Махаббат апталығының қорытындысы

AitaberPress /
Уа-чааа… Қорытынды © Қырмызы суретте қатысушылар


Иә, көпшілік көптен күткен байқау қорытындысы да шығып үлгерді.

Байқауды жүргізудің қаншалықты қиын екенін осы байқау мойындатты. Анау-мынау емес, махаббат, сезім дегендерің оңай нәрсе емес. Әр қолданушының пост жіберген сайын: «ананы үйт», «мынаны бүйт», «былай қой», «жоқ, андай қыл», «мындай қыл» деп, пост шыққан соң: «неге андай», «неге мындай», "үйии", «бүйии» дегендері-ақ жүйкемді жұқартып бітті. Дегенімен сабырлылық танытып, түсіністікпен қарауға тырыстым. Бұл жерде қолданушгылардың жүлдеге қызығушылығы емес, сезімдерінің шынайылығы алаңдатқаны айдан анық еді.

Сонымен, кей қолданушылар өздерін құпия ұстауға, қалғандары жария ұстауға рұқсаттарын берді. №1 қатысушының тақырыбы: «Жаза бергім келеді, жаза бергім...» (+3 балл, пост иесі: өзін құпия ұстаушы); №7 қатысушының тақырыбы: «Елемейсің» (+20 балл, пост иесі: өзін құпия ұстаушы); №8 қатысушының тақырыбы: «Бір-біріміз үшін жаралғандаймыз» (+15 балл, пост иесі: dimash ) посттары әзіл үшін жазылғандықтан жүлдеден қағылуын өзім ескерттім. Аталмыш посттар басқа қолданушыларға шабыт сыйлағаны рас еді. Дегенімен, пост иелеріне ренішімді білдіремін.

Жүлде иегерлерін анықтау үшін Әділ Қазылар алқасын тағайындадым. Байқау әділ өтуі керек болғандықтан Әділ Қазылар алқасынан пост иелерін жасырын ұсталды.

Сонымен, Әділ Қазылар шешімі (қаз қалпында) 1, 7, 8 посттар ескерусіз қалғанын тағы қайталаймын:

№2 қатысушы тақырыбы: «Cезімдердің сандығы — сөз бен саз» (+11 балл, пост иесі: өзін құпия ұстаушы)
Қарапайым, әрі әсерлі жазба. Пікірлерде бір адам балқып, екі адам еріп үлгерген екен. Автор махаббатын таниды, сағынады, күтеді. (((: Жұптары жазылмай, мақсат-мұраттарына жетсін.

№3 қатысушы тақырыбы: «СЕЗІМ БІЛДІРУ» (+14 балл, пост иесі: followme_alik )
Жыл мойындауы. Бұл — ерлік. Бірақ, махаббат па, әлде қызығушылық па қатты ажырата алмадым. Жазбадан да сезілмеді. «Алғашқы махаббатым, сенсің» дегеніне қарағанда, көкейінде жүрген идеалын тапқан секілді. Не әрі, не бері, және екі адамның реалда кездеспегенін ескерсек, желігіп, өз алдындағы қаһарманның ерлігін қайталағысы келгендей болды, имхо.

№4 қатысушы тақырыбы: «Сен дегенде сезімім серпіледі» (+12 балл, пост иесі: pari )
Тақырыпта «сен» дегенмен, жазбада махаббатына деген сыпайылығы (сіз деп сөйлеуі) тәнті етті. «Не үшін ажырап кеткен?» деген сұрақ туындап үлгерді. Ашып айтылмағандықтан, авторды танымағандықтан (жасы, ортасы, білімі) бірдеме деу қиын. Қарама-қайшы пікірлер де айтылып үлгеріпті.
«Еңдеше мен де сол бір пәк сезімге толы, сізге деген аяулы махаббатымды жүрегімнің төрінде мәңгілікке сақтаймын…» осы сөйлем үшін қатты ырза болдым. Автордың кім екенін білмеймін, білгім келмейді де. Менен сәлем жолдаңыз. Білгім келмейтін себебім:
Пайғамбарымыздың айтқан бір сөзі бар: "ғашық болып, сезімін айналадан жасырып, абырой-намысын қорғап, дүниеден өткен (жігіт болсын, қыз болсын) адам шейіттік мәртебесіне жетеді. (ешқандай сұрақсыз жәннатқа кіру деген сөз.)" осыны естен шығармасын. Ессіз адамға ұқсамайды.

