Астана күніне орай Хазірет Сұлтан мешіті астаналықтарға есігін ашты!

AitaberPress /
Ассалаумағалейкум айтаберліктер!
Сіздерді Астана күнімен құттықтай отырып, кезекті жазбамды ұсынбақпын.Бұл жазбаны жазбай кету күнә болар сондықтан назар қойып оқып жіберіңіздер!

Шілденің 6-шы жұлдызы күні еліміздің бас қаласы Астана қаласында жаңадан мешіт шымылдығын түрді.Бұл мешіттің құрылысы осыдан төрт жыл бұрын басталған болатын.Енді міне межесіне жетіп халық игілігіне ұсынылып отыр.Н.Ә.Назарбаев бұл мешітті жұма күні ашуды ұйғарып, мешіттің ашылу салтанатында болды.Бұл мешіт Орта Азиядағы теңдесі жоқ, ең үлкен мешіт болды.Мешітте бір мезетте 10000 адам құлшылық етеді екен.Айта кетерлік бұл мешіттің құрлысы бітуге жақындаған кезде өртенген болатын.Бірақ оған қарамастан Хазрет Сұлтан деп аталған мешіт,өз қызыметін бастады.Және де мешіттің ішкі-сыртқы беттері ұлттық-ою өрнектерге нақышталып жасалғанын да айта кеткен жөн болар.Ендігі АЛЛАХ-тың үйі құтты болғай!

Хазрет Сұлтан мешітінің көрінісін азғантай суреттерден тамашалайық:






11 пікір

followme_alik
НұрАстанамен қатар жүретін болд. Әдемі.АРБ)
Jako
Әйгілі Тадж-Махалға ұқсайтын сияқты,әдемі екен.
AKA
muslim.kz сайты да қолданушыларға жол тартты. Осы сайтта мешіттің ішкі көрінісі бар, керемеееееет енді. Құтты болсееен! :)
kuka097
(Жарнамалық пікір)Сайт жақсы екен)
torpedaip
Алланың үйі көбейіп жатыр, бұл бізді қуантады әрине, Қасиетті Рамазан Айы қарсаңында бұл үлкен сый болды ғой ағайындар )))
qarabura
Иә шыныменде мынау бір үлкен қуанышты жаңалық болды.Құтты болсын!
Arhun
cәулеттік шедеуір… Сыртында қазақ оюы бар елеметтерімен безедіріліген… керемет! Осындай мешітті солтүстіктегі қалаларға толтырып тастаса шіркін…
Argyn
адам көөөп жиналыпты…
kuka097
Мында толығырақ суреттері бар екен!
Qarabala_95
иә шынында да керемет екен соңғы фотода әдемі көрінеді!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.