Бізде ақша қырғын

AitaberPress /
«Жоғары, жоғары! Көтеріл, көтеріл жоғары! Тез-тез, жылжимыз әрі!» ©

Бұл қоғамдық көлікке мінетін жолаушының күнделікті еститін сөзі. Қоғамдық көлік… рас, таксимен жүргенге қарағанда ақшадан үнемділік бар. Бірақ! Соңғы уақытта пайдасынан зияны көптігін біразымыз білеміз, көріп те жүрміз. Осы турасында айтар болсақ…

1. Жаз мезгілі. Ми қайнатар ыстық уақыт. Мұндай кезде қоғамдық көлікке мінудің өзі мұң… Түрлі француз әтірлері мен адамның өз табиғи әтірі араласқанда… өзіңіз де біліп отырған боларсыз жағдайды. Жаз мезгілінде адамдардың біразы жеңі жоқ мәйкі іспеттес көйлектер, мини, жо-жоқ минидің миниінен жасалған шорты мен юбка, мойны (декольте) тым әріге кеткен кофталар… Несін айтасыз, түр-түрі бар ғой! Осылай киінген адамға өте сәнді де ыңғайлы болар бәлкім, бірақ сырт көзге тым оғаш көрінетіні анық. Қоғамдық көліктің өз аты айтып тұрғандай, «қоғамдық», онда жас та, кәрі де, кішкентай сәби де бар. Елестетіңізші: атаңыз не әжеңіздей адамның қарсы алдында мини юбка/шорты, ашық көйлек киіп отырған жас. Мұндайда ұяттың өзі ұялатын секілді. Үйдегі ата-ананы кінәләйін десең, баланың көңіліне қарап қалған оларда да жазық жоқ сынды. Әйтсе де, ескертіп, түсіндіріп, тәрбие беріп отыратын да сол кісілер емес пе еді?! Мақұл дедік?!

2. Лық толы көлік. Адамдар бірінің үстіне бірі орналасқан күйде бір аяқпен әрең тұрады. Сонда да жүргізуші тоқтайды, ал кассир адамдарды итеріп мінгізеді. Онымен қоса жылдамдықты көбейтіп, зуылдайтындары бар. «Жәй айда, мал не отын тиеп келе жатқан жоқсың!», «Дұрыстап жүргізсей, қалай-қалай айдайсың?!» деген ашулы дауыстар шығады сосын. Оған қайтарар жауап та дайын жүргізушілерде: «Бағдаршамда қызыл жанып қалды, сосын кенеттен тоқтап қалдық немесе алдымыздан мәшине шығып қалды», «Ұнамаса түсіп қалыңыз, таксимен барыңыз болмаса» деп өзіңе шапшиды. Бәрібір жылдамдықты түсірмейді, адамдарды өз көлігіне бірінші мінгізіп алу үшін, таласқа түсулерін жалғастыра береді. Ал, осындай жағдайда оқыс оқиғаға тап болса ше?! Кім жауап береді сонда?!

3. Мәдениетсіздік. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деп бекер айтылмаған. Тіпті, көлік ішінде ілініп тұратын:
«Түрегеп тұрып үлкендер,
Кіші отырған жараспас.
Тәрбие көрген ұл-қыздар,
Ізеттік жолға таласпас»
сынды өлеңдер де санаға кірмейтін болды. Мелшиіп отырып алатын, артқы орынға жайғасып, ұйқысырайтын жастар көбейді. Ата-әже, әке-анаңдай адам түрегеп тұрғанда саспай отыра беретіндерден ар-намыс жоғалған деп білем.
Жақында, көлік ішінде келемін, артқы орында жас шамасы 21-25 аралығындағы жігіттер отыр екен. Жолдан үлкен ер кісі мінді, қыз бала деп сыйлап, маған орын бермесе де, әлгі ағайға орын берер дедім. Артыма бұрылмай тұра бергем, әлгі жігіттер де қозғала қоймағандай болды. Мақұл дедік! Сәлден соң базар маңынан сөмкесін арқалап үлкен апай мінді, бірден артқы жақтағы жігіттерді көріп, орын берер деген ниетпен сол жаққа беттеді. Әлгілер тұрмаған сияқты, бұрылып қарасам, көзді жұмып, ұйықтап отыр екен. Болмаған соң әлгі апай: «Әй, тұрыңдар, мен отырайын!» деп дауыстағаннан соң, ұйқыларын ашып, біреуі қозғалды әрең.
Масқара жағдай, қанша жерден отырып келеді, ең құрығанда қалған 15-20 минутқа тұрып тұрса қайтеді?! Әлде ұятты жиып қойғанбыз ба?!

