Электрондық үкімет порталында Иванов Петр есімі сіздерге мысал болмақ...

AitaberPress /

Электрондық Үкіметтің порталы www.e.gov.kz ашылғанына бірнеше жыл болса да, бір суретті ауыстырта алмай әлек болып келеміз. Ол қандай сурет деп ойлайсыздар ғой? Өздеріңіз білетін теледидардан, интернетте веб-сайттарда кеңінен насихатталынып жатқан порталының Тіркелу бетіндегі мысалға ілініп тұрған куәліктің суретінде Иванов Петр деп жазылып тұрғандығы. Қарапайым Айбол Ахметов деп жазуға болмай қалғандығы ма?
Сенбесеңіздер www.e.gov.kz сайтына кіріп төбедегі Тіркелу батырмасын шертіп тіркелу бетіне өтіңіз. Сонда Жеке тұлға бөлімін таңдап, Тіркелуді жалғастырыңыз. Келесі бетті көзіңізге Иванов Петрдың аты жөні сізге мысал болып шыға келеді.

16 пікір

Ais_97
Маған да тіркеліге болама Ербол аға әлде тек 18 ге толғандарғама?
AKA
Фанатыңмын, сырласайық!
miras
орыстың атыма? Сонда бір қырғыздың атын таба алмаған ба?))
User
)))) қырғыздың не қатысы бар бұл жерде.

Меніңше Айбол Айбаров деген дұрыс, Ахметов деген фамилия чисто казахский емес.
miras
орыстың атынан жақсы ғо))
User
Орыстың атынан жақсы екен деп не қырғыздың атын қою керек па? қуасың ей осы
miras
не болды сонша, қырғыздарда өшің бар ма не?
User
Қазақстанда тұрамыз.Орысшадан өзгертіп жатсақ,қырғызша қуып кету әбестік.ҚазақША қазақ) уou should speak Kazaksha~~~~
User
Бәленше түгенше ұлы.
pari
Бұған біздің жасымыз жетпейді екен тіркелуге. Жеке куәлік алғасын болмаса…
qwenchi
Оның несіне таң қаласың?
Сайтты жасағандар орыс немесе сайт жасағандарды басқарып отырған шала қазақтар. Үйренетін уақыттарың келді ғой
Kan
О менің ұлттжанды бауырларым жиналып қалыптығой. Қаныңа сінбесе де санасына сіңіп кеткен бұл орысша атауларды өзгерту үшін тәуелсіздікке 20 жыл емес 40 жыл керек шығар. Бұл порталды былай қойғанда жеке өзімізде де «ов, вич, на, ва» болып жүрген жоқпыз ба.
Arhun
www.e.gov.kz => www.egova.kz десе тіптен қатып кетер еді…
қазақтар, оның ішінде жастар, енді ғылым білімге тырысып талпынбаса, бірігпесе, ұйымшыл болмаса онда осындай қызықты нәрселерді әлі талайын көре жатармыз…
pari
дұрыс айтасың, Архун ©
AKA
Шикіліктері көп сияқты, бұл сайттың…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.