Жаңа құрылыс-жаңа бастама(Алматы)

AitaberPress /
Жаңа құрылыс-жаңа бастама)))

Алматы облысының Іле ауданында (Алматы — Екатеринбор M36 тас жолының 76-шы шақырымы) қазақстандық автоспорттың болашақ Меккесінің құрылысы бар қарқынымен жүріп жатыр.

Бұл жерде 205 гектар аумақта «Sokol» спорттық-жаттығу кешені бой көтеруде. Жобаның бас инвесторы — қазақстандық олигарх Алиджан Ибрагимов, ал жобаға оның ұлдары Достан, Даврон және Фуркат басшылық етуде. Оған 40 млн. доллар қаражат құйылды

Автодром өзінің алғашқы спортшыларын осы жылдың қыркүйегінде қабылдайды деп күтілуде. Бұл жерде картинг және драгстрип бойынша Қазақстан чемпионатының кезеңдерінің бірі өтеді. «Sokol»-да Drag-стрип (900 метр), бірнеше конфигурацияда картингілік трасса (1,5 шақырым), екі конфигурацияда шосселік-айналма трасса (5,33 шақырым), көрермендерге арналған бес мың және екі мың орындық мінбелер болады.
58 жастағы Алиджан Ибрагимов — қазақстандық ірі кәсіпкер. Forbes журналының берген мәліметтеріне қарағанда, оның дәулеті 2,8 млрд. долларды құрайды. Ибрагимов Александр Машкевич және Патох Шодиевпен бірге «ENRC» компаниясының иесі болып табылады.

5 пікір

followme_alik
Спортсмендерімізге қуаныш =)
~ Жемісті болғай.
Жақсы ақпарат, Санжар.
Chimaq
Алиджан Ибрагимов -------uighyrma?
Kinostrov
Астананы көркейту жобасын көріп пе едіңдер, деректі фильм болды ғо жақында мұнай бар кезде осының бәрін істеп алу керек қо
kuka097
Сол фильмді жіберіп алдым, инеттен қарауға бола ма екен?
SteVen_S_Sanzhar
followme_alik рахмет
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.