4. Қулықтар. Қазір көлікке адамдарды талғап мінгізетін жағдайға жетіппіз. Жо-жоқ, кастинг ұйымдастырып емес, көзбен бағалап. Егер сіз жас, дене пішіміңіз стандартты (90-60-90), әдемі болсаңыз, онда лық толы көлік сізге міндетті түрде тоқтайды. Ал, дене пішімі қисынсыз, түр-әлпетіңіз ашулы, жас шамаңыз көп болса, онда көлік сіз тоқтатып әуре болғанымен, қасыңыздан зу етіп өте шығады. Дәл солай, жүргізуші мен кассир де адам талғайтын болды, үлкен бір адамды мінгізгеннен, екі арық жас студенттерді мінгізген тиімдірек. Онымен қоса, оқушыларға тоқтамай кету тағы бар. Аяп кетесің оқушыларды, қыстың суығында бүрсеңдеп автобус тоқтатып тұрғанда, тоқтамай кететін арсыздар да бар! Болмаса, сабағына асығып тұрғанда, оларды итеріп: «келесіге мін!» деп, дүрсе қоятындар да кездеседі. Оххх, қатал жазаласа ғой!
Жолаушылардың қулығы да жоқ емес. Таңертеңгісін автобусқа мініп, қолында ең ірі деген ақшасын ұсынады кассирге. Азанымен оған қайтаратын ақша қайдан болсын?! Амалсыз төлетпей-ақ түсіреді, бірақ артынан біраз сөз айтып жібереді. Бірақ бұған да кассирлер шешім тапты: ірі ақшасын берсе де, әйтеуір ұсақтап, тіпті кейде кем беріп жібереді екен. Әйтеуір амалын табуда… Қырылса да, жұлысса да, ақшасын алып, бет бақтырмайтын кассирлерден не қайыр?!

5. Даңғыраған әуен бе, әлде айқай ма?! Азанымен даңғырлатып, адам түсінбейтін әуендерді қойып, жолаушылардың жүйкесіне түрпідей тиетіндер де баршылық. Одан қалды, өздерінің қыршыңқы сөздері де бар: «Төрге шығыңыз, етті сол жаққа беріватрқ!», «Залға көтерілсеңдерш, неғып тұрсыңдар кухняда?», «Рожки ғана бұл жерде, жоғары шығып ет жеңіз!» десе, кассир жігіттердің қыздарға тисетіні де бір бөлек. Ошым, сабақтан/жұмыстан шаршап шыққан адамның қалған 1-2 түйір жүйке талшықтарын көліктен түскенше тауысып бітіреді. Мұндай жағдайда оқуға/жұмысқа қайдан күліп барсын адамдар?!

