Шымкент жолдарындағы көліктер шеруі

AitaberPress /
Әдеттегідей, Ербол екеуміз Гүлжанға* барып қайтып келе жатқанбыз. Сөйтіп, бүгін осындай қызық жағдайдың куәсі болдық. Барлық жол полициясы көліктері орталық көшеде шеру тартып жүр. Соған қарағанде ертең бірдеңе болатын шығар дедік те қойдық. Негізі, қызық екен. Сомен біраз жерге келгенде Ерболдың (телефонының) қуаты отырып қалып барлығы түспей қалды. Түсіріп тұрған бір жігіттен, өткізіп беруін сұраған едік, ол жарықтық, жаңылысып, туған күнде түскен видеосын өткізіп беріпті (осы жерден бір тоқтап күліп алайын):))) Ал әзірге мынау:

Гүлжан* — Ерболмен бірге күнде жұмыстан соң барып балмұздақ* жеп қайтатын аялдама.
Балмұздақ* — кәдімгі марожни

36 пікір

Korkem
Гүлжан* — Ерболмен бірге күнде жұмыстан соң барып балмұздақ* жеп қайтатын аялдама.
Балмұздақ* — кәдімгі марожни
муахахах
qyrmyzy
Самал ше?
Korkem
Гүлжан аялдамасы))) Қиял Әлемінің қааасында ше
qyrmyzy
ой, иә, біліп тұрмын:)
pari
керемет дыбыстары тамаша +2 Сәке
MSHERIMBEK
Оооой, иә, иә, қоймадыңдар ғой, қасымызда қыздар бар еді, муахаха:) Ербол кешір:)
qyrmyzy
Гүлжанға анықтама бермесең, кучт болатын еді. Ал мен Бекжан мен Алашқа жиі баратын едім, ық ық
Jako
Түн ішінде елді шулатып не жүріс өзі?
AKA
23-маусым бұрынырақ «Жол полициясы» күні болатын. Мерекелік шерулері шығар :)) Қазір өзгеріп, 23-қараша тойланып жүр ғой, таңертең радиодан да айтты.
Jako
Дұрыс солай екен, мен де бүгін біліп отырмын.
qyrmyzy
Журналистердің мерекесімен жағаласпайық дегендері шығар, мүмкін мерекеге дайындық жүріп жатқан шығар:)
AKA
Мерекеңізбен!
qyrmyzy
рахмет:) Ертен ішетін күн:)
AKA
Үлгілі әпше!
qyrmyzy
шәрбет ішуге де болмай ма?
AKA
Айран, қымыз, сүт, шұбат барда қайдағы шәрбет?
qyrmyzy
ахаха, боса ішер ем…
Manas
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Осыдан 2-3 күн бұрын Шымкент қаласының бір ауылында Сәрсенбай деген кісінің 100 ешкісі қорасыннан қашып кеткен.Соған іздеу саламыз. Тапқан адамға сүйіншіге 1 ешкі.
газеттен оқығам… тапқан сияқтымын ешкілерді, ураа))ешкі менікі
MSHERIMBEK
ураа))ешкі менікі
Келін фильміндегі сюжеттер еріксіз еске түсіп отыр ше:)
Manas
Ойбай, көтек)ешкі менікі емес:)
MSHERIMBEK
Бірақ, мына жерден ешкілер саны 500-ден асып кетеді-ау:)
AKA
Диктофондағы записьті осылай youtube-қа қалай қоямын. Бірақ мендегі запись ашылмай тұр, алдымен mp3 етіп алуым керек сияқты. Жол сілтеп, көмектесе алатын жақсы адамдар болса? :)
qyrmyzy
ахаха, осыны айғайламай жекеде сұрасаң болады ғой, үй жинап, кір жуып жүрсек те саған уақыт табамыз:)
Manas
Freemake Video Converter деген бағдарлама көмектесуі керек.Записті алдымен mp3 ге айналдырады.Содан соң мр3 ді видеоға айналдырады.Сосын ютубке салынады.
AKA
Көп рахмет, АРБ! Берікбол көмектесті :)
AKA
Әдейі жаздым Берікболды, мен сияқты білмейтіндер болса көмекке жүгінсін деген ниетпен.
AKA
Елеңдеуге асықпаңыз, менің байқауға жіберетін жазбам шыққан жоқ әлі, үлкен дайындық үстінде.
alikona
Даусыңыз жіңішкеее сызылып тұр екен!)))жалпы осындай шерулерді тамашалаған қатты ұнайды!
MSHERIMBEK
Кәмплиментіңіз үшін өзіңізге арнайы «Бэсаме Мучо» әнін орындап беруіме рұқсат етсеңіз:)
beka_asil
Меніңше бұлар ИГІТТІ қуып жүрген шығар ))))
kaz007
ол жарықтық, жаңылысып, туған күнде түскен видеосын өткізіп беріпті

rofl, ютюбқа салсын деген шығар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.