Кездесу, кездесу, кездесу!!!

AitaberPress /
Құрметті алматылық айтаберліктер, Алматыға қонаққа келген айтаберліктер, кездесейік, танысайық! Студенттер орналасып, қаланың бұрыш-бұрышын да біліп алған шығар деген ниетпен, Сая, Зевсколармен ақылдаса келе, ADK ойын-сауық кешенінде жиналатын болдық.

Кездесу уақыты 5-қазан 18:00де. Келемін деушілерге бос орындықтар табылады. Уақытын келіспесеңіздер, пікірге ұсыныстарыңызды қалдыруларыңызға болады. Менде ноут+модем бар. Скайп, овво, +қа шығатын мүмкіндігіміз болмақ.

Келетіндер, пікірге «айғайлап» кетіңіздер.

17 пікір

qyrmyzy
Бәріңізді Сая мен Зевско күтіп алатын болады. Жарты сағатқа кешігіп барамын, ИНШ!
Aikona
Ертең келе алмайтынымды айтсам бола ма? Арғы күні әпкемнің тойына дайындалып жатыр ек…
qyrmyzy
Той? Керемет қой. Осы кезек босатам, келесіде сенсіз жиналмайтын боламыз;)
Ak123
АДК деген Сәтпаевтағы ма? Тошны айта алмай отырғаным… келуге тырысайын
qyrmyzy
Иә, Сатпаев пен ана бір көшенің қиылысындағы АДК-ның 2-этажында
qyrmyzy
Сен келмесең болмайды
Ak123
өйстіп сындырасыз ғо енд сіз)))
qyrmyzy
Келіңіздер! Танысайық! Тоғызға дейін ба отыратын боламыз.
qyrmyzy
әй, келіңдери
qyrmyzy
Келетіндер "әу" деп кетіңдерші
makpal
Барғым-ақ келеді, Айтаберге пост жазбағансың деп кіргізбейтін болмасаңдар,,
qyrmyzy
Келіңіз. Бізге тіркелмегендер де келеді. Күтеміз
makpal
Енді Саядан арнайы шақырту күту қалды… Рахмет
qyrmyzy
әй, келатсыңдар ма????
qyrmyzy
Мәулен мен Күншуақ келе жатыр!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.