№5 қатысушы тақырыбы: «Жесір үміт» (+8 балл, пост иесі: өзін құпия ұстаушы)
Төменде, пікірлерде, қызу тартыс боп үлгеріпті. Жазбадан түсінгенім бойынша, автор сүйікті адамының бақыты үшін өзінің сезімдерін тұншықтырып отыр. Ерлік! Жарасы тез жазылсын. "Үмітсіз — шайтан" дегендей, үміті бар болуы өмір сүруіне демеу екен. Жүрегім қарс айрылды…

№6 қатысушы тақырыбы: "Өткенге күле қарау" (+14 балл, пост иесі: AL-ASTER )
Жатып алып, жер тепкілеп күліп алдым. Еріксіз «аффтыр, пиши есЧо» дегін келеді екен. Авантюрист біреу жазған. Авторды сілкісең, талай қызық шығады. Бірақ бұл кісі оңай шағылар жаңғақ емес. Танысқым келеді. Болашақ іскер, малтабар жігіттің реквизитін «көріп» қалдым. Ертең дәкөй тұлға боп жатса, танысың болғаны артықшылық етпейді (((:

№9 қатысушы тақырыбы: «Ең жарық жұлдызымсың» (+19 балл, пост иесі: өзін құпия ұстаушы) жас баланың жазбасы. Бала ғашық. Жүлдесін баяғыда алып қойған (((: Жауапсыз қалса да, өлмейді. Тіпті мына «страдальшик» со «садо-мазо» өмірінен кетәрі емес секілді :ҚҚҚҚҚҚҚҚ П.С. асты сызылғандардың арасына қосып қояр едім :) (бұл жерде асты сызылғандар дегені — менің өтінішім бойынша жүлдеден қағылғандар тізімі. К)

№10 қатысушы тақырыбы: «Мен сені сүйдім...» (+8 балл, пост иесі: өзін құпия ұстаушы)
Ноу коммент. Оқып шығып, тағы оқып шығу керек.

№11 қатысушы тақырыбы: «Иесіне жетпеген хат» (+10 балл, пост иесі: өзін құпия ұстаушы)
Сағыныштың иісі аңқиды. Мықты болсын. Сәл есею керек сабағын оқысын. Жетістікке жеткен тұлға болудың жолын қарастырсын. Сонда жігіттер шыр көбелек айналады, шертіп жүріп тандайсың (((:

№12 қатысушы тақырыбы: «Бәрібір сені сүйемін» (+7 балл, пост иесі: менің кәмпитім, тәттім, шоколадымК)
Авторын білгесін қиын екен (: Ақ қөңіл, пәк сезімді, ешкімге арам ойы жоқ, махаббатқа адал кісі ғой. Әттең, уақытынан бұрын туып қойған.
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін!
дейтін алаштың ұлына өз-өзіне 1000 бірлік жолдасын деңіз :ҚҚҚҚҚҚ көңілін аулап жүрген ермектерін тастамасын, әлі-ақ бақытты боп кетер.

№13 қатысушы тақырыбы: «Жан сыры» (+20 балл, пост иесі: Jako )
Мынаны тәжрибелі кісі жазған. Өзіне ғана мәлім небір сырлары бар кісі. Жігіттің серісі болар. Махаббатты ақылға бағындырғаны қатты ұнады. Жақсы отағасы шығады, бәлкім өзі сондай болар. Сөзімді мына бір пікірмен тәмәмдағым келеді:
Себебі сол сұлуым, балдан тәтті шекерім,
Жүрегіме ұғындырдың махаббаттың не екенін.

20-шы ғасырлық жастарда болатын махаббат болар деймін.

