Индустрияландыру күні

11 фото
image
Шымкент — жақсы қала © Жақсы жігіт
Кеше біздің қалада индустрияландыру күніне орай ауылшаруашылығы жәрмеңкесі болды. Өзім бара алмай қалған болсам да, көріп келген Ерболдың айтуы бойынша тамаша болған көрінеді.
Әл-Фараби атындағы орталық алаңға жиналған қауым жәрмеңкенің қызығын біраз көрген болуы керек. Негізі, дейм да, «Елімізде жасалынып жатқан шаралар жоқ», «Шаруамыз бітті, еліміз құриды» деп ойбайлай беретіндер сол, қоғамдық өмірден хабары аздау адамдар деген ойға келдім.
Ресми деректерге көз жүгірте салсақ, ағайын:)
2012 жылы 29 инвестициялық жоба іске асырылып, 2000-нан астам жұмыс орны ашылған екен. Әкімшілік органдардың айтуы бойынша тағы да 22 инвестициялық жоба өз тұсауын кескелі тұр екен.
Меніңше бұл жақсы көрсеткіш. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын) Қалған кішігірім минустарымыз уақытпен оңалар)
Ал, енді суреттер (Суреттер авторы: yerbol89 ):)

11 сурет

4 пікір

avatar
  • AKA
  • +1
Өзіміздің өнімдер, "Қазақстанда Шымкентте жасалған" ©
avatar
  • aitaber
  • 0
Етіктерімізді айтсайш:)))
avatar
  • Jako
  • +1
Бүкіл Қазақстанда индустриялық даму айқын байқалады, оны көре білу керек.
avatar
  • Togzhan
  • 0
Қазақстанда аяқ киім шығаратынын білмеппін.
Рахмет)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.