шоу бизнес жаңалығы болған соң. Оны да көп көрдіңіз. Білеміз заңдылық екенін
MSHERIMBEK
Бәрі тамаша, үлкен рахмет)
Мәселе ұнау-ұнамауда емес… сіздің жазғандарыңызды осыдан бір апта бұрын оқығанмын… интернеттен… ал, Сырымның үйленгеніне 1 айдан асып кетті… осы да жаңалық па… масқара ғой…
qyrmyzy
Не ғой, мына жерге бір бас сұғып кетіңдерЧ
Ais_97
Жұлдыздар отбасындағы жаңалықтар ғой, оқыған едім сонда да рахмет!
міне Айс та оқыған… ал біреулер мұны жаңалық деп қояды… сонда сені үнемі мақтай беру керек пе керемет деп… жаңалық деген мүлде бөлек болады…
qyrmyzy
m170785 , ауарайы тамаша! Жаңбырдан кейін уаще керемет болып тұр!
Korkem
рекламная пауза))) орбит
m170785
че за пауза )))?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.