Айта берсек тым көп. Түптің түбінде бәрі өзіміздің санамызға келіп тіреледі. Қоғамды құрайтын адамдар, сондықтан санамызды өзгертпейінше, бұл үрдіс жалғасын таба береді. Тағы бір оқиғаны айта кетейін:
«Бірде сабақтан шығып, үйге қайтпақ болып, қоғамдық көлікке міндім. Әдеттегідей, орын жоқ, түрегеп тұрмын. Бірнеше аялдаманы өткіздік, жолдан бір апай мінді, жасы 45-тен жоғары сияқты. Бәріміз тұрмыз, шамалыдан кейін әлгі апай «жүрегім, қысылватр, жүрегім, орын беріңдерші?!» деп қипақтай бастады. Бір кісі тұрып орын берді, бірақ әлгі апай «жүрегім, жүрегім» деп қысыла бастады, ауа жетпей. Дәл қасында тұрмын, апай дірілдей бастады, зәрем ұшып, қорқа бастадым. Қасымда тұрған апай екеуміз шошып кеттік, бір-бірімізге қарайластық. Бірақ ол әлі дірілдеп отыр, сөмкесін ашып: «валидолым қайда, валидол» деп қол-аяғы дірілдеген күйі сөмкесін ашты. Сөмкесінен бір дәріні алды да, аузына салып жіберді. Сол қолын беріп: «Қолымды уқалашы, қаттырақ қысшы» деді қасымдағы апайға. Көліктегілердің бәрі алаңдай бастады, қолын уқалап жатыр «қатты қысып уқалашы» дей берді әлгі апай. «Сөмкемді жапшы, сөмкемді, жабыңдаршы» дей бастады енді, қасында тұрған мен шошыған күйі замокты ұстап жаппақшы болдым. Сөмкенің замогын ұстап алыпты, жібермейді, бірнеше рет «Замогын жіберіңіз» дедім, болмаған соң, қолынан суырып алдым да, сөмкесін жаптым. «Қолымды уқалаңдаршы» дей берді, өзі қатты дірілдеп отыр. Қасымдағы апай маған да қолын уқалашы деген соң, қолын ұстап, мен де уқалай бастадым. Қорқып тұрмын, ойыма неше түрлі ойлар келуде. Апай басын терезеден шығарып алып, әрең тыныстап отыр. Болмаған соң орнынан атып тұрып, «мені апарып тастаңдаршы, комсомолға апарыңдаршы, такси тоқтатыңдаршы» деп абдырап жүгіре бастады. Ішімнен: «Таксиге қалай отырады мына түрімен, үйін қалай табады, одан да емханадан түскені дұрыс қой» деп қоямын, қорқып тұрмын әлі. Кассир: «Қазір тоқтаймыз, күте тұр» деп қайтарды, бірақ ол кісі әлі дірілдеп отыр. Терезеден басын шығарып, тыныс алуда, бізге қолын уқалата берді. Көлік ішіндегілер: «Су болса беріңдерші», бірі: «Емханаға жақындадық, сен одан да осы жерден қалып, емханаға бар» деді. Емханаға жақындағанда кассир: «Кел, осы жерден түс, емханаға бар, дәрігерлерге» деп еді, әлгі апай бірден тыныштала қалды. Таң қалдым, сәлден соң кассир: «Ол жаңа жындыханаға апаратын жолдың бойынан мінген болатын, өзінің сондай ауруы ғой» дегенде ғана ойыма сарт етіп түсті. Ақыл-есі кем жындыларға дәрігерді, емхананы айтсаң қатты қорқады, себебі жындыханада олар шулап, дұрыс әрекет жасамай қалса, дәрі егіп, ұйықтатады. Сондықтан оның да бірден тыныштала қалғаны сол еді. Орнында тыныш қана отырып, сөмкесінен тағы да екі дәріні аузына салды. Қасымдағы апай екеуміз шошыған күйі абдырап қалдық".
Өз аялдамамнан түскен бойы үйге асықтым. Ойым сан-саққа жүгіріп, қорқып қалдым. Бір жағынан денімнің саулығына шүкір айтып келем, шүкір!

Міне, мен көрген көліктегі оқиғалардың біршамасы осы, қарап отырсақ қоғамдық көлікте де күнде бір оқиға. Ойым: мейлі, басқаның кигенінде жұмысым жоқ, үйт-сөйт деп те айта алмаймын, бірақ алдағы уақытты да ойласақ. Ыстық деп тым ашылып киіну де қауіпті, қыз балаға тіптен… Оны айтып түсіндірудің қажеті жоқ деп ойлаймын, білесіздер. Үйт-сөйт деп ақыл да айта алмаймын, бар болғаны нәпсінің жеңуіне өз қолымызбен жол бермейікші.
Ашуға ерік бермей, сабыр сақтауға тырысайықшы, айқай-шумен ештеңе де шешілмейді. Бір-бірімізді сыйлап, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетейікші. Сондағысы автобуста бір 15-20 минут қана түрегеп тұру, есесіне үлкеннің батасын аласың. Өзгенің орнына, өзімізді қойып түсіне білейікші.
Қулыққа, әдепсіздікке жол бермейік, үлкендерді жалғыз өзін жібермейік. Оларға жалғыз жүру қиын, қасына қамқоршы керек. Сыпайы болуды үйренейікші. Алысып, жұлысып, бір-біріміздің жүйкемізді тоздырып жүргенде уақыттың өткенін де білмей қаламыз. Бағалайық!

