Қазақстандықтар күніне 42 жылдық видео тамашалайды

AitaberPress /
Қазақстанда шамамен 9 000 000 ал санаңдар қанша нөл екенін адам интернет көмегіне жүгінетін көрінеді. Бұл туралы бүгін Алматыда Megogo.net онлайн кинотеатрының бас директорының орынбасары –Иван Шестаков Megogo.net онлайн кинотеатрының таныстырылуына арналған баспасөз конференциясында мәлім етті. Қазақстанға жаңа келген Megogo.net легальды онлайн кинотеатры туралы біріміз білсек біріміз біле бермейтін болармыз. Украинаның Киев қаласында өмірге келген онлайн кинотеатр Қазақстанның интернет қолданушылар түралы біраз ақпарат айтып берді.
Ресми түрде Қазақстан және басқа да елдер аумағына тарау құқығына 2011 жылдың 21қарашасында ие болыпты. Megogo.net онлайн кинотеатрының Киев қаласындағы өкілі Александр Мыкалдың айтуынша, аталмыш сайт бұрынғы КСРО мемлекеттері территориясында қызмет көрсететін жалғыз легальды онлайн кинотеатр.Қазіргі таңда Украина Ресей, Қазақстан, Грузия, Таллинге таралып үлгеріпті. Бұл сайттың архивінде 20000 сағаттық видео, 13млндай көрермендері бар көрінеді. (Googleanalytics- тің қыркүйек айындағы мәліметтері бойынша)



Кинотеатрдың Қазақстандағы көрермендері 600000 адам, яғни ресурсты 17 млн рет қарап шыққан.
Онлайн кинотеатрдың киевтегі таныстырушысы Александр Мыкал мұндай көрсеткіштер мықты серіктестердің арқасында дейді. Айтпақтай бұл сайттың демеушілері — Қазақтелеком мен Beeline байланыс операторы.
Онлайн кинотеатрдың директорының орынбасары Иван Шестаков мына бір қызық мәліметті айтты.
Қазақстанның тұрғындары күніне 42 жылдық видеоны тамашалайтын көрінеді.

Бұл сайт үлкендермен қоса, балаларға да арналып жасалған (таңғаларлық жайт емес). Десе де балаларға тек қана мультфильмдерді тамашалай алатын көрінеді. Үлкендерге арналған киноларды көруге өтіп кетпеу үшін кіру құқықтарын тежеп тастайды екен. Осы ұнады. Ең көп тамашаланатын 3 кино ретінде мыналарды атады:
1.Супермайк
2.Ищу друга на конец света
3.Три метра над уровнем неба.
Сайтты Қазақстан бойынша 100%-ға шаққанда Алматыда тек 28% ғана қолданады екен. Қалған облыстардың көрсеткіші тіптен төмен.

Р.S: Сіз бұл сайтты білетін бе едіңіз?

12 пікір

ZevsKO
мынадай 9 000 000 Айтаберде қашан болады екен?
qyrmyzy
;))))))))))))))))) 9 000 000 флудерлер мен трольдар ма?
ZevsKO
аха сосын посттар
Jako
Негізі megogo.net/ru сайтпен таныспын, бірақ қолдана бермеймін.
ZevsKO
сізге ұнамайды ма? әлде онлайн кино тамашаламайсыз ба?
Jako
Негізі үйреніп кеткен болар kinotop.kz/ осы жерден қварап тұрамын киноларды.
ZevsKO
сізде мегалайн проводной модем ба әлде уай фай ма?
Yasin
танысқаныма біраз болды кино көремін
ZevsKO
Ясин аға жылдамдығы қалай өзінің? мен таныс болғаныма біраз уақыт болғанымен кино көре бермеймін. сапасыздау сияқты көрінеді
Yasin
қазір кино көріп отырмын Сарыағашта норм істеп тұр
Zhanat
блог әлеміне келмей тұрғанда жиі кіріп кино көріп тұратынмын. қазір пікір жазып, блоктарды оқып болғанша уақытым кетіп қалады. негізі жақсы сайт
ZevsKO
аа киноны осы жерден кору керек екен ғой…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.