Шымкенттен бастау алып жатқан "Жас кәсіпкер мектебі" "Даму" жастар қоғамдық бірлестігі.

AitaberPress /
Құрметті Айтаберліктер мен бүгін "Жас кәсіпкер мектебін" тәмамдап арнайы сертификатты алдым. ОҚМУ-ғимаратының конференция залында бүгін арнайы құттықтау шарасы өтті. Екі аптаға жалғасатын бұл мастеркласта Жас Кәсіпкерлерді арнайы Бизнес саласы бойынша оқытып өзінің жобасын жүзеге асыру мақсатында Самұрық Қазына, Даму Кәсіпкерлікті дамыту қорының басшылығымен және оны іске асырушы Даму Жастар қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Осы арнайы ұйымдастырылған екі аптаға жалғасатын мектепке 18 жастан 29 жасқа дейінгі жастар өздерінің жобалары болса Бизнес психологиясы, Маркетинг, Бизнестің юридистік аспектісі, Бизнес жобалау, Бугалтерлік есеп, Бизнестегі менеджмент, ҚР Салық салу, Бизнес және ИКТ, Инвестициялау, Time-менеджмент сабақты тегін үйретеді. Әр сабақ 4-6 сағаттан екі апта бойы күніге сағат 16,00-ден 20,30-ға дейін болады. Арасында тегін Кофе брейк бар. Әр тақырып бойынша өз ісінің нағыз мамандары білікті ұстаздар тегін сабақ үйретеді. Мұнда қалай салықты қалай тиімді төлеу, Бугалтерлік есеп, заңдарды үйретеді. Келесі қазақ группасы 29-шы қазан күні бастау алады. Егер сіз Шымкент қаласында тұратын болсаңыз немесе Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын болсаңыз өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді әкеліп жазылып тегін сабақ алуыңызға болады. Соңында Бизнес жопарыңызды ұсынып, ол Бизнес жоспарыңыз тиімді болса осы ұйымның тағайындаған арнайы грантын ұтып алуға болады. Грант саны 50. Әр грантқа 3 000 000 теңге көлемінде сияқы тағайындалған. Яғни 50 адам 3 миллион теңгені ұтып ала алады. Естеріңізге сала кетейін сияқы қайтарымсыз, яғни сіз өз жобаңызға бөлінген қаражатты 3 миллион теңгені іске асырып жобаңызды бастап кетсеңіз болады. Мен бүгінгі болған арнайы марапаттауда осы Жас кәсіпкер мектебінің қатысушысы болып арнайы Сертификат алдым.

Өздеріңіз білетін Сұрақ-Жауап сайтын істеп жатырмын. Оған арнайы жарнама агенттеіктері менің сайттың егесі ретінде Жеке Кәсіпкер екенімді растайтын құжаттарды сұрады. Ал ол құжаттарды қолдану кезінде көптеген қиындыққа тап болдым. Оның барлығы осы Бизнестегі білімсіздігімнің арқасында. Енді міне осындай шараның арқасында мен өз жобамды ары қарай дамытып алып кете алатын боламын.
Қапы қалмай осы арнайы тегін курсқа қатысып жеке жобаңызды іске асырып еліміздің экономиксын ары қарай жастар болып бірлесіп дамытайық.
Ал енді арнайы шарашадан телефонға түсірілген суреттер.







p.s. Кейін сапалы суреттермен жаңартатын боламын.
p.s.s. Қап осы бір ақшамды жинастырып немесе СЖ-дан қаражат түсіп жатса арнайы профиссионалды фотоапарат алмасам болмай кетті :)

11 пікір

qyrmyzy
Күштіііі, қап-ай:(((( Көркееем, қатысшыыыыы. Ербол, саған қаражат берді деген ойламын.
User
Canon 600d қайда сонда?
Abylai
Ал құтты болсын, жемісін көр, жеке кәсіпкер. Грант жеңіп алуыңа тілектеспін. СЖ жасасэн
Jako
Ниетіңе жетуіңе тілектеспін!
pari
Құтты болсын, ағасы:)
Болашағы бар азаматсызғо! Тек алға!
Delfina
Құтты болсын Ербол!
Осылай осылай енді биіктерден көріне бер.
Aikona
Ербол, Жалғасты тыңда ))
beko
Құтты болсееееен, Ерболентоо.
Қатысайық жастар, бұл керемет мүмкіншілік. Кері ойларыңызды жиыстырып, бір барып көрсеңіздер болғаны. Тағы айта кетейін, бұл керемет мүмкіншілік, барсаңыздар қапы қалмайсыздар(бұл сөзді, бұл өмірде шынымен бір(немесе бірнеше))) нәрсеге жеткісі келетін адамдарға айтылған).
Сенің көтерілуіңе сапалы білім алуға тегін оқу, тағы қолдап тұрған адамдар, үкімет болса НЕГЕ БАРМАСҚА?
Басқа қаладағыны білмедім, ал шымкенттегі мекенжайы керек болса, жекеге жазарсыздар.
Сіздерге айту біз үшін, жаңа идеямен танысу, мүмкінде ары қарай бірге ойымызды іске асырармыз кім біледі…
Іске сәт, барлығыңызға.
uldana_91_91
кәсіпкер мектебі туралы толық ақпаратты немесе мекен жайын айдан алуға болады
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.