Ауызашар

AitaberPress /
Қасиетті Рамазан айының бірінші он күндігін де аяқтап қалдық. Құрметті жамағат, тұтқан оразаларыңыз қабыл болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ та, бақытты ғұмыр тілеймін! Әрдайым таңды қуанышпен қарсы алыңыздар!

Ауызашар — Ораза ұстаған пенденің кешке күн батқанда тамақтану уақыты. Сондай-ақ, әр үй кезекпе кезек ауызарашға шақыру сауап саналады. Ауызашар жасауға жағдайы келмейтіндер тым болмаса бір-екі адам шақырып ауызашар бергені абзал.

___________________________________________________________________________________________


«Көркем сен пысықсың ғой, ауызашар жасайын деп едік, көмектесіп жіберші», «Көркем, жағдайың қалай, не істеп жатырсың? Не ғой, пәленше күні қолың бос па құдайы жасайын деп едік», "Өләә, Көркем сүйттің ба не, қойш? Жалғыз саған сенііп отыр едім, айноолайын келе ғойш", «Көркем, Көркем......»
бұл енді менің туысқандарымның әңгімесінен. Әулетімізде қыз аз, ұлдар көп. Әр отбасында кем дегенде бір ғана қыздан, ал менің сіңлім бар. Әкемнің екі ағасында да бір-бір қыздан. Оларда өз алдына үй болып, үш-төрт бала-шағалы болып кеткен. Қазір «бойжетіп» отыған жалғыз өзім ғана, қыз болған соң күндері маған түскіш)))
Иә, айтпағым бұл емес еді. Құранда «көрші ақысы» деген бар, ауылдаспен тату тұрамыз. Бүгін оң жақтағы көрші әпке қашаннан жоспарлаған ауызашар өткізді күні түсті)))). Әдеттегідей көмекке жүгіндік.

Менің міндетім самса, бәліш, құймақ пісіріп беру. Сонымен не керек, таңертең 10-11.лер шамасында пісіруді бастадым. Кеше кешкісін алдын ала самса қамырын дайындап қойғанмын:


Содан сағат 15:00 шамасында самса дайын болды:



Кешеден басталған дайындық, бүгінге ұласып біраз шаршатты.

Самса пісіріп жүріп арасында ет туралды:


Қазы туралды:





Тауықтың етеее:



Голубцы да дайын:





Осы екі ортады самса бітіп, бәліш қамырын ашытып қойдым. Бір сағатта, яғни 16:00.де ашуы керек.

Сосын тыныш жатпай ағама үй ремонт біраз көмек тестім (сіңлім түсіріп алыпты, анау белгіні қара ық-ық):



А олар))) көзімді жәутеңдетіп шәй ішівалд)): (аузым берік еді) анаууу столдың астында жатқан Белка, бүгін әбден таяқ жеген күн, иіскейсің деп қуад та бишараны ық-ық



Көрші әпке басты тұтастай пісіріп қойған екен, негізі пісірмес бұрын айыру керек. Піскен басты ортасынан бөлу сәл қиынға түсті: ағаларым



олай емес былай:



Тарт-тарт, қаттырақ-қаттырақ оу оу, дауай-дауай))) суретке түсіріп әлекпін:



Уфф, әрең дегенде:



Ойбай-ай, Көркеем суретке түсір, суреткеее әбден мезі етсем керек, енді өздері суретті ұмыттырмады ық-ық:



Тәәәк, сағат төрт болды. Қамырым ашып қалған шығар, оооо:



Шамамен жүзден астам бәліш пісірдім:





Осы арада, тары дайын:



Жарма дайын:



ымм даа, істелмеген не қалды? әәә құймақ па, суретке түсіруді сол бойы ұмытыппын.

Жақсылық қылсаң — бүтін қыл, ауыз ашар дәмханада өткізіледі. Шамамен, 100 адам шақырылды. Сағат 19:00 шамасында «жүр!» дегесін дәмханаға тарттық. Онда да жұмыс. Ассорти жасадық даяшыларына сөзім жоқ, көзге көрінбейді екен, еп:



Ұзын сөздің қысқасы, мынау ғой толықмес:



Қонақтар сыртта ауыз ашып, намаз оқып, бір-ақ кірді. Құран оқылып, бет сиалып, бас тартылды. Тамақ нарын екен:



Аз отырды да, молдалар жағы бет сипасып, жиналып кетті. Таңертеңнен бері қиымылдағаныммен еш шаршағаным жоқ, бұл да болса оразаның бір кереметі болар. Есесіне, ауыз ашқан соң-ақ ұйқым келе бастады, шаршағанымды енді сезгендеймін. Ораза кезде тамақ басында жүру дегеннің азап екенін кез-келген бекітулі пенде білетін болса керек. Маналы бер, ананы жим, мынаны жим деп ойша армандаған мен, ауыз ашып бола сала тәбетім қашты. Ылғи осы, сіздерде де солай ма?

