Кіші жүз тайпалары (Бекарыс)

AitaberPress /
(Бекарыс)Кіші жүз тайпалары:

Бұлар үш атадан тұрады: 1.Әлімұлы 2.Байұлы 3.Жетіру

Әлімұлының таралуы:
1. Кете – ұраны Майлыбай
2. Қаракесек – ұраны Бақтыбай, айыртау
3. Шөмекей – ұраны Дөйт
4. Қарасақал – ұраны Бақтыбай
5. Төртқара – ұраны Майлыбай
6. Шекті – ұраны Дөйт

Байұлының таралуы:

1. Шеркеш – ұраны Шағырай, таңбасы бақан
2. Ысық – ұраны Бәйтерек
3. Масқар – ұраны Қаратай
4. Алтыбас – ұраны Байбарақ, таңбасы бақан
5. Тана – ұраны Тана, таңбасы әліп, көсеу
6. Байбақты – ұраны Дәуқара
7. Қызылқұрт – ұраны Жиенбай
8. Таз – ұраны Төремұрат, Бақай, таңбасы қамшы
9. Беріш – ұраны Ағатай
10. Адай – ұраны Бекет, таңбасы садақ
11. Есентемір – ұраны Алдоңғар, таңбасы бақан
12. Жаппас – ұраны Баймұрат, таңбасы түйемойын
13. Алтын – ұраны Баймұрат

Жетірудың таралуы:

1. Төлеу – Арғымақ, таңбасы балға, шылбыр
2. Рамадан – Дулат, Қайғұлым таңбасы Шөміш
3. Тама – Қарабура, таңбасы көсеу, әліп, тарақ
4. Кердері – Қожахмет, таңбасы тостаған
5. Керейіт – Ақсақал, таңбасы шылбыр, қылыш
6. Табын – Тостаған, таңбасы тарақ, көсеу, шөміш
7. Жағалбайлы – Малатау, таңбасы балға

Кіші жүз – Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді.

42 пікір

Ais_97
Мен де кіші жүзденмін Бегіс-Берішпін, жазбаңызға рахмет!
Togzhan
Ысықтың таңбасы қандай?
Togzhan
суретін көргенмін) қалай аталады екен?
abatai
25 ата кіші жүзді түгендеп шығыпсыз ғой. Бәрекелді!
Ak123
Мен Қарасақалмын))))))Жазбаңызға рақмет!!!
Ak123
ахахах руымды айтамын да…
MSHERIMBEK
Соңғы әрі, нақты жауабыңыз ба?))))
Ak123
иәәә, негізі нигімді Қарасақал деуім керек ед. Сақалыңның болмағаны да қиын екен)))))
MSHERIMBEK
иәәә, сақалы бар қыз көру ежелгі арманым еді:)))
Ak123
Шымкентте сақалы бар кемпір бар ғой)))))
Ak123
дәлел ретінде көрсете қоюға жақсы)
zhurttyn_balasy
Жұрттың бәрі дәлел ретінде көрсете қойса әйгууу
qyrmyzy
қойсаңызшиш
Ak123
кішірек кезімде айтуға қысылатын едім,қаз Садық Шерімбектің арқасында нормально айтам ойнап айтаааам)))
Jako
Тамаша пост,тегін білгеннен тексіздік шықпайды.Ұран, таңбаларымен тамаша жазыпсың.
VVVWWW
Негізі Таздың таңбасы әліп деп айтылады көбіне
Manas
Адай – ұраны Бекет, таңбасы садақ
Таңбас садақ емес жебе болар)
жаман ойым жоқ
Manas
Abylai
Фу Мәке кәкә
qyrmyzy
ық ық, жүрген жерлерімізде мұнай сасып жүреміз де?!
Manas
сасымасқа амал барма, жеп отқан тамағымыз)))
qyrmyzy
мұнайға іздеватса етеді екенсің ғой ваннаға құйып ап:)
Abylai
Мұнайға шомылдыр мені полностью
MSHERIMBEK
Адай меня полностью © :)
Kinostrov
Аспанда Құдай, Ортада Адай, Төменде Мұнай
MSHERIMBEK
Душта Ноғай:))))
qyrmyzy
оңтүстікте Қытай
Manas
тісі жоқ смайлик))
qyrmyzy
ол Беріш еді…
didi0393
іәәә қалай еді әлгі современный ұранымыз; аспанда Құдай, жер астында Мұнай, ортасында Адай)))))))))
Manas
сізде адайсыз ба
Abylai
Қазір Жако келіп бірдеңе демесе таң қалайындеп отырмын
Manas
Қой, келіп қалар)мен қазақпын)))
qyrmyzy
Кім?Құдай-ау, шатасатын болдық қой... Біз үшеу едік..
Abylai
Жақыпбек аға
Nursultan2002
Мен орта жүз керей!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.