Бір ай бұрын басталған байқаудың қорытындысы.

AitaberPress /
Кеш жарық, құрметті Айтабер сайтының қолданушылары!
Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!


Лондон олимпиадасынан алып жатқан жерлестеріміздің жүлделері құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін!

2.ші шілде күні бастау алған «Айтабер байқау» 2 тамыз күні өз мәресіне жетті.

Бүгін соның қорытындысымен таныстырмақпын. Алдымен қолдау көрсетіп қатыспаған қолданушыларға рахмет, қатысамын деп қатыспай қалғандарға да рахмет айтамын, қатысып орта жолдан кетіп қалған қарындастарым сендерге де рахмет, аяғына дейін қатысқан қарындастарыма алғысымды айтамын сонымен қатар сөзімді жерге тастамай әділқазы болған қарындастарыма да алғыс айтамын.

Байқауға 8 өтініш түсті. Олардың ішінен Манас пен Қаракулов колданушыларымыз қатысатын да, қатыспайтынын да ескертіп айтпады. Өтініш беріп алып, жігіттеріміз аздап жауапсыздық көрсетті.

Алғашқы турдан кейін Аликона мен Жассико осы екі қатысушы қатыспайтындықтарын ескертіп айтты. Қалған қатысушылардың жазбаларымен барлықтарыңыз танысып, өз бағаларыңызды пілус-минус бердіңіздер.

Қырмызының соңғы жазбасынан кейін мен Ака, Көркем, Кырмызы үшеуінің жазбаларын әділқазыларға тапсырып қойғанмын, себебі Айсара қарындасым бір қатысамын, бір қатыспаймын деп екі ойда болып жүрді. Таңертеңгілік қатысатын болып қалады, түстен кейін қатыспайтын болып қалады. Адам басқа адамдарды әуреге салмай нақты шешім қабылдай білу керек қой.

Байқау барысында өздеріңіз байқағандай Ака барлық турларды байқау ережесіне сай орындап, уақытымен шығарып отырды, міне пысық қыз деп ауыз толтырып айтуға болады. Саған алғысым ерекше екенін атап көрсеткім келеді.

Айсара қарындасым үлкен апайларыңнан қалыспай байқауға қатысқаныңа алғысымды айтамын, сенің жазбаларың әділқазылар алқасына жіберілмегенін хабарлаймын. Байқауға қатысқаның үшін алғыс хатпен марапаттап, ұялы телефоныңа 1000 бірлік сыйлаймын. (алғыс хатты жекеге жіберемін, номеріңді жекеге қалдыр)

Әділқазылар алқасы кімдер болды деп ойлап отырған шығарсыңдар іштеріңнен. Мен өзім қазылық шешім қабылдамадым. Осы сайтың ақсақалдарының бір деп Рубен атты қолданушыға ұсынысы айтып едім, қабыл алып соңғы сәттерде жауапсыз қалдырды. "Өнеге" журналында қызмет ететін он.кз сайтының белсенді қолданушысы болған Айнара Байжанға ұсыныс жасалынған, қабыл алып кейінен қолы тимейтінін айтты. Содан Қазнеттің қырмызы қыздарына қалдырдым қазылықты.
Сіңілдеріне өздері ақыл кеңестерімен әділ бағаларын берсін деп. Таныстыра кетсем:
1. Айтабер сайтының қолданушысы Айкона блогерлер арасында өте танымал Кульмуханбетова Айжан

2. Керекинфо сайтының қолданушысы АКУ, айтабер сайтының қолданушысы Doctor бұл әділқазы мүшесіде өте танымал Астана қаласының блогері Әйгерім Кеулімжай

3. Қыздарға арналған қазақ сайты Айқаракөз сайтының админі, блог әлемінде Айқаракөз атпен таныс блогеріміз Эльвира Ергалина

Жалпы байқауға қатусышалардың сайт бойынша жинаған ұпай сандарымен таныстырып өтсем.
Қатысушы АКАның жазбалары Айтабер колданушылардан жинаган дауысы -89
1. «Айтабер» торты «байқау)
2. Қолшатыр астындағы сезім (байқау)
3. Гүл өссе — жердің көркі (байқау)
4. Позитивті сөжұмбақ

Қатысушы Көркемнің жазбалары Айтабер колданушылардан жинаган дауысы — 97

1. »Футбол" салаты (байқау)
2. Сені жақсы көремін (байқау)
3. Ауызашар
4. Даналардан шыққа сөз — талаптыға болсын кез

Қатысушы Қырмызының жазбалары. Айтабер колданушылардан жинаган дауысы — 50

1. «Напалеон» + «Абылай» = «Ержан»
2. Мама мен папаға арналған шимайлар...
3. Бүгін «ертең» екен
4. Соңғы… соңғысы...қимаймын...