Пы.Сы. Көпәріпті оқысаңыз ғана, тақырыпқа сай пікір қалдыруды сұраймын. Рахмет!

54 пікір

seit_96
соңғы әңгімең қызық екен
VVVWWW
Ия, дұрыс айтасың, бәрі де өзімізге байланысты ғой (мен де осыған ұқсас жазба дайындап жатыр едім, реті келсе жариялармын).
Тек қана қоғамдық көлікте ғана емес өмірде де солай болайықшы деп қойсайшы (барлық жерде дегенім ғой).
Мә мен сізге енді жақша қоймаймын деп айтқам екен ғой (өткендегі жазбаны айтам) Ренжімеңіз енді, артық жақша қойып жатырсам (уәдеге тұру керек деейінбе )
AKA
Да? Солай ма?
VVVWWW -2
nuke -1
Mikhail -1
asetatabalasu -1
qyrmyzy
тфа-тфа, кептелісі болмаса, андай* оқиғаларға нетпеппін. Сосын отыруға да тырыспайды екем… арман ғой:) Әйтеуір кептелістен қашып, ерте шығып, кеш қайтатыным болмаса…
dimash
енді сендердің 22-щі маршруттарынды Шумахердің шәкірттіре айдап жүр ғо) Ондай ондай мен күнде мінетін 10-ші маршруттада болады)) Сосын хорошо что барарда үнемі алдында отырамын, мыжылыватқан арттағыларға қарап аяйсын, бірақ не амал.
1. — Көтеріліндер, көтеріліндер! Көтерілсендерш!
— әй көтерілетін лесница көріп тұрғаным жоқ, о нес-ей!

2. — Түсетіндер проезд дайындап тұрындар, артта түсетін болса орын алмасып жақындай беріңдер!
— кім менімен орын алмасады :))

— Қай жақтан түсесіз?
— Үй жақтан…

Деп кассирлердің де шамына тиіп қоямыз ғо өзіміз де) Оларды да аяйсын, әркімнен 50 теңгелеп ақша жинау да оңай емес шығар.

Бұларды қойш...
Ең жаманы сабақтан кеш шыққанында (қыстың күндері) жарты саған бойы тісің-тісіңе тиіп маршрут күткенінде, оның үстіне ол лық толы, тоқтамай өтеді, жылағың келіп кететі ғо тоңғаннан. Орданың ауа рай да қызық-қызық, жазда ең ыстық көрсеткіш, қыста тағы ужыс суық)
Егер айын оңынан туып тоқтай қалса қалай да анау маршрутқа сиясын ғо))) Мейлі кассирдің өзі әрен тұрса да, еігі әрең ашылса да, сіз айтқандай, әтір исі болмақ түгілі басқалай иіс болса да үйіңе қайтып бара жатқанға мәз болыыыып))
Корустан үйге дейін 500 тг таксимен, оны күнде қалай таба бересін, кейде маршрут күтіп тұрғандардың арасынан өзімнің тұратын жерге баратын бірнеше адамды жинай бастайсын, табылып жатса бірігіп таксимен қайтасын, бірақ табыла да бермейді көбіне.
Көлігі бар үйжағыма жақын тұратын досым да басқа группа болған сон сабағы әр уақытта.

Саған сосын қайтарда жақсы ғо, АКА, 5-ші корпустан 22 де 10-ді адам аз болып келеді, Мен сабақтан кеш шыққан кездері сраз универсамға қарай тартатынмын, әйтпесе акимат или кинотеатр жақтан мінуіме үміт аз))

Сосыыыыын, сенің мінетін 22 барлыға да микроавтобус емес па, менде ғо көбіне газель… Тұрып тұрсан да жөнді тұра алмайсын))

Әйтеуір бұл приколдар артта қалды ғой, көбіне практика, оған тура 8 де бару керек деген қатып қалған қағида жоқ, кеде 2 де, кейде 10 или 11, ол кездері адам көп болмайд)