№14 қатысушы тақырыбы: «Сен жоқсың… Тағы елессің, Алыстап барасың...» (+8 балл, пост иесі: Zhassiko )
Ең-ең-ең босфор жағалауының латын американ жазбасы. Не дерімді білмей қалдым… Маған біреу мынадай нәрсе жазса, шатырым тайып, ақылымнан алжасар едім. Кінәні өзімнен көріп. Егер де авторды танитын болсам…

№15 қатысушы тақырыбы: «Сезім құны» (+7 балл, пост иесі: өзін құпия ұстаушы) маған ең қатты ұнаған жазбаның бірегейі
Жако (шын есімін білмейді екем, өзі кешірсін) ағамыздың мына пікірімен келісем:
Бұл таза махаббат, сіздерден өте тамаша жанұя шығады.Ешқандай көлгірсу, жарамсақтану жоқ тамаша пост.Таза махаббат дегеніміз осындай болады, келісе алмай тұрсаңыз да оны іздейсіз, ол қызда солай болса керемет, сіздердің одақтарыңыз берік, мықты болады, ажырасу қауіпі 100 пайыз жоқ. Бәленің бәрі жүріп жүргенде бір-біріне көлгірсіп, кітаптағыдай махаббат боламыз деуден болады, сіздерде ол жоқ.
Тек бір шартпен. Лидер рухты екі ғашықтың екеуі де орны келгенде кішіреюді білсе, шіркін. Олардан асқан жан болмас. Бәрі бар: сезім, түсінік, темперамент… екеуіңізді тек бір нәрсе мазалайтын сияқты: қатынастарыңыздың ресми болмауы. Осыдан кикілжіңдер туындайтын секілді.

№16 қатысушы тақырыбы: «Алғашқы және соңғы махаббатымсың!» (+6 балл, пост иесі: alikona )
Алдынғы жазбалардағыдай интрига жоқ шығар, бәлкім. бірақ шынайылығымен, ашықтығымен ерекшеленеді. Бақытты болсын!

№17 қатысушы посты «Сезімді сезу үшін сезім керек» (+8 балл, пост иесі: өзін құпия ұстаушы)
Жазбалардың көбі кекс болса, төбесінде мына шиесі бар торт (((:
Брависсимо! Бейнелеуге эпитет пен теңеу жетпейді. Барып, қайтып оқып кел деймін. Бір пікірімде айтып өткем. Авторға ырзамын. Оқып-оқып, қызғанып, көре алмай отырмын. Мені де біреу осылай сүйсе ғой, муааааахаха :))))

№18 қатысушының посты «Кеудемде соққан жүрегім» (+11 балл, пост иесі: AKA )
Маған ең қатты ұнаған жазбаның бірегейі (маған да))) — К). Қыз жүрегі. Тағдырға мойынсұнған. Үміті жоқ емес. Алланың пенделерге әділетсіздік жасағаны көрілген емес. Біледі. Қолынан келерін жасап бағуда. Құдай дұғаларын дерғайында қабыл етсін, ИншаАллаһ!

Бес ұпайлық жүйемен бағаласақ:

1 орын №14 қатысушы тақырыбы: «Сен жоқсың… Тағы елессің, Алыстап барасың...» шын сүйеді. тіпті түсінде де көрген. көрмеген болса, обалы өзіне. 5 ұпай (500 бірлік)

2 орын №17 қатысушы посты «Сезімді сезу үшін сезім керек» тақырып та, мазмұны да сәтті. 4 ұпай (400 бірлік)

3 орын №4 қатысушы тақырыбы: «Сен дегенде сезімім серпіледі» 3 ұпай (300 бірлік)

4 орын №18 қатысушының посты «Кеудемде соққан жүрегім» Алдынғы постта жазғам. 2 ұпай (200 бірлік)

5 орын №15 қатысушы тақырыбы: «Сезім құны» алдынғы постта жазғам. 1 ұпай (100 бірлік)

Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!!!


Ескерту: Жүлде иегерлері ұялы сымтетіктеріңіздің нөмірін жекеге Korkem жіберулеріңізді сұраймын.

Байқауға Әділ Қазылық еткендер: ruben , Yasin , m170785 әділ қазылық еткені үшін үлкен рахмет. алдағы уақытта тағы да бірге болармыз деп үміттенемін

Байқауға өз еріктерімен демеушілік жасағандар: Jako , Zhanat көмектеріңіз үшін алғысым зор. Ризашылығымды білдіремін.

Көңілдеріңіз толды ғой деп үміттенемін.

