Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

AitaberPress /

№1 қатысушының посты (БАЙҚАУ)




Жаңа жыл. Елдің барлығы мәз мейрам, бірін-бірі құтықтап, сыйлықтар сыйлауда. Даладан сырғанақ теуіп келіп, бөлмеме кірсем төсегімнің үстінде әдемі оралған қорап тұр. Тәрбиешімнің үйретуі бойынша қорапты ашпай ары итеріп қойдым. Бірақ екі көзім, ойым сонда болды, бұл кімнен келді деген. Мүмкін атам мен апам келген болар деп іштей қуанып, бір жағынан өзімді кінәләп қоямын, осынша уақытқа дейін ойнамай ертерек қайтпағаныма. Шамалыдан соң тамаққа түстік, көзіммен тәрбиешімді іздеп қоямын. Мереке болғасын ертерек қайтып кеткенін білдім, аяғында шыдамай ашсам, ішінде: кітап Сайын Мұратбековтың, жылы жемпір, бір хат бар. Хатты алып оқуға кірістім: «Амансың ба балақай? Қалын қалай? Сабақтарың қалай? Жаңа жыл мерекеңмен!.. қысылған кезіңде Мария тәрбиешіңе айтып меған хабарласуыңа болады. Сәлемнен: Н ағаң."

Бұл кім? Неге маған жіберді? Мен танитындардан мұндай есім жоқ. Ол кім маған көмек беретіндей, оның көмегіне зәру емеспін деп (іштей жалған намысқа беріліп ашуланып қоямын)
Жетінші сынып оқып жүргенімде тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Ойламаған жерден бірінші орыннан көрініп облыстық жарысқа жолдама алдым. Сол кездегі қуанышымда шек болмады. Бірақ қуанышым ұзаққа созылмады. «Жарыс қазыларының төрағасының орынбасары келіп, облысқа өз қаражатымен барады, сен оған бара алмайсың, жолдаманы екінші орынға береміз, бірақ жеңіс сенікі болады», — деді. Дәл сол кезедегі күйімді айтып жеткізе алмаймын. Қырық градус шөл далада келе жатқан жолаушыға құмырадағы суды көзіне көрсетіп жерге төге салғандағы күйімен сай еді. Кеудеме өксік тығылып, теріс бұрылып кете бердім. Интернат баласының қаражаты жоқ деп жолдаманы басқа біреуге берулеріне қалай жол беремін, кімнен көмек сұраймын. Есіме жаңа жылда алған хатым түсті.
Бұрындары жай ғана ұйықтар алдында ғана армандап қоятын қаладамын. Міне бақытты күндер деп осыны айт. Осы күнге қалай келгенімді бір есіме алып, кейін мен де сол кісіге ұқсап адамдарға көмектесемін деп өз алдыма мақсат қойдым.

Интернат оқуышыларының өмірін барлықтарыңыз білесіздер, көпшілік орта, әр нәрсеге еліктеуші келетін жасымда темекі шегуді үйрендім. Студент жылдарымда жаяу жүрсемде қалтамдағы соңғы тиынама темекі алып шегетінмін. Көктем мезгілінде студентерді медициналық тексеруден өткізді. Күнде қасымда жүрген досымыздың қасымызда азып бара жатқанын байқамаппын, осы тексеруде досымнан туберкулез талшықтары анықталып, қаланың сыртында орналасқан диспансерге жатты. Бірде досымның көңілін сұрап барып, сондағы жандармен әңгімелесіп қайттым. Сонда түсінгенім, темекінің өмірімізге зиян екенін. Осы уақытқа шейін талай естісемде осыншалықты оның зиян екенін жүрдім-бардым тыңдап мән бермегем. Көп ойланып жылдан аса уақыт өткенде темекіні қойдым. Ең басында темекі алғым келіп тұрса барып бинго алатынмын сол ақшаны солай жұмсап дағдыландым. Екі жылдан бері күн сайынғы темекі алатын ақшамды жинап, жылда балалар мерекесіне орай өзім тәрбиеленген интернатқа барып сондағыларға тәттілер сыйлап қайтамын.

Темекіні тастаңдар, шеккіштер!

Алла тәбәрәк уа тағала бір Пайғамбарына уахи еткен: Сенің қауымыңнан бір адамға жарты ғұмырын байлықпен, жарты ғұмырын кедейлікпен өткізуді тағдыр еттім. Ол адам алдымен қайсын қалайды екен. Өз қалауы бойынша берейін, өзінен сұра депті.
Пайғамбар уақиды айтты, ол адам әйеліне ақылдасам деп үйіне барып әйеліне айтты. Әйелі айтты: «алдымен байлықты сұра», — деді. Ері айтты: « жас күнде бай болып, қартайғанда пақыр болып отырғаным жөн келмейді. Жас күнімізде жанымызды аямай еңбек етейік, қартайғанда бер деп сұрайық», — деді. Оған әйелі көнбеді. Сонымен алдымен байлықты сұрады, ол адам тез арада байыды. Осы кезді пайдалынып, ол көп жомарттық жасады. Сонымен оның ғұмырының жартысы өтті. Бір күні Пайғамбарымызға тағы уахи келді. Бұл адамның жарты өміріне кедейлік жазған едім, ол адам менің берген байлығыма, нығметіме шүкіршілік етіп және жомарт болды. Сол үшін байлықты өмірінің ақырына дейін ұзартып, қайта тағдыр еттім деген екен.
Пы: сы Жомарттықтың пайдасы екі дүниеңе жететін байлық береді.

22 пікір

dimash
Өте керемет әсерлі!
Алла бізге өмір берді, оны қалай өткізетініміз өзімізге байланысты ғой.
Н ағаң деген, түсінгенім бойынша Нұр ағамыз болуы керек
qyrmyzy
Иә, құрбыларымның туыстары тәттілерімен жиі келетін. Менің екі ағам тек демалыс сайын кезегімен алып кетуге келетін тек. Сыйлық алған күшті, тағы да жемпірі бар:) Тосын сыйлықтар күшті ғой…
VVVWWW
Бір ақын айтпақшы:
Жалаңбас келіп өмірге,
Жалаңбас кетіп барамын....

деп, бәрі де сол сияқты ғой
nur_karataev
иә, дұрыс айтасыз.
Aikona
Шынымды айтсам, жылағым келіп кетті. Осыншама өмірдің қиындықтарын көріп жүріп, керемет ой түйе білу адамдықтың үлкен қасиеті.
Uleke
мен айтаберге жылау үшін кірмеген едім, негізі… дегенмен, Көркемге ісің алға бассын деймін! ниетіңнен айнымасаң дәу қыз боларың анық, иншАЛЛА
mairosh
Қолдаймын қолдаймын.
qyrmyzy
Біреуді қуанту, қуану, тосын сый — керемет дүниелер ғой. Жасамаймыз, жасағымыз келмейді…
khairbek
жақсыдан үйрен жаманнан жирен
ал атырау да оспейды сирень
бірақ өседі кеше мен көргем
басым аурып тур бәлкім бұл мигрень

Korkem
қайдан ғана таувалдыз? Байқауға ешкім қатыспай қойды, бір-екеуден басқа)
Ademi
жеңімпаз — посттың ауторы
Ademi
Жомарт шығар мына посттың авторы
zhomart
Темекіні тастаңдар, шеккіштер!

о нооооуу ;-(((
Ademi
үйбәй, тартасың ба, інім?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.