Жақсы тақырып қозғадың негізі, сосын наушник киіп алып артта түк білмегендей отыратындардың бір мен шар, қашанға орын бере бересін, бой да қысқа емес тұрып тұратын, өзім де жас та емеспін :))
AKA
22 маршрутқа мінетінімді жазбаған ем… А так 13 керемет! :)) 22-ші маршрутқа тек амалсыздан мінем ше, бірақ қазір курсқа барарда түстен кейін онша адам болмайды. Отырмасаң да, әйтеуір тұрып тұруға ыңғайлы. Түсте оқымайтыныма да риза боп жүрмін. :) Иә, мен де үй жақтан адам іздеймін, бірге баратын, бірақ жоқ. Көбіне сол 13-ке мінемін, газель мен мерс саны бірдей, бірақ газельді жіберіп, мерсті күтіп тұра берем, асығыс болмасам. :) Ойй, ошым көп айта берсе, әдейі ерте шығамын сабаққа, әйтеуір үміт бар сыйысып баруға. :)
Күнде маршрутқа мініп, бір жаққа баруды 10-сыныптың соңында бастадым, оған дейін білмеппін. :)
Madi
4.Қулық.
Алматыда 1 курста 118 автобустың конечныйы Қалқаман жақта болатын.Сол кезде студенттердің барлығы соңғы орындарға жүгіретін.Ішінде мен де бармын.Әйтпесе, 1 сағат қаланың ортасына жетіп көр тұрып
.
Зато ешкімге орын бермейді ғой.:)))
AKA
Жо-жоқ, үлкендер төбеңде тұрып, ал сен жап-жас болып отырсаң ыңғайсыз ғой. Ал, басқа жағдайда бола береД. :)
Korkem
Жақсы айттың.

Шымкентте мен баратын жерлерге көбіне дәу-дәу икарустар жүреді, түүү аяғына барып отырып алсаң болды, ол жаққа есіктен кірген үлкендердің баруы мұң, шақырсаң да келмейді. Ыңғайсыз жағдайға түспес үшін, қаланы айналып жүрем десе де сондай ұзын автобустарға мінгенді жөн көремін.)))
AKA
Иә, иә, мен де сол асықпай бостауын күтіп тұра берем, қалғандарын өткізіп. Ал, сабақтан қалмау үшін кейде толы болса да сыйысуға тырысасың, амалсыз…
pana
көп нәрселер есіме түсіп кетті...қызым алдыма отыр дейтін апалар)) газельге үш-төрттің кезінде мінетінмін, ал былай таңертең колледжіме 18-бен баратын едім, соңғы аялдамасы «западта», жақсы ед,
Jako
Көп жылдар болыпты автобустың ішін көрмегелі. ЛАЗ, ЛиАЗ, ИКАРУС дегендердің ішінде бірді-екілі мінгенім бар еді, ол кезде абономент, компостер дегендер болатын. Казіргі Галель,қытайлардың ішін бір көру арман болып жол түспрей жүр еді, сендердің сөздеріңнен қорқып қалдым. Кіре қалсаң орныңды тартып алмаса орын беретіндер жоқ сияқты ғой.
AKA
Иә, сол ғой айтатыным, қазір үлкендер де білетін болды әдейі ұйықтайтын жастарды. Әдейілеп дауыстап орын сұрамасаңыз, отыра беретіндер көп.
AL-ASTER
Бізде қала кішкентай. Жаяулатып тарта беремін. Бір-екі аялдама үшін тиын шығындалуды жөн санамаймын. Жолда келе жатып дүкендерге кіре шығып, жаңа түскен тауарлармен танысып қайтқан ұнайды. Әсіресе техника дүкендеріне кіріп қарап қайтқан жақсы.
Баяғыда бір амиго кәрілерге орын бермгісі келмей өтірік көзін жұма салған ғой, шын ұйықтап кетіп соңғы аялдамадар бір-ақ шығыпты деседі.
Автобусқа отырғанда көп жағдайда кондуктор ақша алмайды.
Бәлен жыл автобуспен жүрген адам кондукторлардың психологиясын жаттап та алады (тиісінше кондукторлар төлемеген адамның сықпытын бірден тани алады). Жәй өзіме ұнайды төлемей анда-мында жүре беру. Басқа айтар жоқ.
AL-ASTER
Бірде үш бала бассейннен қайтып келе жатқанбыз (шамамен 6 сынып). Қарын ашып барлық ақшаны тамаққа кетіріп, жолға ғана тиын қалды. Автобусқа отырдық. Төлейтін кезде мектептен анықтама көрсеттік, арамыздағы бір балаға сенбеді, денесі ірі әрі фотосының жанындаңы таңба зақымдалған ба, сондай бір кемшілігі бар. Сосын кондуктор ит терісін басына қаптатып, түсіріп жібермесі бар ма, бірге түсіп кеттік. Әлгі бала автобустың маршрут нөмірін ала түсіп, қақ бөліп кондукторға лақтырғанда қаша жөнелдік. Қарын ашып гаршап келе жатқан естен шығып, аяқ аяққа тимей зытып кеттік.
banzaika1990
кейбір кондукторлардың тым артық кететіні бар. Студенттік проездноймен жүргенде осы оқу жылына мөр басылған да, семестрге допускің бар ма, декан қол қойған ба бәрін тексереді ғой тұрып ап
AKA
Жаяу жүрген жап-жақсы, бұрын сөйтетінмін. Қазіргі үйімнен универім тым алыс, қоғамдық көлікке жүгінемін.
banzaika1990
Студент кезімде автобуспен жүргенде проблема болып көрген жоқ. Сабаққа барарда «конечныйдан» даңғыраған бос автобусқа отырамын, ең түбіне кіріп ап құлағыма наушнигімді тағып ап бір сағат ешкімде шаруам жоқ терезеге қарап отыра беретінмін. Қайтарда да автобустың аяқ жағына өтуге тырысамын.
Маршрутқаларға мүлдем отырмауға тырысамын. Маршруткада кептеліп, елдің ұрыс-керісін тыңдап басты ауыртқанша барар жеріме уақытынан ертерек шығып асықпай автобус тосып кең молынан жүргенім жақсы.

