"Табысым Билл Гейтстікінен аз" | Азаттық сайтындағы сұхбатымнан

AitaberPress /
Ал IT (интернет технологиялар) саласының маманы Садық Шерімбек есімді жігіт «Өмірде жетістікке жету үшін әр фактордың өз әсері болады. Қой да бақтық, қыш та құйдық, егін де салдық. Бірақ өмірге үнемі жақсы жағынан қарау біреулердің әдеті, адамдық қасиеті болса, бұл — менің жазылмайтын ауруым» деп жымиды.
​​
Алматы қаласындағы халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде білім алып жатқан Садық Шерімбек 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы Бірлік ауылындағы жайлауда дүниеге келген. Әке-шешесі ауыл шаруашылығын кәсіп етеді.

— Сегізінші сыныпта оқып жүргенде атама қоймай айтып жүріп, әдебиет пәнінен ғылыми жоба жазу мақсатында компьютер алдырдым. Әлгі ғылыми жобам сол бойы жазылмады. Бірақ бұл мені басқа қырымнан ашты. IT саласының маманы боламын деген ой пайда болған соң техникалық пәндерге ерекше ықыласым ауды. Физика, алгебра, тарих пәндерін мектепте дұрыстап оқымағаныма өкінемін. Қазір жоғарыда аталғандарды уақыт бөліп тереңдетіп оқып жатырмын. Жақында осы оқу-білім мақсатымен Малайзияға барып келдім, — деді Садық Шерімбек.


Ол ақпараттық жүйелер саласында жұмыс істейтіні, бағдарламалық қамтамасыз ету, веб-сайттар жасау, мобильді техникаларға қосымшалар құру, серверлерді құрылымдау жұмыстарымен айналысатынын айтты.

— Бір қарағанда көпшілікке түсініксіз жұмыстармен айналысамын. Айлық табысым Билл Гейтстікінен аз. Өзімнен бөлек отбасыма, бір мезгіл бал қымыз бен «бешбармақ» асауға жетеді, — деді ол.
Бірақ ол айлық табысы орта есеппен алғанда 3 мың 500 доллар шамасында екенін де жасырмады.

Қазір Шымкент қаласындағы интернет қолданушылар орталығында қызмет істеп жүрген студент Садық «осы қаладағы IT саласында жүрген мамандармен ойдағы жобаларды бірге іске асырып жатырмыз» дейді. Оның бар мақсаты – «мүмкіндігі жеткенше білім іздеп, ілім үйрену».

— Жеті-сегіз шет мемлекетте болдым. Ол жақтарда жүргенде әжемнің тандырға жабылған күлше нанын сағындым. Барған жерлерімде адам өміріне біздегіден гөрі жағдай жақсы жасалған. Меніңше, бұлар — шешімін табатын нәрселер. Біреулерге ерсі естілсе де айтайын: біздің ел — болашағы бар, керемет ел. Тек қазір қоғамда қалыптасқан кемшіліктерді түзеуге жұмыс істеуіміз қажет. Өз басым — тәуекелшілмін. Кейде бүкіл әлемнің проблемасы менің басымда жүрген сияқты көрінеді. Бірақ позитивті жан иесі болғанға не жетсін, — деп сөзін түйіндеді IT саласындағы жас маман Садық Шерімбек.

Сұхбаттасқан Бегім ОРАЗ-МҰХАММЕД
Басқа да жас бизнес өкілдерімен болған сұқбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар

41 пікір

Ademi
Админтай, шәкірттеріңіз көбейе берсін!
MSHERIMBEK
сұраған еді негізі:) бірақ жазылмапты мұнда:)
Отбасың туралы айта кетсең...Үйленгенсің бе?
Құдай мені үлкен де, бақытты отбасыға бұйырғанына мың да бір шүкір. Қарындасым — медицина маманы. Екі інім де спортшылар. Бірі болмаса, біреуі келесі олимпиадалардың бірінде жүлделі орын алып жатса таңқалмаймын. Кенже қарындасым енді ғана сөйлей бастады. Жалпы, біз ата мен әжемізбен өмір сүргенбіз. Жас кезімізде үйімізде үш әжеміз болған. Солардан кезек-кезек ертегі мен жырларды тыңдап, санамызды қазақылықпен шыңдап өстік десем қателеспеймін, Ая. Жеке басыма келсек, әлі үйленбегенмін. Мен үшін отбасылық өмірдің өзі бір үлкен белес. Кез-келген уақытта үйленіп кетуіме мүмкіндігім бар, әрине. Бірақ, дәл қазір інілерімнің оқуын бітіріп, жақсы орындарға жұмысқа орналасып, өз-өздерін қамтамасыз ете алатын дәрежеге жеткізіп, ата-анамды қалаға қоныстандырып алғанға дейін үйлену мәселесі мен үшін екінші орында.
Ademi
өзі үшін сұраған шығар
AL-ASTER
сұраған еді негізі:) бірақ жазылмапты мұнда:)
Конвиктті соғымға! )))
AL-ASTER
Или құрбандыққа (аг да, негізі какая разница???))))
MSHERIMBEK
Интервьюді алған Көнви емес:) Ая деген сұлу))
zilola
Сұхбаттасқан Бегім ОРАЗ-МҰХАММЕД
Ая?
MSHERIMBEK
Журналистерді білесің ғой =)))
pari
3 мың 500 долларды теңгеге айналдырғанда қанша?
Ademi
ішіңді ит тырнап барады ма?
pari
ағаңа қалай-қалай сөйлесің өзің?
Ademi
сен маған аға боласың ба түріңе қарамай? О, заман, қайда әкетіп барасың????
MSHERIMBEK
біраз асырып жіберген ғой, інім:)
User
3500 долларды айналдырмағаның сауатсыздықтың белгісі емес па
didi0393
кішкене болсада сені бір қадамға жакын тани түстік Қарасакал бро)))Мадес! удачи!
zhomart
Керемет Садық брат! Сенің табысың бізге жұғысты болсын: )
pana
ал мен бұл адамды танимын!))))
MSHERIMBEK
ал мен мына қызды танимын)
Kan
Жас өспейма көкейінді теспейма дегенгой
AKA
Таңертеңгісін осы мақаланы бірінші оқыдым. Сұхбатты алған Ая ма? Крәсәпшік жігіт, күліп, көңілді болудан жалықпақ емес, сонымен қатар қарапайымдылығына сөз жоқ!
MSHERIMBEK
Сұқбаттасқан Ая :) Рахомитос амига))
AKA
И не?! Анау-мынау ақшаға мақтай қоймаймын
aqjigit
Біздің админ жігіт кірәсәпшік екен ғой)))
AL-ASTER
Аман жүр, амиго.
kozy
Тәәк кірасәпшік, менің спортшы екенімді ұмыт. Мен аға жолын қуғым келеді.)
Zhanat
жақсы сүқбат.
мен үшін бір өкініштісі бар)))
mairosh
уачааа Сурет өрт)))) ұнады.
Бірақ өмірге үнемі жақсы жағынан қарау біреулердің әдеті, адамдық қасиеті болса, бұл — менің жазылмайтын ауруым» деп жымиды.
​​
әдеміі)))
Dan4ik
недеген керемет жер… жақсы сүқбат шыныменде әжеміздін тандырға жабылған күлше наны керемет…
korwinin_kyzy
Табысын 20 000 мын тенге болса жетеді саған, ал табысы 300 000 мын болсада жетпейтын адамдар бьар, көзім жетті ондайларга ,,,,
MSHERIMBEK
Дұрыс айтасың амиго. қанағат қарын тойғызады
korwinin_kyzy
да да прабельно говориш БЕЗ РЫБЬЕ РАК ТОЖЕ РЫБА
korwinin_kyzy
САДЫҚ Вин 7 аператсионный орналастыру туралы шагын пост жазсищ колын тисе????
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.