Пы/сы: Әр қатысушы жазбасын шығарған сайын жүлде үшін емес екендерін сөз арасында қыстырып қалған болатын. Сол үшінде "үйиии", «бүйиии» деп ренжіспей-ақ қоялық, достар!

Пы/сы/сы: Иығымнан бір ауыр жүк түскендей боп жеңілдеп қалдым. Енді арқаламаспын ық-ық

138 пікір

Ais_97
Құттықтаймын жеңістеріңізбен шын жүректен! Байқауға бәріміз келесіде тағыда атсалысайық! Ал Көркем өзіңе де рахмет!
Korkem
оқып шықтың ба өзі?
AKA
Соны айтам
m170785
басекең десе начальника
konvict
Хехе, өте дұрыс болды. Маған тілегіңе де рахмееееет. Негізі менің хатым сол күні көрсетілген күні таңға жуық жазылып еді. Саған әріп қателер жөндеп, дәл сол күйі жібердім. Яғни, менің жүлдеге таласпағанымды айтып қояйын. Ал, мына суретті қоя кетуді жөн көрдім. Не үшін қызғанатыным, әрі қызығатыным белгілі шығар…
AKA
Көздерін-ааай…
Manas
Мен үшін сенсатция)
alikona
мынау мирінен алынған сурет пе, сіз емес пе?
konvict
Иә, жеке парақшасынан алынған сурет. Ана жігіт емес.
alikona
тү-сі-нік-ті)
konvict
П.с. «ана жігіт мен емес» деп оқуларыңыз сұраймын
qyrmyzy
Жәнееем сол, не көп қыз көп. Жолығад әлі
AKA
Ырысбек! Джындыыыыы сараптама!
Zhanat
жеңіс құтты болсын! жүлделерің құтты болсын! Тілегіңе рахмет Көркем.
Жұптары жазылмай эхххх!!!
alikona
айтарға сөзім жоқ, есеңгіреп отырм…
Manas
Мынау бір Айтаберде керемет байқау болды)Жеңістерің құтты болсын)тарифке кіріп алыңдар)кешке ұлы той жасаймыз)
AKA
Оххх, 200 бірлік ұтыппын ғой, рахмет! Не ғой, көп жазбаның авторын тура тауыппын, көріпкелдігім дамып келеді.
Korkem
Сенің көріпкел екеніңді дәл тапқан менің түйісігімде мін жоқ
Zhanat
мен іздеген көріпкел өзіңіз болдыңыз ғой. кешеден бері осы сөзіңді көп естідім
Korkem
жарнамасы өтіп жүр де?)))
AKA
Иә, иә әділ қарта, тойыс қазы мырза
AKA
Мені іздеп?! Айта беріңіз онда, тыңдап отырмын
AKA
Қыз жүрегі. Тағдырға мойынсұнған. Үміті жоқ емес. Алланың пенделерге әділетсіздік жасағаны көрілген емес. Біледі. Қолынан келерін жасап бағуда.
Сараптау жасаған түрін
m170785
сіз есеңгіреп отырсаңыз, біз түсінбей қаққан қазықтай Көркемнің айтқанымен жүрдік, әй десе аха деп, и десе мақұл деп. Басекең шешті ))
Manas
Общм былай болоды)Жасико-Димашқа-Димаш-Аликонағо-Аликона-Нұржанға кетіп қалды)
Не деген махаббат)
Korkem
мен сені, сен оны, ол басқаны…
Manas
Ғашықтық көзі ғашықта,ғашықтың көзі қашықта
Zhassiko
мен сені, сен оны, ол басқаны…
осы ғой махаббаттың шатасқаны...))
AKA
Спектакль жақсы болды жалпы, әртістер ортаға шығып иіліп сәлем берсе болады. Көрермендер қол соғуда
alikona
олай емес!әлі түсінбедіндер ме не? Димаш екеуміз ойласып алғанбыз…
konvict
Баяғыда «Ее зовут Маша, и она любить Сашу, а он любить Дашу» деп кететін өлең бар еді ғой
Manas
… и только ее
Но Даша готова простить его снова
Опять бросить Вову, вот, блин, ё-моё деп кете береді
AKA
№3 қатысушы тақырыбы: «СЕЗІМ БІЛДІРУ» (+14 балл, пост иесі: followme_alik )
Жыл мойындауы. Бұл — ерлік.
Рахмеееет, жәнііі сол! :))
Manas
АКА «Кеудемде соҚқон жүрегім» мақаладағы запись өзіңіздің дауысыңыз ба?
AKA
Түүүш
Manas
)Әйтеуір, сындым)
followme_alik
Пост аптырларында алиби. Ойларын айт. Комментті оқы.))