Былтыр қыста бір оқиға болды.
Бастауыш сынып оқушысы мектептен үйіне қайтуға автобусқа отырады. Кондукторға ақша төлейін деп қалталарын қараса тиынын таппай қалады. Бір жерде түсіріп алған болуы керек. Содан не керек әлгі кондуктор оқушы баланы келесі аялдамадан түсіріп жібереді. Амалсыз әлгі бала қыстың қақаған аязында үйіне жаяу қайтады. Сол күні кешкісін ақ әлгі бала ауруханаға түседі. Бірнеше жерінен үсік шалған.

Кейбір апа-аталарымыз үлкен үлкен дорбаларымен жүреді. Багажға да ақша төле деп кондуктор апайларымыз жағаларынан алып жатады. Өзіне жетерлік қана тиыны бар ол кісілер де амалсыз түсіп қап әрең жаяу тыртыңдап кетіп бара жататын кездер болады.
AKA
Өзгеге төлеу салу болады менде. Кейде сондай ұрыс үстінен түсіп қалсам қалтамнан ақша шығара саламын, түрлі жағдайлар болады ғой. Ал, оқушыларға қорлық көрсететіндерді жек көрем, оларды сүйрелеп, ұрсып, түрткілеп бітеді мінген құрлы…
Jako
Негізі балалардың тегін жүргенін қалар едім. Кімнен сұрасаң да (автобус жүргізушісі, билет тексеруші, жолаушы, заң шығарушы)балалар үшін өмір сүріп жүрміз, солер тоқ болсын, солардың киімі бүтін болсын, солар жаурамасын, жаяу жүрмесін деп жүрміз дейді
да, балаларды автобустан түсіріп кетеді.
dimash
Балалар тегін жүру? МҮЛДЕМ болмайды, 20 теңгеге бола ма деп тоқтамай жүргенде тегін болса ваще тоқтамайды сосын.
Jako
мен моральдік тұрғыдан айтқан көзқарасым ғой.
dimash
Осы айтылған/жазылған/оқылғандар сайттан әріге жетпейді ғой, нені көпіріп айтсақ та, шимайлап жазсақ та.