Әділқазы мүшелерінің берген бағалары:

1) Айжан Нұрланқызының қорытындысы (қаз-қалпында):
АКА
Қолшатыр астындағы сезім (байқау)
жақсы аударылған, қатесіз айтар ойды жақсы жеткізген, аударма орысшасыдағы ойды толық жеткізе алған, артық көркемдеу жоқ болғанымен шығарма адамға сезім сыйлай алады. +5

«Айтабер» торты (байқау)
АКАның тамақтары қашанда керемет және олар қарапайымдылығы мен ерекшеленеді, кез келген адам пісіре алады. Алдымен тазалықты бірінші орынға қояды. Түсіндіріп, суретпен дұрыс көмкере алады. +5

Гүл өссе — жердің көркі (байқау)
Үшінші байқауға АКА ның жақсы дайындалғаны көрініп тұр, ерекше қоғамдық жұмыспен күнін байланыстыра білген. Кемшілік тек кадрда өзінің қалай жұмыс істеп жатқанының жоқтығы +4
Сөзжұмбақ меніңше болса өте қиынғылып құралған, тапқырлығы көрініп тұр. +5

Көркем
«Футбол» салаты (байқау) салат өте қарапайым, +4

Сені жақсы көремін (байқау) аударма жақсы аударылған, бірақ әдеби шығарма болғандықтан да күнделікті қолданатын жаргон сөздерді қолданып кеткен және шығармадағы сезімді жеткізе алмаған. +3

Ауызашар
Қайырымдылықтан гөрі күнделікті іске ұқсап кетті. Бұнда кемшілік өз суреттерінің аздығы. +4
Сөзжұмбақ меніңше болса оңай табылған сияқты, +4

Қырмызы
«Напалеон» + «Абылай» = «Ержан»
Өте жақсы жасалған және көп тамақтар түрін ұсынып жіберген. +5

Мама мен папаға арналған шимайлар... Аударма өте керемет, көркемдік жағынан, жеткізуде өте керемет +5

Бүгін «ертең» екен Күнді өткізудің маңызы АКА мен Көркемдікіне қарағанда төмен болғанымен адамдарға қуаныш сыйлауға тырысады. +4

4.ші турдға беретін бағасы +4

Жалпы жиыны: АКА-19 Көркем-15 Қырмызы-18

2) Әйгерім Кеулімжайдың берген бағасы
АКА 1-ші тур. +4,2-ші тур. +4,3-ші тур+4,4-ші тур+5. Жалпы ұпайы: 17
Көркем 1-ші тур. +5,2-ші тур. +4,3-ші тур+5,4-ші тур+5 Жалпы ұпайы: 19
Кырмызы 1-ші тур. +4, 2-ші тур. +5, 3-ші тур+3, 4-ші тур+4 Жалпы ұпайы: 16

Алғашқы ас мәзірі бойынша бәрінің жақсы аспаз екені белгілі, таңбаны пайдалану шартына қарадым. Көркем әдейілеп принтерден шығарып алыпты. Соған байланысты жоғары баға бердім
Екінші байқау бойынша Қырмызы жақсы аударған. Үшінші байқау бойынша Көркемнің ауызашарына көңілім толды. Төртінші байқауда АКА мен Көркем креатив танытқан.
Менің қойған бағам бойынша Көркемде 19 ұпай, АКАда 17 ұпай және Қырмызыда 16 ұпай. Демек менің бағалауым бойынша жеңімпаз Көркем.

3)Айқаркөздің қорытындылауы
Даусымды Көркемге бердім.
Қатысушы АКАның жазбалары — 16
1.Түсінікті, бәрі рет-ретімен. Керемет! +5
2.Тура аударма. Орыстың жәй сөйлемі керемет әсер бергенмен, қазақтың жай сөйлемі жалықтырып жібереді. Мағынасын ғана сақтап, құрмалас сөйлемдермен түрлендіру керек еді. Аяғына дейін оқығым келмей, әрең тауыстым. +3
3.Автордың осы шараларға қатысқанына күмәнім бар. Тіпті суреттерде қарапайым адамдардың жұмыла іс атқарып жатқаны көрінбеген, бәрі де қызметшілер. +3
4.Ерінбей еткен еңбек байқалады. +5