Күліп алдым шыны керек.: жымиюым: кетер емес...)))))))))))
Zhanat
Көркемге айтар алгысым шексіз, осы байқаудың арқасында айтабер ауылының тұрғыны болдым.
m170785
бір күні тағы байқау ұйымдастырмаса болды начальниканама )
Korkem
тағы бір байқау бар ғой, Жанат бастаған)))) атсалысарсыз, бәлкім?
m170785
мен ба?
Korkem
иә, иә сізді айтамын
AKA
Жоқ, Жанат ағай ғой
Korkem
m170785
қазылықта болайын қара көленкеде )
Zhanat
сенде біреуге бастық екенсің ғой ,,,,,,))))
m170785
Енді басекең болда бол деп жалынып өтініп тұрса, үйт, бүйт, сөйт деп қааааатал болды жааман начальниканама,
Zhassiko
Мен сені жаным сүйдім,
Сүйдім шын жүректен
Махаббатты сезініп
Сүюді сен үйреткен
Бір ғана қателік
Бүкіл өмірді күйреткен
Жаз болып тұрған өмірді
Күз қылып өзгерткен
Сені ойлауменен қырау басты санамды
Қалай енді жазамын жүректегі жарамды
Қабырға болып тұр ғой сенімен менің арамды (Ә...)
Екеумізді ажыратып ортаға қаланды
Саған кінә тақпаймын, бұл қалауы тағдырдың
Менің махаббатымды жүректен тыс қалдырдың
Сен кеткелі жоғалды мағынасы әр күннің
Кетіп барасың енді уысында әркімнің
(Әлде мен ба үшінші артық сезімнің?!)
Жүрекке әмір жүрмейді, барлықтарыңызға рахмет, 
жеңіс сіздерге де бұйырсын, рахмееет..))
Димаш, бақытты болшы..!))
Korkem
Құттықтаймыз! )))
AKA
Жәсиии, мәләдес! Құтты болсын жеңісің! :)
Zhassiko
рахмеет, Көркем, АКА..)))
Ais_97
жеңісің құтты болсын Жассико!
alikona
Жассси! спектакль бітті…
m170785
Көркемжан қазылықта болайын қара көлеңкеде ))
Korkem
Байқау иесі Жанат аға ғой, менмес
Zhanat
қашанан бері Жанат аға болып қалғам а??))))))
AKA
Қатысушылардың барлығын құттықтаймын, белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс. Ал, орын алғандарды ерекше құттықтаймын! Ризамын, барлығына рахмет, АРБ! Махаббаттарыңыз берік болсын, Аллаһ тілектеріңізді қабыл етсін, аман болайық :)
Manas
Әттең-ай,әттеңңңңңңңңңңңңң-ай)
alikona
а Көркем! неге 3орынға 11 қатысушы дегенсін? Сен деген сезімім серпіледі деген 4 қатысушынікі емес па?
Manas
Әттең-ай,әттеңңңңңңңңңңңңң-ай
alikona
жай ма сіздікі, маған бірдене дегіңіз келді ме?
Korkem
РАхмет, түзуленді)))) оңай ғой деймісің, шатасыппын)))
alikona
Оңай ғой!)))))))))))
pari
ал байқауға қатысушылар, жеңістеріңіз құтты болсын.! Осындай байқаулар көбейе берсін! Көркем жарайсыз! Жақсы байқау!
Ais_97
Сен де байқауға үлес қосыпсың 3 орын алыпсың құтты болсын!
pari
рахмет!
Ais_97
Оқасы жоқ, шын жақсы көретін ару қыз кім болды екен? енді досыңнан жасырмашиш
zhurttyn_balasy
Бұл бір естен кетпес, тамаша байқау болды. Осындай байқаулар жиі болып тұрса екен деймін. Сезім, қызығушылық, қызғаныш, интрига, экшн, драма, мелодрама, комедия, трагедия ооой түрі бар. Бәрін қызыға оқыдым. Алдымен барлық қатысушыларға алғысымды айтамын, бәріне риза болдым. Жеңімпаздарды жеңісімен құттықтаймын. Байқау өте сәтті шықты, белсенділіктеріңіз қызықтырды. Баршаңызға Зор махаббат, мол сезім тілеймін ;) Махаббарттарың берік, баянды болсын :)
Ais_97
Рахмет тілегің қабыл болсын!!!
pari
Жұрттың баласы тілегіңіз періштенің оң құлағына шалынсын! айтқаныңыз келсін,!
dimash
Тамаша байқау болды Көркем.
Дегенімен, пост иелеріне ренішімді білдіремін.