Сағат 22:30. да үйге қарай папаммен қайттым, қалды барі.

Айтпақшы, сарқыт алып қайттым)))):



Сонымен бір күніме есеп беріп болдым-ау. Шаршааап, ұйқым кеп отыр. Соған қарамастын жазып тастады. Қайта оқып шықпадым, қарамадым. Қате болса, кечроң. Очм, миы дың-дың деп тұрған адамның жазған посты.))) Кеттім, юхтаайм. Қайырлы түндер!

Пы/сы: Пост байқау шарты бойынша жарияланды. Байқауда: «2.1. 18 шілде 25шілде аралығында қатысушы өзінің реалдағы өмірінің 1 күніне есеп береді. Бұл күндері қайырымдылық акциясына немесе өзі бір қайырымдылық іс жасау керек. (фото немесе видео)» делінген. Дәл уақытында орындауға мүмкіндік таба алмадым. Ораза кезде жолға шығу да азап. реті бүгінге түсіп отыр, кешіктіргенім үшін кешірім сұраймын.

48 пікір

Nursultan2002
Менің жасым жеткен жоқ! ауызашуға!
AKA
Иии жәні, соны ойланып жүргеніңнің өзі тамаша ғой. :)) Бұйыртса бәрі болады :)
МашаАллаһ! Көркем сауапты іс жасап тастапсыз!қолыңыздан көп нәрсе келед ау дим я жәрәйсің,,, Оразаңыз қабыл болсын! мияяя ше сіздеде ауыз ашқан соң дым жегіңіз кемима мендеде сондаай шеее, неге екен ???
qyrmyzy
Керемет! Бүкіл ауылға ауызашар бердіңдер ме? МММММ, дәмді бәрі. Әкел сарқыттан
Korkem
Шымға кел! қашаниии?
MSHERIMBEK
не ғо, iste ozganiz etmek problem degil, yaaaa:)
qyrmyzy
белка үлкееен бокетипті ғой, көринш, Көркем:)
AKA
Вааай, кешке көру керек еді, шыдауды айтшиш енД… :)) Дұрыс, кеше мамаға анау-мынау пісіруге көмектесе қойып ем, кешке дейін шыдадық қой әйтеуір, оразада тамақтың қасында жүру қиындау. Қайта сендер қаншама тағам пісіріпсіңдер, күшті. Түстен кейін мен де тәттілер пісірмесем, көп болД жасамағалы. :) Аллаһ мооол сауаптан жазсын, джазака Аллаһу хайран :))
AKA
Тарыны бізде сөк дейді, ал жарманы талқан :) Нарын деген тағамның құрамы қандай болады, кәдімгі лапша (кеспе) ма?
Korkem
Қамыр ауқат бар ғой (бешбармақ) соның қамырын майдалап турап, жылқының етін пісіріп, оны да майдалап турап, араластырып, қазы пісірген сорпаның сорпасын құйып беретін тағам ше?
VVVWWW
Түсінбеген бір нәрсем:
<Самса пісіріп жүріп арасында ет туралды:</&
Кешеден бері ойлап-ойлап миым қашып кетті, еш түсінбедім
1.Ол ет не үшін туралды?
2.Ол піскен бе не шикі ет пе? (түрі шикіге ұқсамайды)
3.Егер піскен болса неге туралады????? Сұрақ, сұрақ тағыда сұрақтар…
Ойымды осындай сан түрлі сауалдар мазалап түнімен ұйқым қалып беймаза күй кештім
Сосын бір ескере жүрерсіз, қазақта басты бөлу демейді, жағын айырады деп сөйлейді
P.S.Постына әңгіме жоқ, ұйқы. 80 өнерлі қыз екенсіз
(сосын белка туралы ештене айтпап едің гой)
Ak123
Оразаңыз қабыл болсыыын! Аллаһ сауапқа жазсын!
mairosh
Конфда койынған сұра. Көркем сен тұрмысқа шықсай))) ық ық))