Қызылорда облысының әкімдігінің сайты на кіріп, барлығымыз сонда жаппай жазайық та, мәдениетті түрде.
22,10,16 маршруттарға студенттер симай жүр деп қосып қойсақ, жаппай жазсақ әр жерден, бәлкім результаты шығар :)
AKA
:))))))))))) сендірмеңізші мені Иә, сондай жағдай, халық үлкен автобус беріңдер деп айтып шаршады… Шет жақтағылардың жағдайы бұдан мүшкіл((
ereke_enu
Бірақ бар ғо, Қызылорданың халқындай қарапайым, кеңпейіл кісілерді көрмедім.
ereke_enu
Болдым, болдым)) Содан бері осындаймын деп па)
AKA
Дұрыс қой, пыроста бізде халық аңқылдап қалған, аңғал һәм көнбіс. Шымкентке де әңгіме жоқ, айырмашылығы: онда сауда бар, сауда бар жерде… Ошым, қонақжайлылыққа таңертеңгісімен тортын пісіреп әкелген Көркемді мысалға алып, мақтана алам. А так қонақжайлылық қалаға бөлінбейД та :)) ол қазақтың қанында бар. Осы жерде трайбализмнің мойны қылтиып шықпай тұрғанда аптуысқа мінейік. :)
Ademi
Алматыда өміріңнің жартысы пробкада өтеді.
ereke_enu
Онсызда Әдеміге сұлулық салонына барып не керек?)
Ademi
интернетте
ereke_enu
Автобустың үлкенін бердік, Метро дедің метро бердік. Үнемі бірдеңе жетпейді осы алматылықтарға(( Астананы Ордадан ауыстырмай-ақ қоюым керек едіНұрекең ашу үстінде)
Ademi
көшені үлкейту керек, болды!
dimash
Сон айтам, ауыстырмағанда ғой :)) Сыр дарияны толтырып, ағаштарды көбейтіп, Аралда қалпына келтіріп, Байқоңырды… мяааа болмайды екен, ауыстыратындай да бар ғой…
(негізі басқаша жазамын ба деп баста едім..)
Үлкен ПЛЮСІ, Орданың, Қазақ тілі жоғары дәрежеді, алдында министірлер де айтып еді ғой, жаңалықтан көрсетіп, қақаз тілін білмейтін басшыларды Қызылордаға апарып үйрету керек деп, іс қағаздар қазақша ғой бірде, ну көп жағдайда)
Aikona
автобустардан шаршадым шын
zhomart
Сақырлаған 43-ім аман болсыншыы, әйтеуір
MSHERIMBEK
Тасбақа 27 нөмірлі қызыл автобусыма құдай қуат берсін. бір дөңгелегі жоқ болса да жүре береді:)
pari
Азанымен даңғырлатып, адам түсінбейтін әуендерді қойып, жолаушылардың жүйкесіне түрпідей тиетіндер де баршылық
дәл айтылған!
Бірде қалада маршрутқа міндім. Сома не керек. Жүргізуші музыка қосты. Музыка қазақша болса екен, жоқ адам түсінбейді. Сосын орта жастағы бір апай айқайлады. Таң атпай не қосып қойғансыңдар не қазақшасын қосыңдар не өшіріп тастаңдар деген. Содан жүргізуші өшірген жоқ қазақшаға да қойған жоқ тек дауысын басып қойды. Сыйластық қайда?!
Қысқасы сіз жақсы жазыпсызз. Барлығыды ащы шындық!
pari
мен шүкір етемін-ау өйткені жаспын. Үлкен апайлар қазақшаға қой деп тұрғанда жасағаны осы ма?!
«Үлкенге құрмет, кішіге ізет»
dimash
мынау суретті тағы есіме түсіндің
AKA
Ұжыс, Димааааааааш! :)
dimash
мм
AKA
бәрің, көңілің, беретің, кететің
Шатасып кеткеҢ жоқсыз ба, әпше? СіздіН пікір қашаҢ да жақсы ғой.
mairosh
мухахах жаздымда өшіріп тастадым гүәә
khairbek
АНА жыгыт қай аялдамадан туседі екен а? дәл солай сонына дейн барса Геморрой заработать етып алу қаупі бар
MSHERIMBEK
еріксіз құсбегі быраттың бір сөзі ойыма оралып отыр:)
khairbek
Бүгін сағат 6 шамасы
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.