… Негізі байқауға қатысу себебім біріншісі әзіл үшін, екіншісі көзге көріну үшін болып еді. Көзге көрінгендей болдым, бірақ әзілім өтпей қалды-ау димін… Байқауды серьезно қабылдамағаным үшін кешірім сұраймын Көркем…
Байқаудың жариялануына түрткі болған да менің қиялдап отырып жазғаным еді ғой… Бір еркелігімді көтер енді..)
Korkem
көтердім, інім)))
AKA
Ужеее?! Құтты болсын!
zhurttyn_balasy
казнить нельзя помиловать
Көркем қай жерден үтір қоясыз?
dimash
Жұрттың баласының таппайтыны жоқ)
Korkem
казнить нельзя, помиловать!
Qarabala_95
salamaleikumder!!! orin almagan katisuwilarga silik berildima?
korwinin_kyzy
кум- деген Араб тілінде сендер деген мағына, саляму алайкум деген сендерге сәлем болсын дегенді білдіреді, енді? ДЕР қосудын керегі жоқ Мумкін білмей істеген шығарсын мүмкін басқада себептер болған шығар не болса кешіріп қой қатты айтсам
kz_aidar
Талайларды тықыршытып, шыдамын тауысқан байқаудың мәресіне жетуімен! Ал жүлделі орын иегерлері құтты болсын!!! Шын жүректен тербеле шыққан сезімдеріңіз мәңгілік, баянды болсын!!))
alikona
рахмет, амин!
MSHERIMBEK
Тамаша байқау болды:) Көркем, жарайсың:) Үйленем, муахахах;)
alikona
Айнураға ма?
MSHERIMBEK
Ойыбай, жоғаа:))) Құдай сақтасын, муахаха:)
alikona
сіз деп ойладыммм ше)))қайтемін, АКА-нікіндей көріпкелдігім жоқ
MSHERIMBEK
Енді, қыз атаулының бәріне ғашықпын, негізі:) Мұнда да біреу ғана емес
Korkem
Иә, тойға барғым келіп жүр. Үйлениии)))
akil_kalta01
Мә лә дес. Бұл бір тамаша байқау болды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын!
Сайыс әділ өткен сияқты Ұйымдстырушыға үлкен алғыс!
Zhassiko
О, байқау жеңімпаздары, парошок, сабын, әтір сабын, кір сабындарың қайда? Жумаймыз ба енді?
Қарызға ед сұрасаңдар 57 единица лақтырып беремін, агентте отырмаймыз ба?
Zhassiko
Барлығы тамаша өтті, байқау оңай болған жоқ, барлықтраыңызға алғысым шексіз, бақытты болыңыздар!!))
AL-ASTER
Жеңіс құтты болсын, амиголар! Менің хисториіме сілтеме дұрыс қойылмапты, @Көркем.
Korkem
Түзуленді бырат))) айып етпе
dimash
Мен да қорытынды жаза кетейінші
Мойындаймын, барлығы спектакль болды. Бір аптадай уақыт маска киіп жүрдік, бір ыңғайсыз жері бата жазған ағаларымыздан ұят болды. "Әумин" деуге қорықтық шыны керек.
Тек Ақкенжеме арнап жазғаным ғана шынайы болды.

