Айкона, арнайы сіз үшін

AitaberPress /
Жалпы адамзаттың дамуы тарихында бәріңізге белгілі аталарымыз аң аулап күндерін көрген, қазіргі таңда аң аулау өмір сүретіндер жоқтыңы қасы, қазіргі аң аулаушылардың көбі әуесқой аңшылар деп айтыңа болады, кәсіп етіп жүрген жігіттерде бар. Бұрыңғы аңшылық өмірмен салыстырғанда қазіргі аңшылар садақ ,қақпан арқылы ұстамайды (ұсақ тышқандарды, қояндарды ұстауға пайдаланады қақпандарды), қос ауыз мылтықтармен, автоматпен шығады. Тағы бір ерекшелігі атпен жаяу емес, снеегоходпен, уаз авто көлігі, джип машиналармен шығады көбі. Жалпы аңшылықтың қыр сырын жақсы меңгердім деп аута алмаймын. Сегіз айдың жүзі болды, аңға шықпағаныма.Ең алғаш қасқыр аулаған күндегі оқиғамды бөлісейін, Айконаның өтініші бойынша.
Абай атамыз жырлап кеткендей, аңға қар жауған түннің таңы өте тамаша мүмкіндік, басқа күндермен қарағанда сәттілікке толы күн болады.Айнала аппақ қар, мүлгіген тыныштық, бетті шымшып қоятын аздап аяз бар, шоқиған қарағандар көзге түсуде, көп жүрдік, еш қандай із көрінбейді. Шамалы уақыт өткен соң, аялдап біраз тұрдық, бір-бірімізге қалжыңдап, жол бастаушымыз Баханың қандай нұсқау беретін күтіп, ол болса бізге қалжыңдап тисуде, қайсыңның жолың ауыр деп, достар арасындағы ең қырсығы мен, бәрі жабылып маған тиісті мына қырсық қасымызда жүргенде қасқырлар бізге жолыға қоймас деп.Көбіне қалжыңды жақын қалжыңдайтын маған тисе береді, оған менің етім үйреніп қалған. Сөйтіп жүргенімізде түс ауды.Тауды бөктерлеп келе жатып, бір топ ізді көрдік, сол іздің соңымен бір екі шақырым жерді жүрдік.Алдымызда бір топ қасқыр жүр, біздің дыбысымызды көріп олар өздерінің жандарын сақтау үшін, қашты. Бір мезетте іштеріндегі арланы сытылып артта қала берді, (бұрындары бір үлкендерден естуім бар еді қасқырдың арланы өзінің жанұясын қорғау үшін өтірік ақсаңдап артта қалада деп осы сәтті өз көзіммен көріп іштей ойладым, жабайы аң болсада өз семьясын қорғау үшін осындай айлаға барды, неге көптеген адамзат иелерінде осы жабайы аңдардың ақылындай ақыл болмайды екен деп. ) Артта қалған арланда өз жанын оңай бергісі келмейді, оқты өзіне дарытпай үшін, ары бері ойтқып көздете қоймады, аңды атудың бір тәсілі кеуде тұсынан атса ол оның жанды жері біріншіден, екіншіден терісін бүлдірмеу үшін. Ақыры діттеген аңымызға оғымызды дарытып,қанжығамыз майланып қайттық.Атқан оғың дарығанда бір ерекше сезім болады, ол сезімді айтып жеткізе алмаймын. (мені маняк екен деп ойлап қалмаңыщдар)Оны осындағы аңшылыққа жаны жақын сері ағамыз Жакоға қалдырдым.
Жалпы аң аулаудағы мақсатымыз ауылымыздың малдарына шауып жүрген жабайы аңдарды үркіту. Мен өзімді аңшымын деп толықтай атай алмаймын. Арасында достарыммен барып қайтамын, демалыс күндері.
Орайы келіп тұрғанда айта кетейін, осы теміржол саласында қызмет істеп жүргенімде бір байқағаным далада түнде жайылып жүрген малдар рельс бойына тізідіп алады, гүрілдеп поезд өтсе де қашпайды, сөйтсем ол байғұс жануарлар, ит құстан қорғанып келеді екен.
Аң аулауға барғандағы түскен достарым мен өзімнің суреттерімді ұсынамын. Алла қаласа әлі де барып жатсам бөлісемін өздеріңмен.Сүреттер өзімнің ескі архивімнен алынды.

