Алматы қаласы тұрғындарының назарына!

AitaberPress /
2012 жыл Алматы қаласының мәдениет жылы болуына байланысты, Алматы қаласы тарихының мұражайы келушілерге жеңілдіктер ұсынылып отыр.

Жалпы ақпарат:
Алматы қаласы тарихының музейі 2002 ж. қыркүйек айында ашылып, қысқа ғана уақыт ішінде Алматы қаласының негізгі тарихи-мәдени мәселелерімен айналысатын іргелі орталыққа айналып үлгерді. Бүгінгі таңда музейдің коллекциясында қала мен Жетісу өңірінің тарихынан сыр шертетін 30-мыңнан астам жәдігер сақталуда. Музей экспозициясы қола кезеңінен бастап қазіргі заманға дейінгі кезеңдерді қамтиды.
Қала территориясындағы қазба жұмыстарының нәтижесінде б.з.д.VII-II ғ.ғ. жататын алтын бұйымдар, 13-14 ғасырларда Алматыда соғылған күміс тиындар, инженер-құрлысшы А.Зенковтің жеке фотоқұжаттары, қолжазбалар, сирек кездесетін мерзімді басылымдар, Түркістан-Сібір теміржолы құрлысының материалдары және т.б. аса сирек кездесетін экспонаттар бар.
Қадірлі оқырман!
• Егер әсем қала Алматы жайында тереңірек мағлұмат білгіңіз келсе,
• Егер сізді тіршілік кешіп жатқан қаланың тарихы қызықтыратын болса,
• Егер таудай тарихы бар Алматы қаласында өткен іс-шаралармен таныс болғыңыз келсе, онда Алматы қаласы тарихының мұражайына келіңіздер!
Қыркүйектің 1 жұлдызынан ағымдағы жылдың соңына дейін жеңілдіктер жүріп жатыр. Қапы қалмаңыздар!
Студенттер мен мектеп оқушыларына кіру билеті тегін!!!
14-23 қыркүйек аралығында ересектерге 90% жеңілдік қарастырылып отыр.
Келіңіздер күтеміз!
Мекен-жайы: Достық даңғылы, 44 үй (Жамбыл көшесімен қиылысы)
Байланыс телефондары:
291-27-59
+77078894437
Сайт:http://www.museumalmaty.kz/
e-mail: museumalmaty@mail.ru

5 пікір

Ademi
Мұражай қайда орналасқан?
Ademi
Қаныш атамыздың үйіне барғым келіп жүр, керемет дейді ғой. Мұхтар атамыздыздың үйі сөз жоқ
qyrmyzy
naimankyzi , сәлем! сенімен танысқаныма қуаныштымын. Пост жазу керек еді Талдық жайлы. Бұйыртса, 14 нен кейін бір топ айтаберліктер барып қалармыз. Сен сонда боласың ба? Біздің кездесулерге келіп тұр, алматыда екенсің ғой!
ereke_enu
90% пайыз жеңілдік жасағанша, тегін қыла салмады ма?))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.