Бірнеше күн бойы жақсы көңіл-күй силаған байқау ұйымдастырған Көркемге алғысым!
Jako
Ей Димаш, батаның мағанасы сол қалпында қалады, тек қана атын ауыстыра сал. Сонда еш ұяты жоқ, батаның артықтығы жоқ.
dimash
Ризамын сізге, баталарыңыз қабыл болғай!
alikona
иә қабыл болғай!
VVVWWW
Мұныңа келіспеймін, жақсы-жақсы жазбалар оқыдық (тек қана менікі шынайы болды (откуда такой эгоизм)
dimash
Мені дұрыс түсінбедіңіз VVVWWW
Мен жалпы емес, тек өзімнің жазбаларыма қатысты айттым,
alikona
иа вообще дұрыс түсінбей кетіпсіз…
ardak1996
Ооооой, қандай тамаша! Құтты болсын жеңістеріңіз! Сәтті байқау болды, қыздар жарады!
qyrmyzy
№11 қатысушы тақырыбы: «Иесіне жетпеген хат» (+10 балл, пост иесі: өзін құпия ұстаушы)
Сағыныштың иісі аңқиды. Мықты болсын. Сәл есею керек сабағын оқысын. Жетістікке жеткен тұлға болудың жолын қарастырсын. Сонда жігіттер шыр көбелек айналады, шертіп жүріп тандайсың (((:
ық ық, магистрды оқиын, есеетін шығармын:) Шертіп жүріп таңдайтыныма кепілдік бересіздер ма??
AKA
Сәл есею керек сабағын оқысын. Жетістікке жеткен тұлға болудың жолын қарастырсын.
Биыл нешінші сыныпқа өттіңіз?
qyrmyzy
Сараптауды кім жасаған??№
Zhassiko
ruben, Yasin, m170785
qyrmyzy
джынды сараптама ше
qyrmyzy
Қап ай а, жазбаларым өтпи қапты:(((((((
Ademi
Барлығыңызға үлкен рахмет!!! Жақсы байқау болды.
Korkem
үбәй, немәғып қатыспай қойдыңызииии? вадеңіз қайда?
qyrmyzy
Екінші орын алған менің жазбам сияқты???
Korkem
муахахах епті
qyrmyzy
армандауға болмай ма? Өтпи қалды жазбаларым. Әй, қатысушылардың бәріне елу едінісә деп ең іой, ең болмағанда соны лақтыршиш
Korkem
жаным қойсаңшы))
qyrmyzy
и шыноғе. сөзіңде тұршиш, Бүгін жүз елу единиса күтем
qyrmyzy
мәәәә, қалжыңдадым ғҮә! Ят ай, смс келді, Ержаннан шығар деп ашып ем, жүзелутеңге түсіп тұр. Рахмет үлкен, ят болд ше
Ademi
Екінші орын бұйырған жазба менікі ғой. Ақыры құпиямды аштым-ау. Рахмет сізге, Көркем.
Korkem
мынаны еске түсірген Кан мырзаға мың алғыс, оқып көңілім көтеріліп қалды ғой ық-ық не болмаған дүние дешиш
m170785
Сонымен кім алды гран приды )), түсінбедім ғой ))
Korkem
түүү сіз өзіңіз алдыңғы өтіп кеткен байқауға қазы болмап па едіңіз? Жатқан шәйнек екесіз
yesbolat83
Көркем, мен бір нәрсені түсінбедім. Сен байқауда бар болғаны 5 қатысушының жазбаларын жариялаған сияқты едің, әлде мен бір нәрсені қалт жіберіп алдымба екен?
yesbolat83
Маған ішімде айтылмаған сыр қалмады қатты ұнады. Авторы жарияландыма?
Korkem
айтыпотырмын ғой, бұл сіз келмей тұрғанда жаряланған алғашқы махаббат байқауы, шатастырмаңыздар!
m170785
Біз үндемей жүріп қатырамыз ғой )) Есеке )))
yesbolat83
Ал мен болсам, ал мен болсам, күнде, күнде, Көркемнің әрбір қатысушыларының жазбаларын тағатсыздана күтіп жүрген болатынмын.
Шатасып, түсінбей жүрген мен екенмін ғой. Кешірерсіздер.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.