Қатысушы Көркемнің жазбалары — 19
1)Бәрі рет-ретімен +5
2) Аударма жақсы, оқуға жеңіл әрі көңілді жазылған. Ұнады +5
3) Жауапкершілікпен жұмыс істегені көрініп тұр, арнайы белгіні қолынан тастамапты  Өте жақсы +5
4) Сұрақтар жеңіл және өте қарапайым. Жаңа идея ойластыруға автор біраз ерінген +4

Қатысушы Қырмызының жазбалары — 14
1)Сушидің жасалу жолдары қайда? Ең ерекше осы дәмді дайындауды ретімен жазғанда, ұпай саны артар еді. Суреттің сапасы жақсы, аздап ұқыптылық жетпей жұр. Тек дұрыс түсіре алмаған. Бір көріністі 3 реттен қайталағанша, тағамның жасалу ретімен түсіру керек еді. Тіпті біреудің дайын суреттері ме деген күмән да жоқ емес. Еңбек үшін +4
2)Тікелей аударма жасасын! Сөзбе сөз аударылғандықтан мағынасы түсініксіз болып қалған. Мағынасын, оқиға желісін сақтай отырып, тамаша жеткізуге де болатын еді. Орыстардың жеткізуі мен қазақтардың жеткізуі мүлде бөлек. Тіл жеңіл, тез оқылғанмен, оқып отырып, ойың шимайланып кетеді. +3
3)Күнделікті тіршілік қамы. Ешқандай игі істің иісі де шығып тұрған жоқ. Байқауға қатысқандықтан жауапкершіліктің де болғаны дұрыс. Аз дегенде аула сыпырушыға көмектесіп, сыпырғысымен суретке түсуге де болар еді.+3
4)Ізденісі үшін +4

Құрметті айтаберліктер міне осындай қорытынды бағаларын берді. Жалпы барлық ұпай сандарын есептейтін болсақ:
АКА: 89+19+17+16=141 ұпай
Көркем: 97+15+19+19=150ұпай
Қырмызы: 50+18+16+14=98ұпай



Айтабер байқауының жеңімпазы – Көркем. 150 ұпай жинады.

Көркемді жеңісімен құттықтаймын! АКА және Қырмызы сендерді аяғына дейін барып белсенділік танытқандарыңа алғысым шексіз.

Осы аты аталған үш қарындасымада сыйлығым бар, өздеріне жекеге хабарласып сыйлықтарын салатындығымды айтамын.

6-тамыз күні Аякөз қаласынан шығатын Қызылорда-Семей поездынан жолсеріктер арқылы Алматы-1 станциясына, Шымкент станциясына, Қызылорда станциясына жол тартады сыйлықтармен алғыс хаттар. Сыйлықтар әзірге құпия.
Барлықтарыңа рахмет!

64 пікір

MSHERIMBEK
1.Айтабер сайтының қолданушысы Айкона блогерлер арасында өте танымал Кульмуханбетова Айжан
2. Керекинфо сайтының қолданушысы АКУ, айтабер сайтының қолданушысы Doctor бұл әділқазы мүшесіде өте танымал Астана қаласының блогері Әйгерім Кеулімжай
3. Қыздарға арналған қазақ сайты Айқаракөз сайтының админі, блог әлемінде Айқаракөз атпен таныс блогеріміз Эльвира Ергалина
Шіркін-ай:)))
pari
Байқау өз деңгейінде өтті! Бірақта ілмектегі
байқау өз мақсатына жетпеді
мына сөзге түсінбедім?
Zhanat
қатысушылар аяғына дейін барды, бірақ мен байқауды ұйымдастырудағы өз мақсатыма жетпедім
pari
Мақсатыңыз?
Zhanat
қайырымдылықта басқа істер күткем басқаларға үлгі боларлықтай, сауабы мол істер
pari
мм сол жері көңіліңізден шықпады ма?
Zhanat
қайталап айтайын ба
qyrmyzy
ық ық, қайталаңыз:)
pari
Құтты болсын жеңістерің!
Ais_97
Жазбаны оқып шықтым, осы байқауға қатысқанымның өзі зор мәртебе болып саналады, рахмет! Көркем,Қырмызы, АКА жарадыңдар!
Zhanat
сенде жарайсың!
Korkem
негізі қыздар жұмбақтап сөйлегендерді аса ұната бермейді)))
Korkem
ол жігіттерге тән қасиет)) шатастырмаңыз
Korkem
ұнатылмай
ық-ық, көздеп атасыз. Бірақ, менің сонда да қарсы айтар уәжім бар, тек оны сіздей жетер жеріне жеткіз алмайтыным өкінішті
Zhanat
аумин!
Ais_97
Айсара қарындасым үлкен апайларыңнан қалыспай байқауға қатысқаныңа алғысымды айтамын, сенің жазбаларың әділқазылар алқасына жіберілмегенін хабарлаймын. Байқауға қатысқаның үшін алғыс хатпен марапаттап, ұялы телефоныңа 1000 бірлік сыйлаймын. (алғыс хатты жекеге жіберемін, номеріңді жекеге қалдыр)

