Жалғыз Джордж

AitaberPress /
Өлді, әлемдегі ең соңғы алып галапагоск тасбақа түрінің «Абингдондық піл» деп аталатын тармағының ең соңғы өкілі 24-ші маусымда өліп қалды.



Еееең соңғы ((( енді тасбақаның ондай түрі жоқ ((( сұмдық, осының бәрі «адамдардың» кесірінен. Кезінде Галапагос архипелагында өріп жүрген тасбақаларды теңізшілер өлтіріп, аулап ақыры түбіне жетті. Тұқымы қалмады ау жазғанның, және осының бәрі адамның кесірінен болғаны тіптен қапаландыра түсті. Жоқ енді ондай тасбақа түрі, ойыбааай ааааа ааа ееей жалғааан дүние ай, кеттің қалай сен ооееей, қалайшааа. ощм жоқтау айтып жатырмын.



Джордждың жасы шамамен жүзден асады. Оның нақты қанша жыл өмір сүргені беймәлім. Ғалымдар Джорджды 1972 жылы Пинта (Абингдон) аралынан тапқанда таң қалған екен, сол кездің өзінде ақ олар «Абингдондық піл» тармағы жойылып кетті деп санаған. (жойылып кетті!) Жиырма жыл бойы ғалымдар тасбақадан ұрпақ алып қалу қамын жасап, «Абингдондық піл» тармағына жақын "қыз заты ©" тасбақаларымен неніп, жеңгетайлық жасап нетіпті, бірақ бәрібір, ұрпақтары бірі өлі туылып, бірі өмір сүруге икемсіз туылған.



Жалпы өзім ең соңғы, бір штук, қызыл кітапқа енген, уникалды нұсқасы дегендердің бәріне аянышпен, қамқорқылпен қарайтын әдетім бар еді. Мынадан кейін гринписке кетем!

суреттер mirfactov.com сайтынан алынды

14 пікір

qyrmyzy
Мяяя, жіләдім. Үстіндегі тасы жаңбырдың астында қалған кірпіш боқапты ғҮә! Әжімдері...((((
Соғыс ардагерлері де азайып баратыр…
qyrmyzy
Сақал қайда кен? Шашын жайып жіберіп жоқтау айтатын
Manas
Байғұс)жастайыннан кетті-ау, жақсы жануар еді)ешкімге әңгімесі жоқ)
AKA
Бұл тасбақа біздің елімізде еместігін ескерсек, бұл блогқа қалай тап болған? Мүмкін "Әлем жаңалықтарына" қосармыз а? Ақпарат үшін рахмет, біліп жүретін болдым. :)
Korkem
«Абингдондық піл» тармағына жақын "қыз заты ©" тасбақаларымен неніп, жеңгетайлық жасап нетіпті


Осы тасбақаның жасын берсін бәріңе!
m170785
бейшара жас кетті, балалары мен ұрақтары қалмапты )
m170785
өкінішті ақ Абеке
Abylai
күлің күлің (( ептілер
Nursultan2002
Абылайдың коллекциясына тасбақа жетіспейді!
Abylai
кезінде екі тасбақа асыраған едім
Nursultan2002
Абылай қанша жануарыңыз бар?
Abylai
қазір бір штук мысығым бар
Nursultan2002
Коллекция жасамайсыз ба?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.