36 пікір

MSHERIMBEK
Оппанаааа:) Мына сері жігіт:))) Мықты резюме екен;))
Zhanat
))))оны қыздар дұрыс қабылдаса болды ғой)))
Dan4ik
гүл ғой мынау...
Jako
Тамаша, міне аңшылық.Менде аңшы емеспін, билетім болғанмен ермекке, демалысқа ғана шығамын. Әрі мынандай қолайлы табиғат біз жақта бола бермейді, қыстарың тамаша екен.
Zhanat
Оңтүстікке қарағанда қыста қар қалың болады біз жақта. Аң атып алғандағы сезімді жеткізсеңіз
banzaika1990
Міне сәт! Осы жерде аңшы ағаларыма сұрақ: Қасқырдың терісінен басқа дене мүшесі (ішкі ағзалары т.б.) пайдаға жарай ма, әлде керексіз болып қала ма?
Zhanat
ол жағын толық білмеймін,өзімнің білуімге жарамайды
Ademi
сонда терісін сыпырып алып, тастай сала ма етін?
banzaika1990
иттерге беретін болар, қасқыр етін жеуге дәті шыдаған иттен алда үлкен үміт күтуге болады
Ademi
ондайы да бар ма? Дәті шыдаған адамнан не күтуге болады?
banzaika1990
Қасқыр сорпасын ішкен адам бүкіл өміріне жетерлік иммунитет жинап алады.Денсаулыққа пайдасы зоооор. Қытайлықтар ішеді дегенді естігенім бар, содан кейін сұраған едім, мүмкін біз жақта да татып көргендер бар шығар деп
Zhanat
ішетіндер бар шығар, бірақ мен итжегіштердің қатарынан емеспін.
banzaika1990
иттің етін жеп иммунитет жинағанша қыста қалың киініп, сақтанып жүргенім артық десеңішші. Менде осындай қағиданы ұстанам негізі
Dan4ik
ал сол иттін етін жеуге дәті шыдаған адамнан алда үлкен үміт күтуге болады
Zhanat
иә,өзім көрген аңшылар солай етеді
banzaika1990
Керемет!
Біздің ауылда ағаларымыз елік аулауға шығатын. Ауылға әкеліп сойып, етін бүкіл ауылға таратушы еді. Сіздер елікке шығып көрмедіңіздер ме?
Zhanat
мен шықпадым досым шыққан, елік аулаған суретін салып қойдым
Ademi
Елік???
banzaika1990
Иа, иа елік. Елктің де етінен қуырдақ жеген тамаша күндер болды ғой бала кезімізде
Aikona
Уау, күшті ғғо… Бірақ, мен қорқушы ем, күйеуімді де жібермеуші ем… Пайдалы мақсатта ауламасаң, былай қорқынышты екен.
Zhanat
демек аңшылыққа жақын жігітке тұрмысқа шыққыңыз келмей ме)))
Aikona
))) бұндай сұраққа жауа бергім келмейді десем бола ма? тек қауіпті жағын айттым ғой, ар жағын ойламаппын
Aikona
Қыста, таулы аймақтара тұрған қорқынышты ғо, бізде тауда тұратындарға (ауылымды айтам Алматы облысы, Райымбек ауданы) қасқыр малын жеп кетіпті дегенді жиі естимін. Ағам орманшы, кейде ауылға жақын маңдағы аралықта шығып тұрады аңшылыққа, біз қорқып алаңдап күтіп отырамыз ағамды. Үйде сілеусін, қасқыр, түлкі, суыр, борсық, қырғауыл дегендер көп еді, кейін атам ағамды әрең қойдырды қауіпті деп. Негізі, тек сақтық шарасы ретінде аулайтын ол кісілер.
Ademi
Терісі бұзылып кетпеуі үшін не істейді?
Aikona
ішкі органдарын алып, теріні тұздайды кажется, нақты білмейм. ішіне сабан салып қоятын әйтеуір
Ademi
Zhanat тан осы жайлы бір жазба сұраймыз ба?
Aikona
жазба емес пікірде түсіндіріп кетсе де түсінеміз ғой
Ademi
суреттерімен көрсетсе дегенім ғой
Aikona
білмейм, өзі айтар
Zhanat
қазір жеке жазба етіп салмын, кешеден бері жекеге көптеп адамдар сұрап жатыр
Korkem
ғәчоқпын
Zhanat
қасқырларға емес деп ойлаймын)))
Бұрын әке аңшылықты жақсы көретін, үйде аңшы мылтығын ойыншық қылып ойнап кететінбіз кішкентай кезімізде)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.