Жанат аға мынауыңыз шынба?
Zhassiko
Ёёё, шынғое… Айснижнийпробельтоқсанжеті ммолодеец, игілігіңе жарат!))
Ais_97
Білмеймін жекеге жаздым рахмет!
Zhanat
Ais_97
Рахмет алғыс хат керемет шығыпты!
AKA
Келісемін, рахмет, негізі байқауға қатыспаймын дегем, соңына дейін көп адамның бармайтынын біліп, өз үлесімді қоспақ болдым. Жеке өзім, Айсараға риза болдым, осындай қарқынмен жалғастыра берсе, алда талай жеңісі болатынына сенемін.
Ais_97
рахмет АКА сенің де қатысқаныңа қуаныштымын!
Zhanat
қосқан үлесіңе көп рахмет
qyrmyzy
ық ық, осы байқауға қатысамын деп ішіп кете жаздадым, шыны керек. Мен үшін өте қиын моментке келіп қалды. Тек бірінші турды ғана отдуши жасаған шығармын. Беті қызарып тұрған смайлик. Әмбе турлардың арасы ұзақтау болып кетті ме… Очм, Жанат аға, РЫСБЕК! АРБ! Кучт жеңгеге кезігіңіз. Келесі байқауыңыызды асыға күтемін.
Zhanat
күзде болады, қайырымдылық шараға, сауапты істерге байланысты. тілегіңе рахмет.
didi0393
Қыздар жеңістеріңмен құттықтаймын! Көркем мәләдес!Жумаймызба?қаааааап! айтаберге кеш кеелдім, ато менде қатысар ем
Zhassiko
Жуайық, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап бересіз ба? Айтыпғояйын парошок, сабыны меннен..)) Фери, әтір сабыны, шампуны сізден болсын..))
didi0393
Фери, әтір сабыны, шампуны сізден болсын.
лучше мен бұларды ішпейак кояйын)мас болп куып кетермін пенам шыкканша)))))))))))))))))))))))))
Kan
Салем мен араларыңа жаңа қосылдым. Жалпы ғаламторды жақсы пайдалана алмаймын. Бірақ сендердің байқауларыңа қатысқым келеді болашақта егер мүмкін болса. Тек қалай,қайтіп қатысуға болатының түсіндіріп, жол нұсқап жіберсеңіздер разы бола едім.
pari
Тек қалай,қайтіп қатысуға болатының түсіндіріп, жол нұсқап жіберсеңіздер разы бола едім.
байқаудың кезі келгенде шарттары қалай қатысу керек туралы арнайы пост жарияланады.Сондықтан сабыр түбі сары алтын
Zhassiko
Өй, Пари саған срошны оқытылу керек, минустар артыңнан еріп жүр ғо
pari
минустаған сайтымыздың оңды солын әлі білмейтін кішкентай сәби баламыз Нұрсұлтанғо ық ық
User
бұл уақыттары Паридің 8 логині бар екенін ешкім білмеген-ді.
Zhanat
айтабер байқауы атты блокка қосылып алсаң, нұсқаулар өзі барып тұрады
dimash
Барлығын болмаса да осы байқауға қатысты біршама посттарды қарап шықтым, Толық қатысқан 4 қолданушы да жеңіске лайықты болып көрінді маған. Мойындаймын, менің қолымнан бұлай ұйымдастыру келмейді, шыдамым да жетпейді. Сондықтан ең әуелі сізге рахмет Zhanat!
АКА, Көркем, Қырмызы жеңістеріңіз құтты болсын :) Жауапкершілікті сезіне білетін, көптеген қыздарға үлгі боларлықтай екенсіздер!
Zhanat
барлығы жеңімпаз болуға лайық екенін менде мойындаймын, байқау болған соң оның дара жеңімпазыда болу керек қой. саған осы қыздардың бойындағы жауапкершілікті сезіне білетін қасиеттерді жұғысты болуын тілеймін.
Zhassiko
