Даналардан шыққан сөз - талаптыға болсын кез

AitaberPress /
Тым болмаса, аптадағы бір күнді сөзжұмбақ шешуге арнаңыз. Өйткені сөзжұмбақ – үздіксіз ізденуді, көп ойлануды, жан-жақты білімділікті талап етеді ©

Кәне, шешіп көрелік.

........................
......

............
......

Өмірдің шарты — күрес. Күрес тоқтаған жерде өмір де тоқтайды. В. Г. Белинский

Жоғарыдағы ұяшықтардағы сан орнына әріп қою арқылы сіз А. Шапенгауэрдің қанатты сөзін оқи аласыз. Мұндағы нүктелерді бос орын деп есептеңіз. Сан орнындағы әріптерді табу үшін төменде келтірілген сұрақтарға жауап іздеп көріңіз:

1. Ислам бес шарттарының бірі?

2.
Не кешпейді басынан үмітті адам,
Бір арманды әйтеуір қуып барам.
Сен мұңайып қасымнан өткен сайын,
Сәлемге де жарамай тұрып қалам.… авторы?

3. Қасиетті Рамазан айының 26.нан 27.не қараған түн?

4. М. Әуезовтың «Абай жолы» романындағы Абайдың туған ағасы Тәкежанның бәйбішесінің есімі?

5. Намазда қол айқасқан соң алғашқы оқылатын дұға?

6.
Сен бір албырт жігітсің білемін мен,
Бір нәзіктік еседі жүрегіңнен.
Сен кірбіңсіз көңілді болсаң егер,
Жаныма сая тапқандай жүремін мен… авторы?

7. Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романындағы «Апамның айтқандары» атты нақыл сөздердің 23.ші пунктіндегі алғашқы сөйлем?

8. Ақылды ана аяулы жанға пана көп (толықтырыңыз)

9. Кеше де, бүгін де төрге ілінді?

Бақытсыздықта тағдыр әрқашан шығар есік қалдырады. М. Сервантес

Сонымен, ұяшықтағы әріптерді түгел тауып, нәтиже шығарып өзіміздің ақыл-ойдың иесі екенімізді байқаталық. Бос қалған ұяшықтарды сәйкесінше таба аларсыздар деп үміттенемін. Өз ойыммен құрастырылған сөзжұмбақ болғандықтан бірді-екілі қате шығуы мүмкін, бірақ ол қанатты сөздерді табуға нұсқан келтірмейтініне кепілдік бере аламын. Сонымен, Сәттілік!

Мәдениеттің өресі әйелге деген көзқараспен анықталады. М. Горький

Пы/сы: Пост байқау бойынша жарияланды. Байқауда: «26шілде 2 тамыз күндері қатысушы қазақша сөзжұмбақ жасырады. (сөзжұмбақ қазақ тілінде, интернетте жоқ ақпараттардан құралу керек) бұл бөлімнің бағасы сіздің жасырған сөзжұмақтың табуы қиын күрделі болуына байланысты бағаланады.» делінген.

Әдемілік — азат жанның және мықты денсаулықтың жемісі. Л. Шеффер

Бақытты кезде өзіңе өзің шамадан тыс сеніп кетпеген жөн де, ал жаманшылықта сенімділікті жоғалтпаған жөн. Клеовул

29 пікір

Zhanat
Мен таптым!)))
AKA
1. Намаз
2.
3. Қадыр түні
4. Қаражан тошна білмейм бірақ
5. Субханәкә
… әрі қарай мұтып қалдым, кілт сөздер болсын. Тез тапсақ бітіп қалаД, шамалы ұзақ ойланайық, достааар! :))
VVVWWW
2.Түманбай емес пе
6.Фариза
7.Әзілханды оқыған боларсын есіңе түсір жақсылап
9.Біздің көк байрақ әрине
AKA
Жәймендеп табайық дедім ғҰә, бар қызық бітіп қалД енД :))
VVVWWW
Ой ренжіме, тез бітіп қалғанына кешірерсің, негізі өзім де жазбай-ақ қояйын деп едім шыдай алмай кеттім
qyrmyzy
Осындайда Жұрттың баллалары жоғалып кетеді
Korkem
шулатпа құлағын, шулатпа
VVVWWW
ҮЙЛЕНУ ДЕГЕНІМІЗ — ӨЗ ПРАВАҢНЫҢ ЖАРЫМЫН АЗАЙТУ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІҢДІ ЕКІ ЕСЕ КӨБЕЙТУ
(Нұршайықовтың екінші сөзіндегі бірінші әрпі қате, жай айтып жатқаным ғой бәрі түсінікті)
Korkem
таптыңыз, аздап қана дұрыс жазбадыңыз және соңына дейін емес. Сондай-ақ, астындағы жұмбақтардың жауабы қайда?
VVVWWW
басқалар да ойлансын деп
qyrmyzy
әркім өзінікін тапқан ба????
AKA
Айтпа, айтпа
AKA
Жоғарыда Жанат бырат та айта алмай кетті осыны
Korkem
Жекеге кеп сыбырлап кеткентұғын
qyrmyzy
ощым түсінікті, АКАның жауабынан соң да ойланад кенсің…
Korkem
кеЧиии
qyrmyzy
не го, қайсысын таңдадың?
AKA
Конкуренция дейсің ғо
Korkem
муахахах кеЧи
Zhanat
нақтысын осы жерде айт, Қожанасырдың көк моншағындай болмасын)))
Korkem
Қайсысың сүйек сұрағандай жәутеңдеп пікір минстап жүрген? Түбі тесік шелек болмай, бетке айтсаңшы, қорқағым-ау! уақақақақ
Ais_97
Жарайсың Көркем! Мен де сол байқауға барымды саламын!
Korkem
мәәдес, қалыспа!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.