Біреудің қатесі біреуге сабақ

AitaberPress /

Байқау жариялаймын! Байқау!





Біреудің қателігін тез көруге емес, оны тез түзетуге ұмтылған жөн. ©


Ең алғашқы байқауым сол бойы ұмыт қалып келеді, сонда да үмітім үзілген емес. Екінші ұйымдастырған байқау өздеріңіз куә болғандай өте тамаша өтіп еді.

Бұл байқауды ұйымдастыруға сайтта көптен жазылып жүрген тағдыр жайлы посттар түрткі болды.

Сонымен, бұл байқауға кез-келген Айтаберлік қатыса алады.

Байқаудың шарты:
Тақырыпта айтылғандай сіз жазған тағдыр жайлы пост оқырмандарға қателіктен сақтандырып, яғни өмірден сабақ алуға мұрындық болардай оқиға өрбігені жөн. Өте әсерлі болғаны маңыздырақ. Газет, журналдардан көшіруге қатаң тыйым салынады, жан-жақты тексеріледі.

Қандай тағдыр жайлы жазамын?
Бұл сұрағыңызға келер болсақ, кез-келген өзіңіз куә болған, яки ойдан шығаруға да еркіңіз бар. Бастысы қателік жіберіп, өзгелердің сонан сақтануына түрткі болғаны жеткілікті. Ойдан шығарғаннан гөрі өз басыңыздан өткен қателік жайлы тағдыр болған жағдайда жеңіске бір табан жақын болатыныңызды ескертемін. Бәрі де шынайы болсын.

Байқау міндеті:
1. Тақырыбы келісті болатын болсын, оған баса назар аударылады.
2. Қатесіз, тиянақты болатын болсын. Мынаны және мынаны да оқып алсаңыздар артықтық етпейді.
3. Суреттермен немесе суретпен көмкерілсін.

Байқау сұрағы:
Қандайда болмасын бір жанның бақытына себепкер болып па едіңіз? Қалай? сұраққа жауап міндетті емес, постыңызға сай келсе араластыра, мысал келтіре жауап беруге болады

Байқау мерзімі:
Өтініштерге байланысты, пост саны он немесе одан көп болғанша. 2-3 аптадан асрылмайды

Байқау өтініші:
1. Пост жазған кезде өзгенің ар-намысына, ұлттық, діни ерекшелігіне тиіспеуіңізді;
2. Боғауыз, балағат сөздер, жанжал туғызатын ойлар жазбауыңызды;
3. Осы байқауға ұқсас тағы бір байқауды қылтитпауыңызды өтінемін.

Сондай-ақ, посттарыңызды мұнда пікір ретінде немесе жеке пост етіп емес, ұйымдастырушылар Korkem мен qyrmyzy ға жеке хат ретінде жіберуіңіз керек, біз оны бөлек пост етіп жариялаймыз.

Пост иелері алдыңғы байқау тәрізді құпия ұсталады, әділ қазылар алқасы да ол жағынан хабарсыз қалады. Байқауға ұйымдастырушылар да ат салыса алады.

Байқау сыйлығы:
Байқауды әділ қазылар талқылайтын болады. Олар құпия. Және жинаған балл есепке алынады.
"Өте тамаша" деп танылған пост иесі 1000 бірлікке ие болады.
"Өте жақсы" деп танылған пост иесіне 700 бірлік;
«Тамаша» деп танылған пост иесіне 500 бірлік;
«Жақсы» деп танылған пост иесіне 300 бірлік;
«Мақтауға тұрарлық» деп танылған пост иесіне 200 бірлік жолданады;

Ат салысыңыздар! Сәттілік тілеймін! қарап отырғанша, бірліктерге ие болуға жарап отырайық, достар

Пы/сы: Алдыңғы байқауымдағы қара тізімге енген зынданда жатқан dimash , Zhassiko , alikona байқауға қатысу бақытынан кенде.