Көркем, АКА, Қырмызы, Айсара жеңістерің құтты болсын..)) Өйістіп-өйістіп биікті бағындыра берулеріңе тілектеспін, бақытты болыңдар, жарайсыңдар!!)) Төзімділіктерің, шыдамдылықтарың, бір істі соңына дейін жеткізе алуларыңмен тайынбаңдар!)) «Сөз иесін табады» демекші, жоғарыдағы сөздерді оқып, өзіме көп алып жатырмынЧы..)) Иә, байқау оңай болған жоқ… Не дейміз, Айтаберде осындай қыздардың барына қуанамыз..)) Үйренгендерің өздеріңе жақсы, қылғандарың бізге жақсы..)) Жеңістерің бізге де ық-ық жұғысты бола берсін…
Өляяя, анабыретте көөп жазжеріппін ғой…
Ais_97
Рахмет Жассико, сенің де әлі талай байқаулардан жеңісіңді көрейік!
Zhassiko
Ыспысы..)) І-і-і негізі мна байқауға қатысатын ойым да жоғ еді ғой, сенің арқаңда біршама адамның алғысына бөлендім..))
Ais_97
Оқасы жоқ Жассико!
qyrmyzy
мяяяя, мені құттықтадың ба? Ұжс, жіләдім:( Ешкім құттықтамап еді, ық ық. Тілекті айтшиш, охх, рахмет үлкен. Қозыға ешқандай кедергісіз қосл дейміз енді.
Ais_97
Жанат аға сіз 1000 ед берем деп мені алдап кеттіңізғо, сізге неше рет жаздым нөмерімді, онда неге уәде бересіз, алғыс хатыңызға рахметім ал,1000 ед жазбай-ақ қойсаңыз не кететін еді, бостан-босқа адамның жынына тимей, жарайды сізден кішкентаймын делік, мен сол байқаудың соңына дейін қалай тырысқанымды білмейсіз ғо! Айсара қарындасым бір қатысамын, бір қатыспаймын деп екі ойда болып жүрді. Таңертеңгілік қатысатын болып қалады, түстен кейін қатыспайтын болып қалады. Адам басқа адамдарды әуреге салмай нақты шешім қабылдай білу керек қой.Бұныңыз шеттен шыққандық! Сөзіңізде тұрмайсызба босқа уәде бермеңіз, айтарым осы, тіпті маған бәріңіз ренжитін шығарсыз, маған бәрібір!
aibol
1000 ед берем деп мені алдап кеттіңізғо
ҰЖЫС! Не дейді? Шын айтып отырмысың Айсара?!
Нагылдиді құрсын Айсара!
Ais_97
Ия шын айтып отырмын!
User
Айбол бұл Пари ғоо байқамай минустап отырып жазылып кеткен муахаха!
pari
Жарияланған күні
05 тамыз 2012
дейді бүгін 11-і.Арада 6 күн өтіп кетіпті. 6 күн бойы 1000 бірлікті әлі салмады ма?Ұят-ай!Қарабеет құрысын, шыныменде уәде бергесін жігіттік сөзге тұру керекко!
Ais_97
Соны айтам!
AKA
Білгішсінбеңдерші осы?! Жауабын өзі береді ғой, күйе жағуға дайын тұрады екенсіңдер тегі?!
Ais_97
Жауабын өз мына жерде берер!
Zhanat
Мені қаралайтын сен кім едің?
Ais_97
Жекеге жазсам мазаламаш дейді, білмеймін менен тығылама әйтеуір түк түсінбедім!
Jako
Адам басында неше түрлі жағдайлар бола береді, бір нәрселерден қолы тимей жүрген шығар. «Сбыр түбі сары алтын»-деген халқымыз, бәрі орнына келер.
AKA
Zhassiko , қабыл ал! Жанат ағайға тағы да көп рахмет!

AKA
Таңды атырып, көпірден қарап тұрып түсірдім, қай жақ екенін айтпаймын. «Крутой болсаң тауывал» ©
qyrmyzy
толығырақ анаяқта
qyrmyzy
ық ық, майыса салсаңшы
Zhanat
осы АКА карындасым болмаса, қарабет дегендердің көзін ашып мені ақтап алатын.
Сағанда рахмет, үйдегілеріңді әурелеп таңның атысмен вокзалға бардың ұйқыңды қиып.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.