анау белгіні қара ық-ық):
Жако ағай көріп риза болған шығар. Күтіп жүр еді )) Маладес минус
Ais_97
Жарайсың Көркем!
alikona
жарма деп азирлеген тагамынды биздин жакта жент дейди.
AqSaqal
Бұл өмірде пәлен жыл өмір сүріп естігенімнің алды мына жазбаң болды қалқам.
Korkem
рахмет, ата!
AqSaqal
Көп жаса қызым!
Korkem
миды жаңарту керек-ау осы, анда-санда болса да, узиге тусіп…
Korkem
көзі ашық, көкірегі ояу адамсыз, амалын табарыңызға сенемін ғой.
AqSaqal
Барып көкнәрі ішіп келмесем болмайды, дәвлением көтерілейін деді бірінші рет өмірімде мынаны оқып
Korkem
ы неге?
AqSaqal
Өмір бойы урду-пуштун-суахили-парсы-араб-қытай-латын-грек-хакас-якут-итальян-фғәнсүз-инглиш-іспән-хінді-шағатай тіпті эсперантоны жетік менгеріп, сөз шеберлігінің ұшына жеттім деп едім. Ал жоғарыдағы бір сөйлем дүние танымымның ірге тасын бір шайқады. Көкнәрімен қубаттанбасқа шара жоқ — мазам қашты
AqSaqal
Әй, қой осымен түсініксіз нәрселерді жазуды, әйтпесе нөкнәрі де көмек бермей қалады мекен деп қорқамын
AqSaqal
Тигізеді деген сенімдемін.
AqSaqal
Күдік жүрегімді кеміріп барады, осы сіз Ога-Ван-Ика-Ванао ақсақал емессіз бе? Стиліңіз көзіме шоқтай көрініп еді ұстаааааз, бірақ сізді әлдеқашан конькиін лақтырып тастаған деп жүрген едім, сондықтан танымаппын ұстазыыым-ай, кешірші!
didi0393
оразаларын кабыл болсын! иншааллах тилеген тилек-дугаларынды Аллах тагала кабыл етсин!
Коркем жаксы сауапты ис жасадын жарайсын!сени агама ап бергим кевотыр да
Zhanat
қолың дерт көрмесін! сауапты іс жасапсың, бұданда үлкен сауапты істер жасай бер.
Zhassiko
Охх, самса..)) СамМса… Самс-а-а-а…
Осы жерде қамырына маграин жағып орадыңыз ба?
Келін болсаңыз, СУПЕР КЕЛІН боладкенсіз..)))
ardak1996
қызық сонда дәмханаға бәрін уйден пісіріп алып барады ма?
Суреттерге қарап тәбетім ашылды. Рахмет.
Chimaq
Keremet....))
Osy kunderi bizde qazaqtar bir-birin chaqyryp auyz ashtyryp jatyr,aneu kuni torkinime baryp et jep qaityp edim ushynyp qaptym...))
Jako
Көрші әпке басты тұтастай пісіріп қойған екен,

Қазақ дәстүрінде басты жағын айрып, жоғарғы жақ тісін қағып, бастың маңқасын тазалап қағып, көзін ағызып жіберіп барып асып, сонан соң ғана оң құлағын кесіп алып,қасқалап барып тартады.
Жоғарғыдай басты бүтін асу деген өте айып, оны пісірген қазандағы тағамдар да адал болмайды.
Көрші келін мені кешірсін, бірақ мүмкіндігі болса осы жерін оқытшы.
Chimaq
Oibai...Basty qalai biteu asad?!jaghynyng arasynda silekeileri bolad,tisining arasynda chopter tursa....oibai…
Jako
Соны айтып жатырмын ғой, оқып отырып біз айтпасақ қалай болады дегенім ғой.
Korkem
Аға, арнайы барып сұрап келдім. Қателік менен кеткенге ұқсайды. Басты тазалау үшін ыссы суға салып жатқанын мында тірлікпен жүрген мен пісіріп жатыр деп ұқсам керек. Суретке де мән бермеппіз, піспеген ғой)))
Jako
Бәсе,қазақ қой не көрініпті деп ойлап едім. Жақсы болған екен.
Delfina
керемет Көркемка. Қап былтыр інім үйленіп кетті. Саған мықты қызығып отырғанымды ай)))
Korkem
ой түүү Ақтөбеге ме?
Zhanat
мұңайма Көркем)
Zhanat
сенің мұңыңның бұл жерде қатысы қанша а?
AKA
Няғып ұрса береС, дұрыс түсінбей?! Ан жаққа барып шешіңіздер мәселелеріңізді.
Delfina
Ақтөбе деген керемет жер. Өкінбейсін сіңлім.
AKA
Уууу, осындай керек тағы даааа :)))
Korkem
Мына жазбам бүгін есіме түсіп кетіп, тағы оқып шықтым))) Мен жазбаған секілдімін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.