Пы/сы/сы: демеуші керек

40 пікір

Manas
Аздап күрделілеу болмаса, жақсы байқау болады деп үміттенемін.Тақырыпта жақсы екен.Неде болса да сәттілік.
zilola
Демеуші бар, ал балақайлар жазыңдар, көрейік, бағалайық!
zilola
хехе, Лолита?
zilola
Ренжімеңіз, айтаберліктердің көпшілігі менен жас деп ойлап жүріппін, ал әрқайсыңыздың профайлыңызға кіріп жеке танысуға қол қысқа, уақыт тапшы екенін айта кетсем айып болмас.
Мына сөздеріңіздің орысша нұсқасын Лолита орындаушы еді, соған жаза салғанмын.
Manas
Сіздің фантазияңызға келетін сияқты Бекасыл ақа)
dimash
Пы/сы: Алдыңғы байқауымдағы қара тізімге енген зынданда жатқан dimash , Zhassiko , alikona байқауға қатысу бақытынан кенде.


Не деген бақыт десейш)) Міндетті түрде қатысамын қолдан келгенше, әрине)
1000 ед, мені күт))
Korkem
байқауға қатысу бақытынан кенде.
Пәлі Димеке, сізді қазақ па деп ойласам
Abylai
Казнить нельзя простить!
dimash
Сонда қатыса алмаймын ба?.. Жазам деп пландап отқанымда жазбай жатып ұмытатын болдым ба…
qyrmyzy
Жемқормын! Қатыса ғой, қарағым, қатыса ғой
dimash
Неткен мейірімділік, не то што Коркем (қатігез)
нормально күліп тұрған смайлик таппадым шо то
Daniar_alan
"Өте тамаша" деп танылған пост иесі 1000 бірлікке ие болады.
"Өте жақсы" деп танылған пост иесіне 700 бірлік;
«Тамаша» деп танылған пост иесіне 500 бірлік;
«Жақсы» деп танылған пост иесіне 300 бірлік;
«Мақтауға тұрарлық» деп танылған пост иесіне 200 бірлік жолданады;

Пы/сы/сы: демеуші керек

хахахаааа
Daniar_alan
«Жақсы» деп танылған пост иесіне 300 бірлік;

Көркем: -нөміріңді айтш… мен қаз 141-мен ляқтырам

пы.сы: мен нөмірімді айтпаймын. әйелім бар!!!
qyrmyzy
Ана суретке елжіреп кеттім, қазір қосылып жіләйм:((((
Zhanat
ойлы байқау екен,үлгі алатындай жазбалар күтемін. Демеуші өзім боламын.
Korkem
Дони тормыз! Жігітпін дит тағы епті
Daniar_alan
ақшам жоқ е… жүдә…
Aikona
Біреудің атыннан жазбасаң, өз атыңнан жазуға қиын әрі ауыр тақырып екен.
Ademi
Пост иелері алдыңғы байқау тәрізді құпия ұсталады, әділ қазылар алқасы да ол жағынан хабарсыз қалады.
seit_96
бірлік каида жберіледі ұялы телефонғама????
Korkem
иә, ұялы сымтетікке
seit_96
охо онда іске кірісу керек
zhomart
Үлгере алмаймын, кейін пост қып жазармын(((
Korkem
иии ишхайсысың жазайсыңдар ма не?
qyrmyzy
жазамыз, жазамыз… күтші кішкене. Андай торт пісіретін алу керек!
khairbek
Біредің қатесі біреуге сабақ
біреудін тарағы біреуге емес тарақ
біредін қаруы біреуге жарақ
біреудің А4-і біреуге парақ
біредің виносы біреуге арақ
болындар адамдар арақтан аулақ
арақты ішкесын тусесін қармақ
жалгасы бар,,,,,,,,,,,,,,
balzhan
сәлем бәріне… жаңа ғана қосылып жатырм… жақсы сайт екен
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.